5.2 Жер қыртысындағы элементтердің геохимиялық классификациясы
Элементтерді геохимиялық жіктеудің бірнеше түрлері бар. Қазіргі кезде кеңінен тараған геохимиялық классификация бойынша жер қыртысындағы барлық элементтерді бес топқа бөледі:
Литофильдер
Халькофильдер
Сидерофильдер
Атмофильдер
Биофильдер
Литофильдер – тау жыныстарының, яғни литосфералық элементтер. Литофильді элементтерге : Li, Be, B, O, F, Na, Mg, Al, Si, Cl, K, Ca, Sc, Ti ,V, Cr, Mn, Br, Rb, Sr, Y, Zr, Nb, I, Cs, Ba, La, Hf, Ta, W, Th, Uжатады. Олардың иондарының сыртқы қабатында 2 немесе 8 электрон болады. Литофильді элементтер элементтік күйге дейін қиын тотықсызданады. Әдетте олар оттегімен байланыста болып, силикаттар мен алюмосиликаттардың негізгі массасын құрайды. Сульфаттар, фосфаттар, бораттар, карбонаттар және галогенидтер түрінде кездеседі.
Халькофилдер – сульфид рудаларының элементтері. Халькофильді элементтерге: S, Fe, Co,Ni, Cu, Zn, Ga, As, Se, Mo, Rh, Pd, Ag, Cd, In, Sb,Te, Hg, Nl, Pb, Biжатады. Олардың иондарының сыртқы қабатында 8 немесе 16 электрон болады.Табиғатта сульфидтер, селенидтер, теллуридтер, сонымен қатар табиғи күйде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |