Медициналық қарындаштар – қалыңдығы 4-8 мм және
ұзындығы 10 см бір жағы үшкірленген цилиндрлі таяқша пішінді
қатты дәрілік үлгі. Олар белгілі бір тұзды берілген пішінге құю
арқылы немесе дәрілік заттарды қамыр тәрізді немесе майлы
негізбен араластыру және оны одан әрі таяқшаға домалату арқылы
алынады. Ол таяқшалар кептірген кезде (негіз гидрофилді болған
жағдайда) қатты күйге айналады. Антисептикалық және күйдіргіш
әсері бар әртүрлі дәрілік заттарға қарындаш пішінін береді,
мысалы, күміс нитраты, мыс купоросы, ашудалар. Қарындаш
түрінде кейбір ауруды басатын (мысалы, ментол) және алаңдататын
дәрілік заттарды (ашудалар, хлорлы темір) да жасап шығарады.
Құрамында инсектицидті заттары бар кейбір дәрілік заттар да
қарындаш түрінде жасалады, мысалы, гексахлоран.
Медициналық қарындаштардың ішкі құрылысы әртүрлі
болады және дәрілік дисперсиологиялық жіктеу бойынша әртүрлі
қалыптасқан дисперсті жүйелерге жатады.
Негізгі әдебиеттер: (1-6). Қосымша: (7-13). Дәріс тақырыбы: Аэрозольдер. Бастапқыда ингаляциялы дәрілік формаларға науқастың
ағзасына дем алу жолдары арқылы енгізілетін әртүрлі дәрілік
препарттар (inhalatio — дем алу) жатқызылатын. Кейіннен
мұндай дәрілік препараттардың саны артып, бұл топқа сонымен
қатар газ, бу және аэрозоль түрінде енгізілетін дәрілік заттар
кіретін болды.
Соңғы кезде бұларға қоса теріс зарядталған аэроиондармен
ингаляциялар кең қолданыс тауып келеді.
Қазіргі кезде медицинада газдардың ішінен оттегі,
кӛмірқышқыл газы, азот тотығы және т.б. пайдаланылады. Бұл
газдардың барлығы дәріхана жүйесіне жоғары қысым астында
болат баллондарда келіп түседі. Баллондар ішіндегі газдың түріне
байланысты әртүрлі түске боялады. Мысалы, оттегісі бар баллон
кӛгілдір түске, кӛмірқышқыл газы бар баллон – қара түске
боялады.