ақпараттарды беруге болатын құралдар болып табылады. Расында да, соңғы жылдары
осындай құралдар санына мультимедиа құралдары деген атқа ие болған жазу үшін
және дыбыс шығару, фото және видео бейнелер үшін құралдар кіргізілген. Егер жақын
аралықта тиісті сандық өңдеу үшін
құрылымдар пайда болып, кең таралса, осы
құралдар мультимедиа құралдарына жатқызылады.
Мультимедиа құралдарының ерекшелігін ақпараттық түрлерін және оны беру
тәсілдерін білмей түсіну мүмкін емес. Оқытудағы электрондық басылымдары мен
ресурстарын оқып үйрену үшін мәні зор ақпаратты жіктеудің тек негізгі қырларына
тоқталамыз. Ақпаратты жіктеуге мүмкін болатын бірнеше көрсеткіштері бар. Бірінші
көрсеткіш түрінде көру, есту, сезу, дәмін тарту, сияқты адамның ақпаратты қабылдау
кең таралған бөлудің принципін қолдануға болады.
Білім берудің электрондық
басылымдары мен ресурстарын оқып үйрену көзқарасы бойынша компьютерлік және
коммуникациялық техникамен жұмыс істегенде мүмкін болатын, адамға ақпараттық
әсер ету түрлерін ғана қарастырған дұрыс болады. Осылайша, барлық ақпаратты
қабылдау түрлері бойынша негізгі үш топқа бөледі:
1.
Адам көзімен қабылданатын ақпарат, ол көздік
немесе визуалдық ақпарат
деп аталады. Бұл ақпаратқа мәтін, графикалық бейнелер және суреттер,
фотографиялар, мультфильмдер, видеофильмдер жатады.
2.
Дыбыстық ақпарат деп аталатын адамның есту аппаратымен қабылданатын
ақпарат. Бұл ақпаратқа шулар, әуендер, сөз жатады.
3.
Сенсорлық немесе тактильдық ақпарат деп аталатын, арнайы техникалық
құралдармен жұмыс істегенде адамның сенсорлық жүйесімен қабылданатын ақпарат.
Ақпараттың аталған түрлерін басқа көрсеткіштері бойынша да жіктеуге болады.
Олардың бәрі адамның ақпаратты қабылдау тәсілі болып табылады.
Осыған
байланысты келіп түсетін оқытылатын ақпаратты ассоциативті және туралауға бөлуге
болады. Оқушылар ботаниканы оқығанда танысатын өсімдікте мәтіндік немесе сөздік
суреттерді мысалға келтіруге болады. Бұл жағдайда мәтінді оқу немесе педагогтың
сөзін тыңдау, оқушыда бұрыннан бар өсімдіктер туралы түсініктер мен алынған
ақпараттың ассоциациясына алып келеді. Мәтінді оқу немесе сөзді тыңдауда барлық
оқушылардың өсімдіктерді бірдей түсінуіне мүмкіндік бермейтінін түсіну керек.
Әрбір оқушы оқытылатын өсімдікті өзінше қабылдайды.
Тура ақпарат тікелей маңызды, соның қатарында оқыту мақсаттарының назары
бойынша объектілердің қасиеттерін береді. Мұндай ақпарат түріне фотосуреттер,
видеофильмдер, ғылымда шу деп аталатын дыбыстар жатқызылады.
Мультимедиа
құралдарының өзгеше ерекшеліктерінің бірі тура ақпаратты беру және өңдеу
мүмкіндігі болып табылады. Мысалы, ботаника курсында өсімдіктерді оқып –
үйренгенде мультимедиа құралдарын пайдалану, оқушыларға өсімдікті және онда
болатын процесстерді көруге, мүмкін болған дыбыстарды естуге мүмкіндік береді.
Осылайша, мультимедиа түсінігі жалпы мультимедиа құралдары түсінігі, бір
жағынан компьютерлік өңдеу және ақпаратты әртүрлі типте көрсету мен тығыз
байланыста болса,
екінші жағынан, білім алу тиімділігіне әсер ететін электрондық
басылымдар мен ресурстарға байланысты. Мультимедиа құралдарының білім беру
саласына енгізілуі сәйкестендірілген компьютерлік бағдарламалық құралдардың пайда
болуына және олардың мазмұндық артуына, оқытудың жаңа әдістері және
педагогтардың кәсіби шығармашылығының ақпараттану
технологияларын өндіруге
ықпалын тигізеді.
Мысалы, видеофильмдерді сақтауға, өңдеуге және өндіруге мүмкіндік беретін
мультимедиа құралдарын білім беру жүйесіне енгізу, оқытуда қолданылатын
компьютерлік бағдарламаларды жасауға алып келеді. Демек, оқушылар компьютер
мен жұмыс істей отырып, оқу уақытының бір бөлігін оқыту мақсатының көзқарасы
бойынша маңызды болған видеофрагменттерді көруге жұмсайды.
“Тілдің басқа көптеген сөздері сияқты” “мультимедиа”
сөзі бірден бірнеше
әртүрлі мәнге ие болатындығын түсіну маңызды. Мультимедиа – бұл:
Достарыңызбен бөлісу: