№11-дәріс
|
Дәріс№11. Тақырыптары: Қарым-қатынастың интерактивті жағы. Қарым-қатынастың перцевтивті жағы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Қарым-қатынастың интерактивті жағы - қарым-қатынас тұлғааралық өзара әрекет ретінде
Әлеуметтік бақылау және әлеуметтік норма
Қарым-қатынас үрдісіндегі рольдік күтулер және рольдер
Педагогикалық қарым-қатынастағы психологиялық контакт
Тұлғааралық өзара іс-әрекеттің әсер ету жағдайлары
Қарым- қатынас кезінде біреуге сұрақ арқылы, өтінуі, бұйрық арқылы бір жағдайларды түсіндіріп баяндау арқылы адамдар алдына мақсат қояды, адам түсінбейінше талап етеді. Қарым-қатынас мақсаты адамдардың бірлескен іс-әрекетінің қажеттіліктерін бейнелейді. Бұл жағдайлар фатикалық қарым-қатынас деп аталады, яғни қарым-қатынаста жәй қолдау көрсету мақсатында коммуникативті тәсіл ретінде қолданады. Егер қарым-қатынас фатикалық болмаса, оның кез-келген жағдайда нәтижесін көрсетеді – басқа адамдардың іс-әрекеті мен жүріс-тұрысы өзгере бастайды. Осындай қарым-қатынастар тұлғааралық өзараәрекет ретінде көрінеді, яғни олардың бірлескен іс-әрекет үрдістерінде пайда болатын, адамдардың өзара әсерлері мен байланыстарының жиынтығы. Тұлғаралық өзараәрекеттер мынадай тиянақтылықты көрсетеді, жазылған уақыты бойынша адамдардың реакциясы бір-бірінің әрекетіне: А индивидінің жүріс-тұрысы, Б жүріс-тұрысын өзгертіп, оның жауап беру реакциясы жағынан тудыртады, яғни өз кезгінде А жүріс-тұрысына әсер еткен.
Әлеуметтік бақылау
және әлеуметтік норма
|
Бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынас әлеуметтік бақылау жағдайларында өтеді, әлеуметтік нормалар негізінде жүзеге асады
- қоғам үлгісіндегі жүріс-тұрысы қабылданған адамдардың өзараәрекеті мен өзара қарым-қатынасының регламентін (тәртібін) сақтау.
|
Қоғам әлеуметтік номалардың сапасын арнайы құлықтарындағы үлгі жүйесіне қарап, олардың қабылдайтын, мақтайтын, әдетке айналдырған және әр адамнан күтетін, ситуациясына сәйкес көрінуінен қарастырады. Олардың бұзылыстары әлеуметтік бақылаудың механизіміне кіреді (мадақтау,талқылау, жазалау), нормадан аутқуыған жүріс-тұрысын түзетуді қамтиды. Қоршаған ортадағы қандайда біреудің жүріс-тұрысын біртекті қабылдау нормаларды қабылдау мен пайда болуы туралы сипаттайды. Әлеуметтік нормалардың диапазоны өте кең- жүріс-тұрыстың үлгісі, еңбек тәртібіндегі талаптарды сақтау, әскери борышы мен отансүйгіштікпен, сыпайылық ережесіне дейін. Әлеуметтік нормалар сәйкестендірілген қылықтарға жататындар, максимальды түрде
|
еңбектің берілуі, сонымен қатар мұғалім сабаққа кірген кезде бірінші сынып оқушыларының орнынан тұру ережесін меңгеріп орындауы да жатады.
Әлеуметтік нормаларды адамдардың ұстай білуі, олардың өз қылықтарына жауапкершілікті болуын, қылықтары мен әрекеттерін реттеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар осындай нормаларға сәйкес келуін және келмеуін бағалайды. Нормаларға бағыт-бағдар адамдардың өзінің қылықтарындағы түрлерінің эталондарға сәйкес келуіне, керектісін таңдап, әлеуметтік қолдау көрсетілген және қабылданғандарын ысырып шығару және басқа адамдармен өзінің қарым-қатынасын реттеп бағыттауға мүмкіндік береді. Меңгерілген нормалар адамның критерийлерін анықтауда қолданылады, олардың көмегімен өзінің және өзгелердің қылықтары салыстырмалы түрде жүреді.
Қарым-қатынас үрдісіндегі рольдік күтулер және рольдер
|
Қарым-қатынастағы адамман «орындалатын» әлеуметтік бақылау өзара әрекет үрдісінде рольдердің репертуарларына сәйкес жүзеге асады. Психологияда рөл қылықтар үлгісімен түсіндіріледі, кім қандай бір әлеуметтік позициясымен айналысса, соның арқасында әрбіреуіне нұсқаулар беріледі
| (мамандығына қарай, жынысына қарай, отбасындағы жағдайларына қарай т.б.). Субъект мұғалім немесе оқушының ролін, дәрігердің немесе ауру адамдардың, үлкендердің немесе балалардың, басшыларды немесе қол астындығыларды , анасы мен әжесі, әйелі мен күйеуі, қонағы немесе қожайыны т.б. рольдерінде көруге болады. Сонымен қатар, әрбір роль нақты талаптарға сай орындалып және нақты қоршаған ортаның күтулеріне жауап беруі керек.
Сол адамның өзі ереже бойынша, әр түрлі қарым-қатынас ситуациясына еніп, әр түрлі рольдерді орындайды. Қызметтегі ролі директор болғанымен, ол ауырып қалып, дәрігердің жазып бергенін орындап, өзінің қартайған анасын тыңдаған ұлының ролінде болып, достарын қабылдап, ол қонақжайлы қожайын рөлдердің т.б. бәрін де орындайды. Көптеген рольдік позициялар көбінесе, олардың қақтығыстарын – рольдік кикілжіңдер тудыртады. Мұғалім педегог ретінде өзінің баласының кемшіліктерін байқамай қалуы мүмкін емес және талап етушілікті күшейту керектігіне сенімді, бірақ әкесі ретінде, ол кейде әлсіздігін білдіртеді, оның барлық талаптарын, сұрағандарын орындап және оның жағымсыз міңездерінің қалыптасуына мүмкіндік береді. Педагог тәртіпсіз оқушының әке-шешесіне айтуға келген кезде, қонақ ретінде, үйдің қожайындарына, олардың балаларының қылықтарындағы тәртіпсіздігі жайында айтып ренжітуге болмайды, дегенмен де мұғалім реінде ескерту- міндеті.
Түрлі рольдерді орындайтын адамдардың өзара әрекеті, рольдік күтулермен реттеледі. Адам қажет етседе, етпеседе, бірақ қоршаған ортадағылар нақты бейнеге сәйке, оның қылықтарын күтеді. Қандайда-бір рольдерді орындау міндетті түрде, қоғамдық бағалауларды алады, сонымен қатар бейнедегі қандайда-бір соншалықты мәнді қателіктер кетсе талқыға салады.
Осыған орай, қарым-қатынас үрдісі жемісті болуына қатысты жағдайлар өзара әрекеттестіктегі адамдардың бір-бірінің қылықтарына сәйкес келуі болып табылады.
Әрбір адам қарым-қатынасқа түскенде, барынша көп немесе аз деңгейде, оның қылықтарына нақты күтулерді, онымен қарым-қатынас жасайтын адамдардың дәл орындалуын күтеді. Адамдардың қабілеті мен іскерліктері еш күмәнсіз дәл басқалардың күтулеріндей орындалуы, яғни олардан естуге немесе олардың көруге дайын осыған сәйкес күтулерді үлгі тұтып, есепке алуды өнегелік деп атайды.
Бірақ осындай өнегелі адамнан әрқашанда және барлық жағдайларда осындай күтулерді байқап жүру шарт емес. Егерде субъектінің көзқарастары мен қағидалары дем арасында қарама-қайшылықтар көрестетін жәйіттер пайда болса, одан өзі түсінетін, қоршаған орта күтетіндей, ол қатаң тәртіптілікті көрсеткен кезде, басқалардың оның қылықтарындағы соншалықты өнегелілігіне мән бермеуі де мүмкін.
Бір жағынан, күнделікті өмірлік жәйіттерде қате күтулерді орындау немесе олардың шыңдықты елемеуі жөнсіз, әдепсіз деп аталады. Әдепсіздік- бұл қарым-қатынас үрдісіндегі күтулердің бұзылыстары, қарым-қатынастағы өзара әрекеттестікті бұзуы және кейде кикілжіңдік жәйіттерді тудыртады. Әдепсіз қылықтарда міңез саластырмалы түрде кешірімшіл міңез де болуы мүмкін. Мысалы, екі таныс адамның кездесуі кезінде: « Қал-қалай?»,- десе оның біреуісінің үй-ішіндегілердің денсаулығы туралы, соңғы күндердегі оқиғалар жайында толықтай әңгіме болмаса, бұл кейбірде әдепсіздік ретінде бағаланады. Бірақ та, өнегелі талаптарды бұзу жағдайларында, көбінесе, соның салдарынан көңіл қойып талап етуге әкеледі. Педагогикалық қарым-қатынас кезінде де әдепсіздіктің пайда болуының осындай ерекшеліктері жатады.
Нақты мысал келтіруге болады. Оныншы сыныпта мұғалім мәнерлі оқуға үйірме ұйымдастырады және оны өте жемісті өткізеді.
Бірақ та бір күні мынадай жағдай болды. Үйірмені басқарушы И.А. Крылов мысалдарындағы еңбектеріне арналған «Талғампаз келін» атты жұмысты ұсынды. Ол оқуды бастамай жатып-ақ, үйірмеге қатысушылардың бірі басқа мысалды тыңдауды сұрады: « Қандай болса да соны, тек осыны емес!».-Түсіңдіріңізші, не болды?,- деді мұғалім «орындай алмаймын» деп ақырын ғана жауап берді. Мұғалім оның міңезінің еркелігі деп санап, әрімен қарай жалғастыра берді. Ернін тістеп, бала өз орнына отырды. Енді ғана соңғы шумағын оқығаннан кейін және сөздердегі өткір мысқылды ырғақтылықпен айта бастағанда:
мұңды тыныштық та, толқыған күйде және балалардың беті ашу-ызаға бұлыққан, көзіне жас алып айтып болған қыздың біріне мұғалім ақыр аяғында көңіл бөліп мәнін түсінді. Ол аяқ асты үйірмеге қатысушылардың ішінде бір жасөспірімнің отырғанын,бұдан біраз жыл бұрын поездан аяғын кесіп алған және де осының ішінде оның бұрыннан жақсы көретін қызының бар екенін еске түсірді.
Мұғалім балалар ұжымында адамдардан тұратынын және ондағы әрбір жеке адамдарға көңіл аударып, қабылдау керектігін ұмытпауы абзал. Тіпті, оқушылармен қарым-қатынасты уақытша жоғалтып алу да ауыр зардап әкелуі мүмкін, оның салдарына алды-ала көру қиынға соғады. Егер де осындай өзара түсіністіктер бұзылса, онда толық сенімділіктен алдын-ала, яғни мұғалім мен оқушы арасында жақын арада түсіне алмаушылықтардың болатынын болжап айтуға болады. Тәрбиешілер педагогикалық әдептілікті құруға керекті контактілердің мүмкіндіктерін қолдана отырып, барынша ыңғайлы жағдайлармен оқушылардың жеке адамдық қалыптасу үрдісін жүзеге асырып,олардың даму перспективаларын ашады.
Педагогикалық
қарым-қатынастағы психологиялық контакт
|
Контакт (лат. сөзі contactus-соприкосновение,жақындасу) қарым–қатынасқа түсушілер арасындағы екі жақты байланысты қарастырады.
|
Қарым –қатынасқа түскен кезде, бір-біріне сенуі, өзара сыйластық олардың нормадағы дамуын және қолдау көрсету жағдайлары болып табылады.
Педагог оқыту – тәрбиелеу үрдісі кезінде, оқушылармен қарым –қатынасқа түскен кезде, олардан сыйластықты күтеді, яғни мұғалімнің өз ролі көрсетіледі. Осындай негіздерден рольді қолдау мұғалімдер ұжымында бірауыздан талап етілетін мектептегі дәстүр «Оқушыларға арналған ережелер» осындай қолдау күтулермен сүймелденеді. Бірақ та, қарым-қатынас адамның міңезіңдегі екі жақтылық, өз кезегінде мұғалімдердің оқушыларды құрметтеуі және оларға сенімділікті талап етедi
Жақсы танымал педагогикалық формуланы біле отырып, - «тұлғаға максимальды талап болса және оған максимумды түрде құрметтеу мен сенімділіктер керек», кейбір мұғалімдер тек бір ғана бөлігін қолданады, екіншісін ұстану міндетті емес деп те есептейді, бірақ та бұлар екі түрлі міндеттер емес, екеуі де бірдей.
Кей кездері, егер педагог барлық талаптар мен қағидалар кезінде сенімділік пен сыйластықты өзінің тәрбиеленушілеріне көрсетсе, оның болмашы ескертулері де іске асады, егерде ол мұғалімдер тарапынана өзіне сыйласымды қарым-қатынасты сезінбесе, онда сол уақыт ішінде олардың дәлелденген және қисынды кеңестеріне жасөспірімдер де жаппай немқұрайлылықпен қарайды.
Педагогтар мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы өмірмен байланысты қалыптасады. Олар үлкен және кіші деңгейде жалпы мектеп атмосферасынан шығып, оқушылардың түсіну деңгейіне байланысты, педагогикалық және психологиялық мәдениетіне байланысты болып табылады.
Бұл контактілердің субъективті тәуелділігіне– кіші мектеп жасындағы балалардың кішігірім кінәларынан бастап, барлық мектепті кездейсоқ қобалжытатын оқиғаларға дейінгі мектеп өмірінде болатын кез-келген психологиялық талдау кезінде байқалады.
Педагогтар оқушыларға құрметтілікті талап етуді есепке алатын болса, тәрбие мақсатының жүзеге асуына мүмкіндік беретін жағымды психологиялық атмосфераны барынша құрайды.
Оқушылармен қарым-қатынаста сыйластықтарын білдіре отырып, жасөспірімдер өзін-өзі сыйлауды қалыптастырады, яғни оның өзі әрімен қарай да қарым-қатынас құру жағдайлары болып табылады. Оқушылардың қарым-қатынасына көңіл бөле отырып, әсіресе жасөспірімдердің, олардың өзін-өзі сыйлауы, оларға жемісті педагогикалық әсер етудің сенімді тәсілі болып табылады.
Ересектерге қарағанда жасөспірімдерде, ереже бойынша тұрақты өзін-өзі бағалау болмайды. Сондықтан да ол өзі үшін беделді әртүрлі адамдар тарапынан берген бағаларына бағыт- бағдар жасауға мүдделі: ата-анасы, мұғалімдері, құрбылары оқушылар т.б. Осындай сыртқы бағалаулардың өзгрістеріне қарай, олардың басқа адаммен қарым-қатынасында қолдау көрсетуін қанағаттандыру үшін жеткілікті мықты сүйеніші ретінде, олардың өзін-өзі сыйлауын сақтауға тырысады, олардың көзінше ол қандай болып көрінгісі келсе, сондай қылып қабылдауына тырысады. Тәжірибелі педагогтар, ең бастысы жасөспірімдермен педагогикалық қарым-қатынасты табысты етіп орнықтырып, олардың өзін-өзі сыйлауына сүйене отырып, оның көмегімен мықты психологиялық қарым-қатынасты қамтамасыз етуге болатынын біледі.
Өзін-өзі сыйлау сезімі- жақсы құрал, бірақта нәзік. Егер де үлкендер байқаусызда көрмей немесе жасөспірімдерде өзін-өзі сыйлау сезімін әдейілеп бұзса, онда олар нашар әсерлері салдарынан өз мүмкіндіктерінен айырылады. Бала қандай жаман болса да, бірақта өзін-өзі құрметтеу сақталса, онда оны сыйлауға және өзгелерді сыйлауға үйретуге болатынына үміттенуге мүмкіндік береді. Осының салдарынан қарым-қатынастарда оптимистік перспективалар сақталады. Психологиялық контактінің бұзылуы тұлғааралық кикілжіңге әкелуі мүмкін.
Тұлғааралық
кикілжің
|
Қарым-қатынастың барлық үрдістерін өзіне әрқашан және барлық жағдайда ішкі қарама-қайшылықтан ажыратылады деп
|
есептеуге болмайды. Кейбір ситуацияларда антагонизм позициясында ұшырасады, құндылықтары мен міндеттерін және мақсаттарын көрсете отырып, өзара ысырып тастаса, кейде қандай да бір әрекеттер де өзара бір-бірін жауластырады - өзара жеке адамдар арасында кикілжің пайда болады. Кикілжіңнің әлеуметтік маңыздылығы әртүрлі және құндылықтарға байланысты, оның өзі тұлғааралық қарым-қатынас негізіне жатады. Кикілжің кейде екі жоғары сынып оқушыларының өзара қарым- қатынасынан пайда болады, бақталасып екеуі де бірдей үміттенген жігіттің көңілінен шыққылары келеді. Кикілжіңнің сипаты екі жолдастары арасындағы қарама-қайшылықтардан болады, оның бірі арсыз қылықтар жасауға апарады.Белгілі жайт, мұндай кикілжіңдердің сипаты мен себептерін қоғамдық бағалаудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Ондай жағдайлар тұлғааралық кикілжіңдер пайда болуына оның себептенуініңе әкеледі.
Бірлескен іс-әрекеттер үрдісінде кикілжіңдер екі жақты сипатта себептеліп көрінуі мүмкін: пәндік-іскерлік келіспеушіліктер және тұлғалық прогматикалық қызығушылқтары қарама-қайшылықтарынан туындаған кикілжіңдер.
Мынандай жағдайларда егерде, адамдардың өзара әрекеттесуінде жақсы ұйымдастырылған, қоғамдық құңды бірлескен іс-әрекеттер кикілжіңніңді тудыратын пәндік-іскерлік қарама-қайшылыққа ие, ереже бойынша, тұлғааралық қарым-қатынасқа келмейді және эмоционалды шаршаулары мен қастандықтарын байқатпайды.
Ал тұлғааралық прогматикалық сфераларында қызығушылықтары бір-бірін ұнатпауы мен қастандықтары тез байқалады.Адамдардың жалпы бірлескен істерінің жоқтығынан өздерінің өзімшілдік мақсаттары мен бәсекелестік ситуацияда, бірінің ұтып алуы, екіншісінің ұтылып қалғандығын білдіреді. Оның өзі тұғааралық кикілжіңді ұшықтырмау мүмкін емес.
Мынандай ситуацияларда, яғни тұлғааралық прогматикалық қызығушылықтардың әртүрлі позицияда болуы пәндік- іскерлік қарам-қайшылықтармен байқалмайды немесе ұзақ пәндік іскерлік қарама-қайшылықтар біртіндеп тұлғааралық тұрғыда жек көрушілікке әкелуі мүмкін.
Осыған орай, тұлғалық қызығушылықтардың ажыратуларынан уақыт өте келе осындай келіспеушіліктерін тауып және еске түсіреді.
Кикілжіңнің пайда болу себептері, сонымен қатар аңық емес мағыналы тосқауылдарын жеңу, қарым-қатынасқа түсушілер арасындағы өзара әрекеттің орнығуына кедергі келтіруі болып табылады. Қарым-қатынастың мағыналық тосқауылдары- бұл өзара әрекеттесуге қатысушылар үшін болған оқиғалардың мағынасының сәйкес келмеуі, оның ішінде, айтуға талап етілген мағыналары, өтініштері, серіктестеріне бағытталған бұйрықтары,олардың өзара әрекеттері мен өзара түсінісулеріне кедергі келтіреді.
Мысалы, үлкендер мен балалардың өзара әркетеріндегі сөз мағынасындағы тосқауылдардың пайда болуының нәтижесінде, балалар үлкендердің талаптарының дұрыстығын түсініп, бірақ та ондай талаптарды қабылдамайды, өйткені ол бөтен біреудің тәжірибелері, көзқарастары,қатынастары.Көбінесе мағыналық тосқауылдар балаға қатысты дұрыс емес әдепсіз тәрбиенің әсері нәтижесінде пайда болады.
Егерде педагог оқушылардың психологиясын түсініп, көңіл аудара білсе, оның қызығушылықтары мен наным-сенімдеріне, жас ерекшкліктеріне, өткен тәжірибесіне, оның перспективалары мен қиыншылықтарын ескерсе, мағынадағы тосқауылдарды жеңуге мүмкіндіктер береді.
Ең бастысы, балалар мен жасөспірімдердің міндетті түрде өзара түсінікті жақсарту үшін келесі жағдайларда қалыптасуы мүмкін: балаларды үлкендердің тілін алуға үйрету және үлкендердің баланың тілін түсінуге үйрету. Бұл тұрғыда, бала тілін дамыту міндеті емес, жоғарыда айтылғандай, олардың сөздік қорын кеңейту немесе дұрыс айту немесе дұрыс жазу нормаларын меңгерту емес. Тілді дамыту мен қолдану мәндерді қалыптастырумен шектетілмейді. Бұдан басқа да, жалпыға бірдей қабылданған мәндердің жүйесі, сонымен қатар басқа да адам санасындағы деректер тұлғалық мағынаға ие, кейбір ерекше мәндері әрбіреуі үшін дара болып келеді. Тұлғалық мағыналар мен мәндердің арақатынасы А.Н. Леонтьевтің еңбектерінде терең зерттелген. «Тұлғалық мағыналардың мәндерден айырмашылығы... өзіне тән емес «даралықтық мағынасы жоқ» және өзінде бар «психологиялық мағынасы жоқ. Егерде сыртқы сезгіштік адам санасының мәнінің объективті әлемді шыңдықпен байланыстырса, ал тұлғалық мағына, оның өміріндегі ақиқатпен әлемді, оның мотивтерімен байланыстырады.Тұлғалық мағына адам санасының ерекшелігін құрайды». Тұлғалық мағына, яғни адам үшін маңыздысын игеріп, мақсаттарын іс-әрекетпен байланыстырып, оны жүзеге асыру, оған тән айқындалған қажеттіліктерімен қарастырылады.
Бір сөздің өзі, әрекеттер, жағдайлар әр адам үшін түрлі мағыналар беруі мүмкін. Мұғалімдердің оқушыларға ескертулері: «Сен тағы да Петровпен төбелестің» екеуі үшін де бірдей ескертулерге ие. Мәндерін түсіну деңгейінде қарым-қатынасқа түсушілердің өзара түсінісуінде ешқандай да қиыншылықтар болмайды:ол да басқасы да не туралы әңгіме болып жатқанын біледі. Қазақ мақалында «Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда». Бірақ тұлғалық мағынасы әр түрлі болуы мүмкін. Мұғалімдер үшін мектептегі төбелестер -тәртіпті бұзушылық. Оқушы үшін Петрдың мұқатуын қою керектігі ол үшін біршама әлсіздеу болсада, тағы бір байқап көру болуы мүмкін.
Үлкен балалардың тек қана жалпыға танымал сөздердің мәндерін игеріп қана қоймай, сонымен қатар, олармен қабылданған тұлғалық мағыналардың жүйесін, көзқарастарындағы құңдылықтарының және адамгершіліктеріне сәйкес бағдарланған барлық негіздерін білумен тырысады. Ондай тілектер балалармен жалпы тіл табысудың жолдарын табуға, кикілжіңнен қашуға және онсыз келісімге келу де қиынырақ. Ондай мақсаттарды жоғалтпай ( балалардың үлкендердің тілін меңгеруі олардың жеке адамдық мағынасының жүйесіне енуі) үлкендер балалардың жеке адамдық мағынасына терең еніп түсінуіне талпынуы керек. Осындай кезде кіммен қарым-қатынаста болсаң, соның орнына өзіңді қойып көру икемділігін, онымен сәйкестендіруі (идентификациялау) үлкен роль атқарады. Оқушылардың жеке адамдық тұлғалық мағынасындағы жүйесіне енуге икемділігінің болуы және көңілінің соқпауы- педагогикалық қарым-қатынас аумағында жеке адамдық кикілжіңнің туындауының негізі болуы мүмкін.
Тұлғааралық өзара іс-әрекеттің әсер ету жағдайлары.
|
Қарым-қатынастың бірінші жағының болу фактісі ( ақпаратты алмастыру, іс-әрекетте мақсатқа жетудің коммуникациясын орындау), қарым-қатынастың екіншісінде (басқа адамдармен өзін
|
жалғастыру ретінде, өзінің даралығын «тасымалдау») бір адамның екінші адамға әсер етуі назар аудартады. Жеке фактінің қарым-қатынасында, біріншіден (ақпаратты алмастыру, іс-әрекетте мақсатқа жетудің коммуникациясын орындау), қарым-қатынастың екіншісінде (басқа адамдармен өзін қалай жалғастыру) әсер етуге назар аударуда бір адам бір адамға басымырақ болады. Кім әсер етеді немесе кімге әсер етеді деген сұрақты мойындауы да мойындамауы да мүмкін.
Оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық аспектісін қарастырған кезде әлеуметтік әсер ету мәселесі үлкен роль атқарады. Оқыту- бұл ең алдымен ақпараттық үрдіс. Мұғалім білімді оқушыларға береді (керекті ақпараттарды береді) және осыған кері байланыстар жүреді (өз кезегінде, одан ақпараттар алады (жауаптарын тыңдап, бақылауларын тексереді т.б.) берген білімдерді меңгергені туралы көзқарастарын береді, яғни оқушы мұғалімнен алған ақпаратын білімін соған жеткізеді. Өзара іс-әрекеттестік білім деңгейінде орындалады. Жоғарыда айтылып кеткендей, педагог мәндерін беріп қана қоймай, түсініктерін қалыптастырып, сонымен қатар оқушыларға,яғни олар үшін түіснікті мағыналарын тасымалдайды. Мысалы: Ұлы Отан соғысын айтқанда, ол тек ғана қатысушыларды ғана хабарламайды, Брестік қамалды олар қорғағаны дәлел және осыған байланысты нақты дәлелді айтуға үйретеді де соларға өзінің жеке қарым-қатынасын жеткізуге тырысады, мұғалімдерден оқушыларға мағыналардың «тасымалдануы»- тәрбиенің ең маңызды жағы болып табылады. Расында да, мағынаның мәннен ажыратылмауы сияқты, тәрбие де оқытудан бөлінбей бірге жүреді.
Мұғалімдердің оқушыларға әсер етуін жүзеге асыру тәрбиенің міндеті болып табылады, онда тәрбиенушілердің нені көретінін, нені еститінін нақты мағыналардың тасымалдануын болжамдай алады. Әр педагогтар түрлі деңгейде әсер етудің әр қырлы сипатын білдіреді, түрлі міңезде ықпал ете алады.
Эксперименттің келесі түрі өткізіледі. Зерттелушілер бастауыш сыныптың оқушылары болды, оларға әр түрлі ойыншықтар берліді де, қызыл матрушка ойыншығын алып, қозғауға қатаң тиым салынды. Әр баланы сол ойыншығы бар бөлмеге қамап, жасырын түрде бақылау жүргізіледі. Ойыншықпен қалған әрбір балаға байқатпай бақылаулар жүргізілді. Барлық оқушылардан кейбір пайыздағы оқуышалары ғана тиымды бұзды. Эксперименттің екінші сериясында балаларға қызыл жәшікті ашуға тыйым салып, басқа заттармен ойнауға рұхсат етілген. Бірақ та, зерттеушілердің алдына көрінетін жерге өздерінің мұғалімінің суретін қойды. Эксперимент мынандай нәтижені көрсетті, мұғалімнің бейнесін көрсеткенімен шартты «бұзушылар» азаяды, екінші сол қалыпта қалады, ал үшіншісі барынша ұлғаяды. Мұғалімді бір рет еске түсірудің өзі ситуацияның мағынасы өзгертіледі. «Мұғалімнің» қатысуы балалардың «тіл алғыштығын» күшейтеді, ал басқаларына - шартты бұзуға тартып тұруын күшейтеді.
Педагогтың түрлі тиімді ықпалмен әсер етуінде, оның жеке адамдық ерекшелігі жатыр, олардық қабілеттері әр түрлі болғанымен, балаларға өздерінің жекеадамдық мағыналарын жеткізіп жалғастыра алады (осындай құбылыстарды түсіндіру үшін біз «Тұлға» бөліміне ораламыз).
Достық қарым-қатынас
|
Адамдардың қарым-қатынасының негізгі түрі болып, бұл тұрақты өзара қарым-қатынасындағы және өзара әрекетіндегі дара таңдаулы жүйе ретінде, қарым-қатынасқа түсушілердің бір - бірінің арасын жақын байланысын, бір - бірінің қарым - қатынасын өзара жоғары
|
|