Дәріс тақырыбы: «Дайын дәрілік үлгілердің технологиясы және биофармациясы» пәніне кіріспе. Негізгі түсініктер мен



Pdf көрінісі
бет18/24
Дата08.11.2022
өлшемі419,06 Kb.
#157121
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Байланысты:
db6444aab45c41bd1ed8cb93b656b871

 
 
Дәріс тақырыбы: 
Асептикалық дайындалған және 
стерилді дәрілік үлгілер. Көзге арналған дәрілік үлгілер. 
Санитарлы жағдайларды сақтай отырып дайындалатын 
дәрілік үлгілермен қатар, асептикалық жағдайда дайындалатын 
дәрілік үлгілердің ерекше тобы бар. Мұндай дәрілік үлгілер әрі 
қарай стерилизацияны ӛтеді. Олар – инъекцияларға қажетті 
ерітінділер, кӛз тамшылары, жаңа туған балаларға жәну 1 жасқа 
жетпеген балалаларға арналған препараттар. Мұндай дәрілік 
үлгілерге қойылатын талаптар нормалау-техникалық құжаттарда 
келтірілген.
Асептика
– технологиялық үрдістің барлық сатысында 
дәрілік препараттарға микроағзалардың 
ену мүмкіндігін 
минимумға жеткізетін шаралардың кешені және белгіленген 
жұмыс тәртібі.
Асептикалық жағдайды тудыру қажетті аспаптармен 
қамтамасыз етілген арнайы бӛлме арқылы жүзеге асырылады. Бұл 
бӛлмеде стерилді қосымша ыдыстар мен материалдар 
орналасады. Ал дәрілік заттар арнайы штангластарда сақталады.
Парентералды қолданылатын дәрілік заттар 
Мұндай дәрілік заттарға ағзаға парентералды (тері астына, 
бұлшықетке, қан тамырына, артерияға) инъекция немесе 
имплантация түрінде енгізілетін ерітінділер, эмульсиялар
суспензиялар, ұнтақтар, таблеткалар жатады.
Инъекциялар 
— тері және сілекейлі қабаттар бетінің бүтіндігін 
бұзатын ағзаға арнайы қондырғының кӛмегімен енгізілетін сұйық 
дәрілік үлгілердің жекелендірілген түрі. 
Енгізу тәсіліне қарай инъекциялар келесі түрлерге 
бӛлінеді: тері астылы, бұлшықетке, қан тамырына, артерияға, 
сілекейлі қабаттарға енгізілетін инъекциялар.


23 
Инъекциялы дәрілік үлгілер
апирогенді 
болуы керек.
 
Пирогенді заттар – микроағзалардың ӛмір сүруі және 
ыдырауының нәтижесінде түзілген ӛнімдер мен ӛлі микробты 
жасушалар. Химиялық құрамы бойынша пирогенді заттар – 
липополисахаридті табиғаты бар молекулалық массасы 8 000 000-
ға дейін баратын, ал ӛлшемі 50 нм-ден 1 мкм-ге дейін болатын 
жоғарымолекулалы қосылыстар.
Пирогендер суда ериді, ал спирт пен ацетонда ерімейді, олар 
жоғары температураның әсерін тұрақты. Автоклавта 120°С-да 20 
мин бойы қыздыру бактериялардың ӛліміне әкелгенмен, 
пирогендерді жоймайды.
Құрғақ күйде пирогендер тек 200°С-та 30 мин бойы ұстап 
тұру нәтижесінде ғана толық ыдырайды.
Пирогендерді анықтау әдістері:
а) химиялық; б) 
физикалық; в) биологиялық. 
Пирогенді заттарды жою әдістері: 

химиялық; 

физикалық; 

энзиматикалық. 
Инъекциялы дәрілік заттар – стерилді ерітінділер, эмульсиялар 
мен суспензиялар. Инъекциялы ерітінділер мӛлдір болуы керек. 
Инъекциялы эмульсияларда қабаттарға бӛліну белгісі байқалмау керек. 
Суспензиялы инъекцияларда тұнба байқалуы мүмкін, алайда бұл 
тұнбаны шайқаған кезде ол тез арада супензия түзе отырып қайта 
диспергациялануы керек. Түзілген суспензия айтарлықтай тұрақты 
болуы керек.
Стерилизациялау
– 
белгілі 
бір 
объектідегі 
тірі 
микроағзаларды және олардың спораларын толық жою. 
Инъекциялы дәрілік үлгілерді дайындауда барлық ыдыстарды, 
қосымша материалдарды, еріткіштер мен дайын ерітіндіні 
стерилизациядан ӛткізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет