27
Мысалы, кӛз қарашығын үлкейту үшін атропин сульфатының
тамшысын пайдаланады. Ал керісінше,
глаукоманы емдеуде
пилокарпин гидрохлориді кӛз жабындарын қолданған жӛн,
себебі, бұл жағдайда препаратты тәулігіне 1-2 рет қана енгізуге
болады, ӛйткені жабындар препараттың әсерін ұзағырақ уақытқа
дейін сақтайды.
Дәрілік дисперсті жүйелерді
дисперстілік дәрежесіне
байланысты
гомогенді
және
гетерогенді
деп бӛледі.
Дәрілік заттың физикалық күйі деген ұғым тӛмендегілерді
қамтиды:
дәрілік заттардың ұсатылу дәрежесі немесе дисперстілігі
(бӛлшектердің ӛлшемі);
дәрілік заттардың полиморфизмі;
агрегаттық күйі (аморфтылық, кристалдылық, кристалдың
пішіні мен сипаты);
физика-химилық қасиеттері (рН, ерігіштік,
оптикалық
белсенділігі, электрӛткізгіштігі, балқу температурасы);
дәрілік заттың беттік қасиеттері (беттік керілуі, т.б.).
тазалық дәрежесі (ластану түрі мен мӛлшері, оның ішінде,
микроағзалардың, аллергендердің, т.с.с. болуы).
Экстемпоралды дәрілік үлгілерді дайындауда дәрілік заттың
биологиялық жетімділігіне оның физикалық күйі, қосымша
заттарды дұрыс таңдай білу және фармацевтикалық технология
үлкен әсер етеді.
Дәрілік затты дәрілік үлгінің
құрамына дұрыс енгізу
провизор-технологтың дәрілік заттың қасиеттерін (әртүрлі
еріткіштерде ерігіштігін, гидрофобтылығын, т.б.)
білуіне
байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: