3.2Сурет – жылудың пәтерлік қатар қолданылған, ыстық сумен жабдықтау: 1 – асханалық плитаны бекітіп тастаған, су жылытқыш; 2, 8 – ыстық сумен жабдықтау жергілікті отопления қуламалық бағыты; 3 – кеңейтілген бак;4 – су құбырының суы; 5 – теңестіруші бачок; 6 – кең мөлшерлі су жылытқыш; 7 – бөліп тұратын құбыр; 9 – кері сызық Орталықтандырылған ЫСЖ-дың ерекше сипаты болып ыстық суды пайдалануға
үздіксіз беріліп отыруы болып табылады.
Ыстық суды жергілікті немесе орталық жылу бекеттерде дайындау кең таралған.
Олардан су ЫСЖжүйелеріне жіберіледі.
Ауылдық жерлерде және қала үлгілік кенттердің тұрғын ұйлерде ЫСЖ ас бөлмелердегі ошақтарға орнатылған кішкене су жылыту котельдерін қолдану арқылы пәтер жылыту қондырғыларымен біріктіруге болады.Котельде жылытылған су 2 және 8 құбырлармен жылыту үшін көлемді су жылытқышта (6) ағызылады. Суыған су құбырлармен (9) жылытылу үшін қайтадан котельге жіберіледі. Суық құбыр суы құбырмен (4) шарлы кран арқылы теңгерме күбігі (5) құйылад, одан ыдысқа (6) ағызылады.Жылытылған су көлемді су жылытқыштан (6) құбыр арқылы (7) ыстық су пайдалану нүктелеріне жіберіледі.
Пәтерді жылыту жүйесі әдетте кезеңмен қысқа уақыт мерзімінде жұмыс істейді. Жылыту жүйесіндегі суды жылыту жағдайдағы температура төмендеген сайын жүзеге асырылады.
Осыған байланысты үздіксіз ыстық сумен жабдықтау (3.2 сурет) үшін аккумоляторлар орнатылады. Аккумолятар жақ болса су пайдалану нүктелеріне ыстық суды жеткізу тек ас бөлмесінің пешін жағу кезінде ғана мүмкін. Суды пайдалану кезінде көлемді су жылытқыштағы ыстық су тұрақты денгейді автоматты түрде ұстап отыратын шарлы кранды күбі арқылы құбыр суымен толтырылып отырады.
ЖЖБ-нан ЫСЖ негізінен аудандық немесе кварталдық жылумен жабдықтау кезінде
ұйымдастырылады. Жергілікті ЫСЖ жүйелер несиесі әр түрлілігімен ерекшеленеді және ғимараттардын неге арналғандығына және өлшемдеріне жылулық жүктеменің бағытты сипатына және де басқа факторларға тәуелді, f B тұрақты және көп су пайдаланатын монша – кір жуу шаруашылытарына және соған ұқсас кәсіпорындарда ең қарапайым және арзан жоғары тармақты және аккумоляторлы тұйық кестелер тарлған (II 1.3 сурет).Мұндай жүйелерде ыстық су пайдалану басталғанға дейін алдынала дайындалады. Аккумолятордағы судың үлкен қоры суды пайдалануда ұзақ үзілістер кезінде жоғары температураны сақтауға мүмкіндік береді.Мұндай кестелер сонымен қатар кезеңді су пайдаланылатынкішкентай азқабатты тұрғын үйлерде қолданылады.
Ыстық суды тұтынуда біркелкі жоқ және аккумоляторсыз үлкен тұрғын үйлерде тұйық тармақтау рұқсат етілемейді, себебі су пайдаланудағы ұзақ үзіліс судың шамадан тыс сууына және оны ағызып тастауға қажеттілік туғызуға әкеп соғуы мүмкін. Тасмалдау құбырындағы судың сууын жергілікті жүйеде жылу тасмалдағышты үзілісіз немесе қысқа уақытты табиғи немесе күштеп айналдыру арқылы алдын алады. Табиғи айналдыру жоғары тармақталған жүйелерде ең көп әсерлі болады, себебі тұйықталған контур жасау арқылы үнемі істейтін айналу табиғи жолмен жасалады. Судың табиғи қозғалысы ыстық және суыған судың тығыздығының әр түрлілігі есебінен пайда болады. Әдетте жүйеде су тығыздығының айырмашылығы көп болмайды, сондықтан айналымға қажетті қысым тік құбырды тианақтап, жылы орап және тармақталған 3, 4, 5 құбырлары ораусыз жүргізу арқылы жасалады. Нәтижесінде контурдағы су температураларының айырмашылығы (жылытқыштан шығатын және оған кіретін кезде) максималды көрсеткіштерге жетеді.
Қолданылатын әдебиетер:
1 Немцев З. Ф., Арсеньев Г. В. Теплоэнергетические установки и теплоснабжение. - М.: Энергоиздат. 1982
2 Голубков Б.Н., Данилов О.Л., Зосимовский Л.В. и др. Теплотехническое оборудование и теплоснабжение промышленных предприятий.- М.: Энергия, 1979г.
3 Козин В. В. и др. Теплоснабжение. – М.: Высшая школа, 1980 г.