Дәріс литосферның химиялық экологиясы литосфераның құрылысы және химиялық құрамы



бет19/22
Дата07.02.2022
өлшемі263 Kb.
#82609
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
лекция 5

Топырақтын батпақтануы оның агрономиялық қасиеттерін нашарлатады. Батпақтану ағыстың тартылуына байланысты топырақ пен жер қыртысының мөлшерден тыс ылғалдануынан, жерасты суларының көтерілуінен немесе булану процесінің бәсеңдеуінен пайда болады.
Қазақстанда 25 млн. га тың және тыңайған жерлерді игеру және тиімсіз пайдалану аз уақытта деградацияланудың өзіндік түрі - топырақтардың дегумификациялануына әкеліп соғады, бұл процесс барлық жыртылатын топырақтарда байқалады және гумус мөлшері 20-30 % кемиді.
Шөлдену – бұл топырақ пен өсімдіктердің орнына келмейтін өзгерісі және биологиялық өнімінің төмендеуі. Бұл кейбір экстремалды жағдайларда биосфераның потенциалын бұзуға және территорияны шөлге айналуына әкеліп соғады. Әлемде оның барлық континентінде шөлденуге 1 млрд га артық жерлер шалынған. Шөлденудің себептері және негізгі факторлары әртүрлі. Шөлденген территорияларда топырақтардың физикалық қасиеттері нашарлайды, өсімдік құрып, грунттық сулар тұзданады, биологиялық өнім күрт төмендейді, осыған орай қалпына келу қабілеті үзіледі.
Пайдалы қазбалардыигеружерлердікөптеген техногендік бұзылуларға әкеліп соғады. Техногендік бұзылулар топырақтың антропогендік деградациялануының бір формасы болып саналады, олар көліктердің реттеусіз жүру, кендерді барлау және игеру, мұнайгаз құбырларын салу, байланыс, теледидар және электр жүйелері, сонымен қатар карьерлер мен құрылыстар және т.б. байланысты болады.
Қазақстан республикасында 184,2 мың. га артық бұзылған жерлер бар, оларда тау жыныстарының үйінділері, көмір және кен шығарылатын жерлердегі карьерлер, мұнайлы алқаптар және амбарлар орналасқан. Топырақ жамылғысының бұзылуы өндіріс нысаналарында, кәсіпорындар, пайдалы қазбалар шығарылатын жерлерді игергенде, оларды қайта өңдегенде және геологиялық барлау жүргізгенде байқалады.
Оның үстіне олардың көбісін ең "арзан" ашық әдіспен қазып алғандықтан, бұл аймақтардың экологиялық жағдайы нашарлады. Мұндай бүлінген жерлер қатарына негізінен кен карьерлері және оларды казу кезінде кен байлықтарды басып жатқан жамылғы топырақтар мен тау жыныстарын басқа алқаптарға жылжытудан пайда болған құрамы әр түрлі тау жыныстарынан тұратын үйінділер жатады. Бұған байыту фабрикаларынан шығарылған қалдық қоқыстарды, жылу электростанциялары мен металлургиялық кәсіпорындардың тас көмірді жаққаннан кейінгі шламдары,кәсіпорындар мен өндірістік мекемелерден тасталынған металл қалдықтары, резиналар, шыны-әйнектер, бетондар, т.б. тұрмыстық қоқыс-қалдықтары жатады. Бұл қалдықтарды көбінесе тез арада ыдыратып, минералдандыратын бірден-бір жәндік немесе микроағзалар жоқ. Сондықтан олар топырақта бірнеше ондаған, жүздеген жылдар бойы жатуы да мүмкін. Бұл қалдықтар пайдасыз өнім ретінде өзі жатқан жердің шөбін өсірмейді, өлі жердің көлемін арттырады, алқаптың санитарлық жағдайын нашарлатады.Топырақ жамылғысының аумағы жаңа кәсіпорындар мен қалалар, жол және жоғарыволтты электр жүйелерін салу барысында және гидростанциялар салу кезінде, ауыл шаруашылық алқаптарын су басуы жағдайында азаяды.
Осыған орай бұзылған топырақ жамылғысын қалпына келтіру қажетті болды. Рекультивация – кен өндірісінің істен шыққан жерлерін жабу ғана емес, сонымен қатар топырақ жамылғысының құрылуына жағдай жасау. Мысалы, қоңыр көмірдің үйінділеріндегі тау жыныстарында темір сульфидтері (пирит және марказит) бар. Олар тотықтану кезінде күкірт қышқылына айналады және топырақтың қышқылдығын арттырады. Осыған байланысты үйінді грунттарында рН 4- тен төмен болғанда олар микробиологиялық процестерді басады және шөптер мен ағаштарға өсуге жол бермейді. Рекультивация кезінде әртүрлі құрамдағы үйінділер әртүрлі технологияны талап етеді. Мысалы, құрамында пирит бар грунттарға гумусты топырақ массасын салуға болмайды, себебі олар тез теріс қасиеттерге ие болады. Бұндай улы үйінділерді улы емес тау жыныстарымен жабу керек, оларға содан кейін гумусты қабат салынады.
Топырақты эрозиядан қорғаудың агротехникалық іс-шаралары қатарына топырақтың эрозияға төзімділігін арттыратын әдістерін қолдану, көпжылдық шөптер мен бір жылдық дақылдардың топырақты қорғау қасиеттерін пайдалану, қар тоқтату және оның еруі қарқынын реттеу, топырақ құнарлылығын арттыру жұмыстары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет