Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Дәріс №12. Тақырыптары: Қарым-қатынастың коммуникативті жағы



бет83/105
Дата23.12.2022
өлшемі1,47 Mb.
#164120
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   105
Байланысты:
Психология п ні туралы т сінік ж не оны даму тарихы

Дәріс №12. Тақырыптары: Қарым-қатынастың коммуникативті жағы.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


Жоспары:
1. Қарым- қатынастың көп қырлы сипаты
2. Коммуникация, өзара түсіністік және адамдар қарым-қатынасындағы өзарәректтестік (вербальды және вербальды емес коммуникация)
3. Қарым-қатынас ақпарат алмастыру ретінде



Қарым-қатынас бірлігі және іс-әрекет
Қарым- қатынастың көп қырлы сипаты

Адамдардың қоршаған ортамен өзара әрекеті объективті қарым-қатынас жүйесінде жүзеге асады ,оны қоғамдық өмірде адамдар арасындағы қарым-қатынастан көре аламыз.

Объективті қарым-қатынастар мен байланыстар ( тәуелді қарым-қатынас, бағыну, бірлесу, өзара көмектесу т.б.) қандайда болмасын кез-келген шынайы топтарда еш күмәнсіз және заңдылықтарға сай болады. Топ мүшелерінің арасындағы өзара қарым-қатынастың осындай объективті бейнелері субъективті жеке адамдық қарым-қатынас деп аталып, әлуметтік психологияда зерттеледі.
Ішкі топтардың өзара қарым-қатынасын және жеке адамдық өзара әрекетін зертеудің негізгі жолы –бұл сол топтың құрамына енетін адамдардың өзара әрекетін , сонымен қатар, түрлі әлеуметтік факторларды терең зерттеу болып табылады.
Кез-келген өнеркәсіп адамдардың бірлестігін керек етеді. Дегенмен, егер ешбір адамзаттық қауымдастықта, оның құрамындағы адамдардың арасында қарым-қатынас орнамаса, онда толыққұңды бірлескен іс-әркеттің жүзеге асуы мүмкін емес. Мысалы, мұғалім оқушыларды қандай-да бір болмасын әрекетке үйрету үшін, ең алдымен олармен дұрыс қарым-қатынаста болуы керек.
Қарым-қатынас- бұл бірлескен іс әрекет қажеттіліктерінен туындаған, адамдар арасындағы көп жоспарлы қарым-қатынастардың даму үрдісі.
Қарым-қатынас өзімен бірлескен іс-әрекетінде қатысушылар арасында ақпараттың алмасуын қамтиды, яғни қарым-қатынастың коммуникативті жағы ретінде сипатталады.
Адамдар бір-бірімен қарым-қатынаста болу кезінде, қарым-қатынастың маңызды құралының бірі тілге көңіл бөледі.
Қарым-қатынастың екінші жағында – сөйлесу үрдісінде, қарым-қатынастың өзараәрекетінде тек сөзбен ғана емес, сонымен қатар әркеттермен және қылықтармен алмасады. Мысалы, дүкендегі сатушы мен сатып алушы екеуі еш сөйлейпей –ақ қарым-қатынаста бола алады: сатып алушы кассирге алған заттарының талонының чегін ұсынады да, сатушы чекті алып, оның қалған бөлшегін ақшасын қайтарып береді.
Қарым-қатынастың үшінші жағы – бір-бірінің қарым-қатынаста қабылдауын көрсетеді. Ең маңыздысы, мысалы қарым-қатынас кезінде серіктесінің бірі екіншісіне сенуге тұратын,парасатты, түсінігі мол, қабылдауға дайындығын көре алады ма немесе оның бірі оған айтылғандардың ешбірін түсіне алмайды және ештеңені түсінбейді деп алдын-ала болжай алады. Сондықтан да, қарым-қатынастың тұтастай бірлігінде шартты түрде үш жағын көрсетуге болады : коммуникативті ( ақпараттыы жеткізу), интерактивті ( өзара әрекет), перцевтивті (өзара қабылдау).
Қарым-қатынас осындай үш жақтылығының бірлігінде –бірлескен іс-әрекеттің ұйымдастырылған тәсілі және оған енетін адамдардың өзараәрекеті қарастырылады.
Қарым-қатынстың заңдылықтарын білу және дағдыларды дамыту, қарым-қатынас қабілетері педагог үшін аса маңызды, оның кәсіби міндеттері мынандай жағдайларда табысты болуы мүмкін, егерде оқушылармен бірлескен іс-әрекеттерінде тәрбиенің мақсаттары мен міндеттеріне сай жауап беретін өзараәрекеттер мен өзаратүсіністікті орнықтыра алса, яғни толыққанды педагогикалық қарым-қатынасты жүзеге асыра алады. Оқушылар ұжымы мен мұғалімдердің жемісті қарым-қатынас үрдісін толықтай ұйымдастыру , іске асыру педагогтың өзінің тәрбиелеу міндетері мен дидактикалық міндеттерінсіз мүмкін емес.
Дидактикалық және педагогтың іс-әрекетіндегі тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыру үшін мұғалімдер мен оқушылар ұжымында қарым-қатынас үрдісін жемісті ұйымдастырмайынша іске асуы мүмкін емес. Педагогтың іс-әрекетінде қарым-қатынас төмендегідей көрінеді:
БІРІНШІДЕН, өзінің оқыту міндеттерін шешу тәсілі ретінде;
ЕКІНШІДЕН, тәрбиелеу үрдісін қамтамасыз ететін әлеуметтік-психологиялық жүйе ретінде;
ҮШІНШІДЕН, оқыту мен тәрбиелеудің жетістігін қамтамасыз ету, мұғалімдер мен оқушылардың өзара қарым-қатынасын нақты жүйеде ұйымдастыр тәсілі ретінде, соңғысы
ТӨРТІНШІДЕН, онсыз оқушының даралығын тәрбиелеу мүмкін емес үрдіс ретінде;
Педагогикалық қарым-қатынас түсінігі оқушылар ұжымы мен педагогтардың өзара әрекетінің дағдылары, жолдары, жүйесі болып түсіндіріледі, мазмұны ақпараттың алмасуы оқыту –тәрбиелеу әсерін көрсету және өзара түсіністікті ұйымдастру болып табылады. Педагог осы үрдістердің инициаторы, оны ұйымдастрады және оларды басқарады.
Педагогикалық қарым-қатынас, бір жағынан, оқыту –тәрбиелеу үрдісінде эмоциональды көрініс беретін болса, ал екінші жағынан тікелей мазмұнды сипаты болып табылады.

Қарым-қатынас бірлігі және іс-әрекет

Қарым-қатынастың іс- әрекетпен байланысты екені айқын. Бірақта сұрақтар туындайды: қарым-қатынас бірлескен іс- әрететтің бір бөлігі ме, әлде қарым –қатынас және іс-әрекет-бұл

екі дербес, тең құқылы үрдіс болып табылады ма?
Адам бірлескен іс-әректте басқа адамдармен бірігуі, олармен қарым-қатнаста болуы, яғни контакт орнатып, өзара түсіністікке жетіп, қажетті ақпарат алып, жауап қайтаруы керек т.б. Бұл тұрғыда қарым-қатынас іс-әрекеттің бөлігі ретінде, оның маңызды ақпараты ретінде, коммуникациясы ретінде ( қарым-қатынастың алғашқы түрі) көрінеді.
Дегенмен заттарды құру (приборларды құрып, ойларын айтып, есеп шығару, машина жөндеу т.б.) іс-әрекеті үрдісінде, қарым-қатынас коммуникациясы ретінде енгенімен, адам онымен шектелмейді; ол құралған зат арқылы өзін «тасымалдайды», өзінің ерекшеліктерін басқа адамдармен жалғастырады (оның ішінде, іс-әрекет мақсатына жету кезінде кіммен қарым-қатынаста болса) және тіпті өзін де басқа тұрғыда көреді.
Атап айтқанда, мысалы құл иленушілік қоғамда бөліну нәтижесінде адамдар арасында бір-бірімен қатынас жасауға тыйым салды және жалпы адамдар арасында қарым-қатынас бұзылды. Өз еңбектерімен жасалған затты, оның соны жалғастыратынына әлі де болса сене алмады, өйткені ол өзін басқаға осы зат арқылы көрсеткен жоқ ,оны жасаушы кімге ол бағынса, сол қожайыны ұсынды. Сөйтіп, алғашқы кезде өзара түсіністікке , адамдардың өзара сыйласуына, дұрыс қарым-қатынас болмауына әдейі қасақана жасалды.
В.А. Сухомолинский: «Адам өзін ең бірінші басқа адамға қалдырады» ,-деп жазды «Біздің өмір бойы өмір сүретініміз де, мәңгілгіміз де осыдан. Өмірдің мәні мен бақытының ең биік шыңы да осында... Осы арқылы да адам рухының жануарлармен салыстырғанда айырмашылықтары бар, өз ұрпағымызды жалғастыра отырып, біз адамға өзіміздің сұлулығымызды, жетістігімізді, мұратымызды, адалдығымызды адамзат бойына қалдырамыз. Неғұрлым сіз адамның көрінісінде, санасында тереңірек із қалдыра алсаңыз, соншалықты адамзат ретінде де және сіздің жеке өміріңізде бақытты.
Қарым-қатынас бұл өзінің басқа адамның келешігінде болуыңыз, оның өзі қарым-қатынастың екінші жағы ретінде . Егерде қарым-қатынастың бірінші жағы ( қарым-қатынас коммуникация ретінде) белсенді іс-әрекеті ретінде көрінсе, онда қарым-қатынастың екінші жағы сапалы тұрғыда өзіндік қырынан өнеркәсіпте бірлескен іс-әрекет бойынша қоғамдық құңдылыққа және жеке адамның мәнді затына ие. Бұл жерде тәуелділік керісінше көрініс көрсетеді және ал іс-әрекет қарым-қатынастың алғы шарты бір бөлігі ретінде көрінеді.
Сондықтанда, бір жағынан іс-әрекет қарым-қатынастың бөлігі ретінде де, ал екінші жағынан – қарым-қатынас іс-әрекет жағынан бөлігі болып табылады.Бірақ, қарым-қатынас және іс-әрекет кез-келген жағдайда бір-бірінің тығыз байланыстылығын бейнелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет