Дәріс тақырыбы: «Дайын дәрілік үлгілердің технологиясы және биофармациясы» пәніне кіріспе. Негізгі түсініктер мен



Pdf көрінісі
бет19/24
Дата08.11.2022
өлшемі419,06 Kb.
#157121
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
db6444aab45c41bd1ed8cb93b656b871

Көзге арналған дәрілік үлгілер. 
Кӛзге арналған дәрілік үлгілер олардың қолдану тәсіліне 
байланысты жеке топқа біріктірілген. Кӛзге арналған дәрілік 
үлгілер бірнеше түрде бола алады: кӛзге арналған тамшылар, 
ерітінділер, мазьдер және жабындар. 
Көзге арналған тамшылар
– кӛзге енгізуге арналған сұйық 
дәрілік үлгілер. Олар дәрілік заттардың сулы немесе майлы 


24 
ерітінділері, не ӛте майда дисперсті жүйелер болып табылады. 
Дәрілік кӛзге арналған тамшылар, кӛбінесе, дәріханаларда 
дайындалады. Тамшыларға бір-бірімен тығыз байланысты 
тӛмендегідей талаптар (сапа кӛрсеткіштері) қояды:
-
стерилділік; 
-
механикалық қоспалардың болмауы; 
-
ыңғайлылық (изотонды болуы, рН-тың оптималды мәні); 
-
химиялық тұрақтылығы; 
-
әсер етуінің ұзақтылығы. 
Көзге арналған ерітінділер 
кӛзді жууға арналған, ирригациялық 
(офтальмохирургияда), тазартуға, дезинфекциялауға, контактылы 
линзаларды сақтауға арналған ерітінділер ретінде қолданылады. 
Кӛзге арналған ерітінділер сапасы тамшыларға қойылатын 
талаптарға сай әдістермен қамтамасыз етіледі: олар стерилді, 
тұрақты және механикалық қоспаларсыз болуы керек. Ал жууға 
арналған және ирригациялық ерітінділер изотонды болуы керек. 
Химиялық күйік алғанда кӛзге енгізуге тұрақты стерилді фосфатты 
буферлі ерітінді (pH 7,2) ұсынылған. Ал контактылы линзаларды 
жуу және сақтауға арналған ерітінділер құрамына антисептикалық 
заттар, ионогенді емес ББЗ, поливинол, целлюлоза туындылары, 
полиэтиленгликольдер, буферлі ерітінділер және т.б. заттар 
қосылады.
Көзге арналған дәрілік мазьдердің
құрамы әртүрлі. Құрамына 
антибиотиктер, сульфаниламидтер, сынап оксиді және т.б. заттар 
енгізілген мазьдер жиі кездеседі. Мазьдерді әртүрлі мақсатта 
пайдалануға болады: дезинфекция, ауруды сездірмеу (анестезия), 
кӛз қарашығын үлкейту немесе кішірейту, кӛз қысымын тӛмендету 
және т.б. Дәрілік мазьдерге жалпы талаптармен қоса (дәрілік 
заттардың біркелкі таралуы, негіздің индифференттілігі мен 
тұрақтылығы) қосымша бірқатар талаптар қойылады:
-
дәрілік негіздің құрамында бӛтен заттардың қоспалары 
болмауы керек; дәрілік негіз бейтарап, стерилді, кӛз сұйықтығында 
біркелкі таралуы керек; 
-
кӛз мазьдері асептикалық жағдайларды сақтай отырып 
дайындалуы керек;
кӛз мазьдеріндегі дәрілік заттардың дисперстілігі оптималды 
дәрежеде болуы керек.
Негізгі әдебиеттер: (1-6). 


25 
Қосымша: (7-13). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет