Дәріс литосферның химиялық экологиясы литосфераның құрылысы және химиялық құрамы



бет17/22
Дата07.02.2022
өлшемі263 Kb.
#82609
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
лекция 5

Механикалық эрозия – топырақтың өздігінен қалпына келу қабілетін ескермей ауыл-шаруашылық техникалардың ауыр түрлерін пайдаланған жағдайларда қалыптасады. Бұл кезде топырақтың құрылымы бұзылады, физикалық қасиеттері нашарлап, биологиялық белсенділігі әлсірейді.
Еліміздің белгілі топырақтанушы ғалымы Р. Д. Жанпейісовтың мәліметтері бойынша республикамызда жел эрозиясына (дефляцияға) шалдығу қауіпі бар жер ауданы 75 млн. 997 мың гектарды құрайды. Оның ішінде 10 млн. 736 мың га карбонатты, 24 млн. 361 мың га «жеңіл» гранулометриялық құрамды топырақтар және 24 млн. га құмдар. Су эрозиясына шалдығу қауіпі бар тау беткейінің, қырат жерлердің ауданы 50 млн. гектардан асады. Бұл жерлер, әсіресе, Қазақстанның таулы аймағында мол кездеседі. Осы топырақтардың экологиялық қызметін сақтап қалу үшін оларды қатерлі құбылысқа шалдықтырмай, топырақты дұрыс пайдалануды жүзеге асыру бүгінгі күннің негізгі экологиялық мәселелерінің бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет