21
Ингаляцияға арналған ұшқыш
заттардың буын сұйық және
қатты дәрілік үлгілер түзе алады. Алайда сұйық үлгілердің
ингялациялы түрі кеңірек таралған.
Ұшқыш
қатты
дәрілік
үлгілерге
иіскейтін
тұздар
жатқызылады. Дәрілік үлгінің бұл түрі XIX ғасырдың 1-ші
жартысынан бастап пайдаланылып келеді. Иіс тұздарының негізі
аммиак пен кӛмір қышқылына оңай ыдырайтын аммоний
карбонаты болды.
Аэрозольді дәрілік үлгілер
Аэрозоль
түріндегі
дәрілердің
аудан
беті
үлкен
болғандықтан, басқа дәрілерге қарағанда олардың белсенділігі
жоғарырақ. Кейбір аэрозольді дәрілік препараттар шұғыл кӛмек
қаже болған кезде инъекцияларды алмастыруы мүмкін. Бұл
жағдайда мұндай дәрілік препараттардың артықшылығы стерилді
шприцтерді пайдалану қажет емес.
Аэрозольді дәрілік үлгілерді
стационарлы жағдайда және
амбулаторлы пайдалануға болады. Ингаляцияға арналған
бастапқы
дәрілер
технологиясының
кәдімгі
дәрілер
технологиясынан айырмашылығы жоқ.
Аэрозольдердің қаптамасы толық толтырылмайды,
олардың
жоғарғы жағында пропелленттерден түзілген газалмасу фазасы
болуы керек.
Ингаляциялы аэрозольдер.
Аэрозольді дәрілердің бұл тобы ең
үлкен болып табылады. Ингаляциялы мақсатта тек ӛлшемі 0,5-10
мкм-ден аспайтын сұйық аэрозольдерді қолданады.
Ингаляцияға арналған дәрілер не тікелей пропелленттерде
ерітіледі, не алдын-ала спиртте ерітіледі.
Бүгінгі таңда ингаляциялы
аэрозольді дәрілер ретінде
стероидты гормондар, антибиотиктер,
эфир майлары, жүрек
гликозид препараттары, диуретиктер, инсулиндер, ревматизмге
қарсы препараттар және т.б. қолданылып жүр.
Аэрозольді майлар.
Аэрозольдердің бұл түрі салыстырмалы
сирек қолданылады. Аэрозольді майлар мен пасталар тек сыртқы
қабаттарға (ашық) ғана пайдаланылады.
Олардың артықшылығы
– пайдалану уақыты аралығында оның стерильді қалпында
сақталуы және пайдалану ыңғайлылығы.
Көбікті аэрозольдер
қазіргі
кезде аэрозольді майларға
қарағанда жиірек қолданылады. Күнге күюге қарсы, термиялық
22
күйіктерді емдеуде қолданылатын заттар,
сонымен қатар, теріні
зиянды заттардың әсерінен қорғайтын заттар, кӛбінесе, кӛбіктер
түрінде жасап шығарылады. Кӛбікті
аэрозольдердің құрамы аса
күрделі болады.
Негізгі әдебиеттер: (1-6).
Қосымша: (7-13).
Достарыңызбен бөлісу: