Дәріс тақырыбы және тезистер


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары)



бет11/15
Дата02.03.2023
өлшемі78,42 Kb.
#170841
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Дәріс тезистері 3

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әдеби бағыт, ағым, мектеп, бұлардың мақсаты ортақ (қоғамдық өмір шындығын таныту) десек те, олар бір ұғымдар емес, бір-бірінен соншалықты алшақ құбылыстар да саналмайды, керісінше бірімен-бірі тығыз байланысты қатар өмір сүретін құбылыстар. Алдымен, әдеби бағыт пен әдеби ағым мәселесіне тоқталайық. Әдеби бағыт дегеніміз не? Әдеби ағым деп өнердегі қандай құбылысты танимыз? Бұл ретте В.А.Богдановтың мына бір пікірі назар аударарлықтай: “Біздің әдебиеттану ғылымымыз әдебиеттің тарихи даму заңдылықтарын зерттей келе бұл дамудың екі жетекші “координаттарын” анықтады: ол әдеби бағыттар (белгілі бір эстетикалық бағдарлама ұстанған жазушылардың шығармашылық бірлігі) және әдеби ағымдар (өмір-болмысты идеологиялық тұрғыдан ұғып-түсінуде ортақ көзқарастағы қаламгерлер бірлігі). Бұл пікірден әдеби бағыт пен ағымның әдеби дамудың жетекші тенденциялары екендігі, олардың айырмашылықтары мен өзара жақындығы да айқын аңғарылады.
Әдебиет туралы ғылымда бағыт, ағым жайлы пікірталастары да бар. Соның бірі – әдеби бағыт бірінші ме, әдеби ағым бірінші ме деген мәселе. Орыстың бірсыпыра жетекші әдебиетші, теоретик ғалымдары (Г.Н.Поспелов, Н.А.Гуляев, А.И.Ревякин, В.И.Кулешов т.б.) мәселені орыс, еуропа әдебиеттері тарихымен байланыстыра қарастыра келе, бұл ұғымдардың өзара сабақтастығын, әдеби бағыттың біріншілігін анықтап дәлелдеді. Бір әдеби процесс аясында қоғамдық, көркемдік-эстетикалық сұраныс-қажеттіліктерге орай әуелі әдеби бағыттың туып қалыптасатындығы, оның дами, өркендей келе өз ішінен бірнеше әдеби ағымдарға бөлінетіндігі – өнер заңдылығы.
Әдеби бағыт та, әдеби ағым да – тарихи категориялар, оларды белгілі бір кезеңнің қоғамдық шындығы туғызады, белгілі бір уақытта әдеби бағыт та, ағым да өнер сахнасынан кетеді. Тағы бір ескеретін нәрсе әдебиет зерттеушілері, әдебиет теоретиктері классицизм, сентиментализм, тіпті романтизм сынды мәшһүр әдеби құбылыстарды кейде бағыт, енді бірде ағым деп те атайды. Белгілі теоретик ғалым Н.А.Гуляев әдеби бағыттың бірінші екенін тұжырымдай отырып ХІХ ғ. І жартысындағы орыс әдебиетіндегі романтизм бағытының өз ішінде төмендегідей екі ағым болғанын атап көрсетеді:
1) Кертартпа көзқарастағы ақын-романтиктер ұстанған әдеби ағым (Жуковский, Батюшков т.б.);
2) Төңкерісшіл-декабристік көзқарастағы ақын-романтиктер ұстанған әдеби ағым (Рылеев, Одоевский т.б.)* Ал Г.Н.Поспелов болса, орыс әдебиетінде ХІХ ғ. 40-жылдарында “натуралдық мектеп” бағытының ауқымында бірнеше әдеби ағымдар көрініс бергенін айта кеп, Герцен, Огарев, Плещеев, Дуров шығармашылығы бір ағымды, Некрасов, Салтыков-Щедрин –
екінші ағымды, Тургенев, Григорович, жас Панаев үшінші, Достоевский және Бутков шығармашылығы тағы бір ағымды құрады”** деп жазады. Зерттеуші бұл жерде Гогольдің “натуралдық мектебін” әрі әдеби бағыт, әрі әдеби мектеп ретінде қарастырып отыр.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Абай өзінің шығармашылық ізденістерімен төл әдебиетімізде реалистік жаңа жазба әдебиеттің бағытын қалыптастырды. Бұл бағыт осы кезеңдегі әдеби процесте жетекшілік роль атқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет