Дәріс литосферның химиялық экологиясы литосфераның құрылысы және химиялық құрамы


Топырақ туралы түсінік, оның құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері



бет5/22
Дата07.02.2022
өлшемі263 Kb.
#82609
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
лекция 5

5.3 Топырақ туралы түсінік, оның құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері
Топырақ тау жыныстарының ұзақ геологиялық мерзім ішінде әр түрлі жолдармен үгілуі мен мүжілуінің нәтижесінде түзіледі.
Топырақ негізгі төрт фазадан тұрады: топырақтың қатты фазасы(минералдық және органикалық), сұйық фазасы (топырақ ерітіндісі), газды фазасы (топырақ ауасы) және тірі фазасы (топырақтағы тірі ағзалар).
Топырақтың қатты бөлігінде алғашқы (кварц, дала шпаты, слюда, т.б.) және екінші ретті минералдар (гидрослюда, монтмориллонит, каолинит, т.б.) басым келеді. Топыраққұрамында барлық уақытта азды-көпті ауа болады. Топырақтағы ауаның мөлшері топырақтың ылғалдылығына, тығыздығына, өңделу жағдайына, механикалық құрамына, онда өсіп тұрған өсімдіктерге т.б жағдайларға байланысты. Топырақ - көптеген өсімдіктер мен микроағзалардың тіршілік ететін мекені. Олар тыныс алады, органикалық заттарды ыдыратып, ауаға ұшырады. Соның нәтижесінде топырақ ауасының құрамы атмосферадағы ауаға қарағанда өзгеше болады. Мысалы, топырақ ауасындағы көмір қышқылының мөлшері 0,15-1,65 % шамасында, ал атмосферадағы мөлшері небәрі 0,03 % ғана болады. Топырақ ауасындағы оттегі атмосферадағы оттегіне қарағанда анағұрлым аз.
Топырақ су сыйымдылығы бар қопсытылған дене болғандықтан, оның құрамында әрдайым ылғал кездеседі. Топырақтың ылғалдылығыөсімдіктің минералдық қоректенуіне себепші болады және барлық топырақ ағзалары үшін қажетті қоршаған орта факторы болып табылады. Бұл ылғал топыраққа ауадан түскен жауын-шашыннан, жер бетіндегі су мен жер астындағы сулардан келеді. Жалпы топырақтағы ылғал бірнеше түрге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет