Дəріс. Конфликтологияның басқа пəндер арасында алатын орны. Конфликт ұғымы. Мақсаты



бет18/20
Дата23.02.2023
өлшемі260 Kb.
#169913
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Лекции 1-15 конфликтология

Басқару себептері: Оптималды емес қате шешімдер; басшы тарапынан бағыныштыларға деген шектен тыс қамқорлық пен бақылау; басшылардың кəсіби дайындықтарының жеткіліксіздігі; орта жəне төмен звенолардың басшыларының еңбектерінің төмен престижді болуы; қызмет жүктемесін теңсіз бөлу; еңбекті ынталандыру жүйесінің бұзылуы.
Тұлғалық себептер: Қарым-қатынас мəдениетінің төмендігі; бағыныштыларға қатысты өз міндеттерін дұрыс орындамау; басшының өз беделін мойындатуға тырысуы; басшының басқарудың тиімсіз стилін таңдауы; бағыныштыларға қатысты кері бағдар; басшы мен бағынышты ароасында қарым-қатынастың ауыр болуы; өзара əрекетке қатысушылардың психологиялық ерекшеліектері.

    1. Басшы мен бағынышты арасындағы қатынастардың конфликтісіз болуына келесідей жағдайлар ықпал етеді: ұйымға мамандарды психологиялық таңдау; адал ниетпен еңбек етуге деген мотивацияны ынталандыру; іс-əрекетті ұйымдастырудағы əділеттілік; барлық тұлғалардың қызығушылықтарын ескеру; олардың мəселесіне қатысты барлық мəліметтерді уақытында хабарлау; еңбекке қатысты өзара əрекетті «бірлесіп еңбек ету» типі бойынша ұйымдастыру; басшы мен бағыныштылардың жұмыс уақытын оатималдандыру; инициативаны мадақтау, перспективалы өсуді қамтамасыз ету.

- бағыныштылармен қарым-қатынаста негативті эмоциялардың көрініс берулерін шектеңіз; - бағыныштылардың құқықтарын сылаңыз.

    1. Бағыныштылармен болған конфликтілерді конструктивті шешуге арналған ұсыныстар:

• конфликтідегі өзінің талаптарын аргументтеу, оларды құқықтық нормалармен бекіту;



  • конфликті кезінде бағыныштыларды тыңдай білу – қажетті мəліметтер алуға мүмкіндік береді;




  • бағыныштылардың іс-əрекеттерін реттеу;

  • конфликтілі диалогта бағыныштыға дауыс көтеру дұрыс аргумент емес екендігін есте ұстау;

  • басшының дөрекі болуы оның ситуацияны басқара алмайтындығының белгісі;

  • қарым-қатынас мəдениеті- «Сіз» ден «Сен» ге өту бағыныштыны төмендету болып табылады;

  • қажет кезінде компромиске бару;

  • өзінің қателігін саналы түсінгеннен кейін оны көпке созбай, мойындаған жөн, қажет болса бағыныштылардан кешірім сұраған орынды;




  • конфликтілі басының əрқашан жаман басшы бола бермейтіндігін ескеру.

Бақылау сұрақтары:



  1. Басшымен конфликті кезінде бағыныштыға қандай ұсыныстар берер едіңіз.

  2. Конфликтіге қандай тұлғалық сапалар ықпалын тигізеді жəне неліктен?

  3. Басшы мен бағынышты арасындағы объективті себептерді ашып көрсетіңіз.

  4. Субъективті себептері неде?

  5. Басшы мен бағынышты арасындағы конфликтіге байланысты кез-келген тренинг дайындап келу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет