Дәріс тақырыбы: Көру анализаторының анатомиясы



бет14/37
Дата12.03.2023
өлшемі118,78 Kb.
#171976
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37
Байланысты:
офтальмо

Негізгі әдебиеттер:
1.Байдо Е. С. Анатомия, физиология и патология органа зрения: Учебное пособие. – Великий Новгород, 2001. – 85 с.
2.Манжуова Л.Н. "Есту, көру, сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы, патологиясы" пәні бойынша дәріс конспектілері/ - 2014

  1. Барашнев Ю.И .,Пономарева Л.П зрение и слух у новорожденных. Диагностические скрининг –технологии., М., наука , 2008. 17-38б.

  2. Ермаков В. П., Якунин Г. А. Основы тифлопедагогики: Развитие, обучение и воспитание детей с нарушениями зрения: Учебное пособие для вузов –М.: ГИЦ ВЛАДОС, 2000. – 238 с.

  3. Байдалинова Б.А. Есту және сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы мен патологиясы. Оқу құралы. Павлодар-2012ж.

Дәріс тақырыбы: Сөйлеу ағзаларының анатомиясы
Аннотация: дәрісте сөйлеу мүшелері, мұрын және оның қосалқы қуыстарының анатомиясы, жұтқыншақ және көмей анатомиясы туралы студенттерге ғылыми нақтыланған мәліметтер беріледі.
Кілт сөздер: сөйлеу мүшелері, мұрын, қосалқы қуыстар, жұтқыншақ, көмей анатомиясы, тыныс жолдары, жоғарғы жақ, ауыз қуысы, т.б.
Жоспары

    1. Мұрын және оның қосалқы қуыстарының анатомиясы

    2. Мұрынжұтқыншақанатомиясы

    3. Көмей анатомиясы

Жоғарғы тыныс жолдарының құрамына мұрын және оның қосалқы қуыстары, жұтқыншақ және көмей кіреді. Мұрын аймағы анатомиялық құрылысы жағынан сыртқы мұрынға және мұрын қуысына бөлінеді.
Сыртқы мұрынның пішіні үш қырлы пирамиданың түріне ұқсайды және оның негізгі қанқасы (тұлға тірегі) терімен жабылған сүйек-шеміршектер болып табылады. Сыртқы мұрының ұшы, түбі (кеңсірік үсті), қыры (қабырғасы), бүйір беттері (ылди қабырғасы) және қанаттары деп ажыратады. Сүйек қанқа бөлігі жалпақ жұп мұрын сүйектерінен және жоғарғы жақ сүйегінің маңдай өсінділерінен тұрады. Жұп мұрын сүйектері бір-біріне өзара дәл тең ортада қосылып мұрын қырын құрайды. Мұрын сүйектерінің сыртқы жақтарында жоғарғы жақ сүйегінің мандай өсінділері орналасқан, бұлар сыртқы мұрының бүйір беті қабырғаларын құрайды. Мұрын түбі мандай сүйектің мұрын (жоғарғы жақ) өсіндісінен құралған. Жоғарғы жақтың маңдай өсінділері және мұрын сүйектері алдыңғы мұрын қылқанымен (остью) бірлесіп бет қанқасының алмұрт тәрізді тесігін құрайды. Бұл тесіктің шеттеріне шеміршектер бекітіледі.
Мұрының шеміршек қанқа бөлігі жұп қосүшкіл және қанатты, сол сияқты қырлы қосымша шеміршектерден құралған, бұлар сыртқы мұрынның бүйір беттерін толықтырады. Мұрынның сыртын май бездері бар тері жауып тұрады. Мұрын түбіне қара тері жабындысы өте жұқа, ал төменгі мұрын ұшы және қанаттары жағында терісі қалыңдау және май бездері көп болады. Мұрын түбіне қарай терісі жақсы қимылдайды және қолға ұсталады. Мұрын қанаттары аймағында тері шеміршекке өте тығыз жабыса біткен, жөндеп қимылдамайды. Тері асты ұлпалары жөнді жетілмеген, бұлар арқылы қан тамырлары, жүйкелер өтеді. Тері танау шеттері арқылы ішке қайрылып 4-5 мм тереңдікте мұрын кіреберісі бөлігінің ішкі қабатын жабады (мұрын қабатының ішкі бөлігін, мұрын орталығын және оның төменгі жағын). Мұрын кіреберісі бөлігінің терісі көп мөлшерде жүн түктерімен жабдықталған және май бездері бар. Мұрын қанаттары аймақтарында тері астында бұлшықеттер орналасқан, бұлар мұрын тесігінің (танаудың) кеңеюіне және тарылуына көп әсер етеді.
Мұрын қуысы сыртқы мұрынның жалғасы болып саналады және ол ауыз қуысы мен алдыңғы бас сүйек ойығы аралығында орналасқан, ал сыртқы жағынан оны көз ұялары мен мұрынның қосалқы қуыстары қоршап тұрады. Мұрын қуысын мұрын орталығы (пердесі) екі бірдей жартыға бөледі, артқы жағынан хоан арқылы мұрынжұтқыншаққа және алдыңғы жағынан танауға ашылады. Мұрын қуысының әрбір жартысы төрт ауатасығыш қосалқы қуыстарымен қоршалған: жоғарғы жақ, торлы, маңдай және сына (негізгі), бұлар өз жақтарында мұрын қуысымен өзара байланысты. Мұрын қуысының әр жартысында төрт қабырға бар: сыртқы, жоғарғы, төменгі және ішкі, артқы қабырғасына хоан (мұрынжұтқыншақ тесігі) сәйкес келеді, алдында ашық қалады және танау арқылы сыртқы ауамен қатынасады.
Жұтқыншақ жоғарғы мұрын мен ауыз қуыстарын төменгі көмей және өңешпен жалғастырады.
Жұтқыншақ қуысы мұрын, ауыз және көмей қуыстарының артында және шүйде сүйек негізі мен алты мойын омыртқаларының алдында орналасқан, ол төменде өңешке өтеді.
Жұтқыншақ бас сүйек негізінен басталып VI мойын омыртқасына дейін жетеді. Жұтқыншақтың бүйір қабырғалары қан-жүйке ірі бағандарының қосынды өрімдерімен шектеседі. Анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне және клиникалық көзқарастарға байланысты жұтқыншақты үш бөлікке ажыратады: мұрынжұтқыншақ (epipharynx), ортаңғы ауыз бөлігі – ауызжұтқыншақ (mesopharynx) және төменгі көмей бөлігі – көмейжұтқыншақ (hypopharnx). Жұтыну актісі мезгілінде және бірсыпыра дыбыстарды шығару уақытысында, мысалы, дауысты дыбысты шығарғанда жұмсақ таңдай көтеріледі, артқа қарай ауытқиды және қысқа уақытқа жұтқыншақтың артқы қабырғасына жанасып, мұрынжұтқыншақты толығымен тұйықтайды. Жұтқыншақ қуысына жеті тесік ашылады: мұрынжұтқыншаққа – екі хоан (мұрынжұтқыншақ тесігі) және есту түтігінің екі жұтқыншақ тесігі, ауызжұтқыншаққа – аран (зев) және көмекейжұтқыншаққа – көмейге өтіс және өңеш ауызы.
Мұрынжұтқыншақ. Жұтқыншақтың мұрын бөлігі хоаналардың артқы жағындағы кішігірім қуыс, жұтқыншақтың ең жоғарғы бөлігі. Мұрынжұтқыншақ тек қана тыныс алу қызметін атқарады, оның қабырғалары қозғалмайды және үстіңгі қабырғалары бар. Мұрынжұтқыншақтың күмбезі-үстіңгі жағында бас сүйек негізінің сыртына бекітілген және шүйде сүйектің негізімен және сына сүйектің алдыңғы-төменгі бөлігімен шектеседі; артында 1 және 2 мойын омыртқаларымен; алдында – екі хоан бар, бүйір қабырғаларында – төменгі қалқандардың артқы-шеткі деңгейінде есту түтіктерінің воронка тәрізді жұтқыншақ тесігі орналасқан. Бұл тесік үстіңгі және артқы жағынын түтік білігімен шектелген, бұл білік есту түтігінің шығып тұрған шеміршекті қабырғасынын жасалған.
Жұтқыншақтың ортаңғы бөлігі (ауызжұтқыншақ). Ол қалай ауаны, солай тамақты өткізуге қатысады, мұнда тыныс және ас қорыту жолдарының түйісуі болады. Ауызжұтқыншақтың алдында ауыз қуысына ашылатын тесік - аран (зев) бар, оның артқы қабырғасы 3-ші мойын омыртқасымен шектеседі. Аран – жұмсақ таңдайдың жиектерімен, алдыңғы және артқы таңдай доғаларымен және тілдің түбірімен шектелген. Жұмсақ таңдайдың ортаңғы бөлігінде өсінді түрінде ұзару болады, бұл кішкене тіл немесе тілшік деп аталады. Жұмсақ таңдай бүйір бөлімдерінде жарылады және алдыңғы және артқы таңдай доғаларына өтеді, бұларда бұлшықеттер салынған (алдыңғы доғада – тілтаңдай, артқы доғада – жұтқыншақтаңдай бұлшық еттері), бұл бұлшық еттер қысқарғанда қарама-қарсы доғалар жақындасады, жұтыну кезінде сфинктер сияқты жұмыс істейді. Жұмсақ таңдайдың өзінде де бұлшықеттер сылынған, бір бұлшықет оны көтереді және жұтқыншақтың артқы қабырғасына қысады, бұл бұлшықеттің қысқаруы есту түтігінің саңылауын кеңейтеді. Жұмсақ таңдайдың екінші бұлшықеті оны қатайтады және жанына кереді, бұл кезде есту түтігінің ұрты кеңейеді, бірақ оның саңылауын басқа бөлімінде тарылтады. Таңдай доғалары аралығындағы үшбұрышты қуыста (бадамша шұңқыршасында) таңдай бадамша бездері (1 және 2-ші) бар. Жұтқыншақ лимфаденоидылық тканьдардың гистологиялық құрылысы біртектес – дәнекертканды талшықтар арасында көптеген лимфоциттердің шар тәрізді топтануы болады, олар фолликулалар деп аталады.
Жұтқыншақтың көмей бөлігі (көмейжұтқыншақ). Ауызжұтқыншақ пен көмейжұтқыншақтың аралық шекарасы болып көмейқақпасының жоғарғы жиегі және тілдің түбірі жатады; көмейжұтқыншақ төменде воронка тәрізді тарылып өңешке өтеді. Жұтқыншақтың көмей бөлігі 4,5 және 6 мойын омыртқаларының алдында орналасады. Көмейжұтқыншақтың алдыңғы және төменгі жағынан көмейге кіру (көмейге өтіс) басталады.
Көмей кіреберісінің бүйірлерінде, бұнымен және жұтқыншақтың бүйір қабырғалары арасында төмен қарай конус сияқты тұрылған тереңдеу шұңқыр бар. Бұл шұңқыр - алмұрт тәрізді шұңқыр (қуыс) деп аталады, бұл алмұрт тәрізді шұңқыр арқылы тамақ өңеш кіреберісіне өтеді. Жұтқыншақтың төменгі бөлімінің негізгі бөлігі көмейдің артында орналасады, сондықтан оның артқы қабырғасы жұтқыншақтың алдыңғы қабырғасы болады.
КӨмейдің клиникалық анатомиясы. Көмей /Larunx/ тыныс алу түтігінің бастапқы көлемі кеңейтілген бөлігі болады, бұл өзінің жоғарғы бөлігімен жұтқыншаққа ашылады, ал төменгі бөлігі кеңірдекке өтеді. Ол тіласты сүйегінің астында мойынның алдыңғы бетінде орналасқан. Арық ер адамдарда көмейдің пішіні /контуры/ жиі жақсы көрінеді. Үлкен ер адамдарда көмейдің жоғарғы шеті IV және V мойын омыртқалары шекарасында болады, ал төменгі шеті VI мойын омыртқасына сәйкес болады. Жаңа туған нәрестелерде, жас және әйел адамдарда көмей біршама жоғары, ал қартаң ер адамдарда керісінше төмен орналасқан.
Жұқа бұлшықеттермен жабылған көмейдің алдыңғы бетін тері арқылы жеңіл басып байқауға болады. Ер адамдарда мойынның жоғарғы бөлігінде томпаң немесе көтеріңкі жер – кадык жақсы байқалады. Ол әйел адамдарда және балаларда жұмсақ және оны қолмен басып анықтау қиын. Алдыңғы төменгі бөлігінде, қалқанша шеміршектің төменгі шеті және сақина тәрізді шеміршектің жоғарғы шеті аралығынан коникалық сіңір аймағын (lig. conicum) жеңіл басып байқауға болады, бұны қажет кезінде асфиксия жағдайында тыныс алысты жедел қалпына келтіру үшін кеседі. Көмейдің бүйір (сыртқы) бетінен жанында қалқанша бездің бүйір бөлігі және мойынның жүйке-тамыр ірі бағандарының қосынды өрімдері жатыр. Көмейдің артқы беті жұтқыншақтың төменгі бөлігімен, ал артқы төменгі шеткі деңгейінде - өңештің жоғарғы бөлігімен шектеседі. Фонация және жұтыну кезінде көмейдің сыртқы бұлшықеттері оны көтереді және түсіреді. Бұндай жылжымалылық функционалдық тұрғыда қажет, ол мыналардың арқасында жүзеге асырылады: көмей жоғарыда бұлшықеттер жәрдемімен тіласты сүйегі, тілмен және төменгі жақпен, төменде төс және бұғанамен жалғасқан. Көмейдің қаңқасы (тұлғасы) түрі бойынша кесілген пирамиданы еске түсіреді, ол байламдармен жалғасқан шеміршектерден тұрады. Бұлардың ішінде үш тақ: көмей қақпасы, қалқанша, сақина тәрізді және үш жұп: ожау тәрізді, Врисберг немесе сына тәрізді, Санторини немесе мүйізді шеміршектер бар.
Сақина шеміршектің алдыңғы және бүйір жарты шеңберінде ең үлкен қалқанша шеміршек орналасқан.
Сақина шеміршектің доғасы және қалқанша шеміршек арасында коникалық байламмен толтырылған кең саңылау бар. Қалқанша шеміршек бұндай атты тек қана оның сыртқы түріне (формасына) байланысты емес, сол сияқты ол мүшенің ішкі бөлігін қорғаудағы ролі үшін алды. Қалқанша шеміршек алдында өзара ортаңғы сызық бойында сүйірленіп тұтастырылған және артқа қарай айырылысқан (бірікпейтін) дұрыс емес төрт бұрышты формадағы екі табақшадан тұрады. Шеміршектің жоғарғы шеткі аймағында ортаңғы бойында ойынды бар. Қалқанша шеміршек табақшаларының артқы төменгі және жоғарғы бұрыштары ұзын енсіз өсінділер түрінде созылған “қалқанша шеміршек мүйіздері” деп аталады. Төменгі мүйіздері тым қысқа, олардың ішкі жақтарында сақина шеміршекпен жалғасатын буын беттері бар. Жоғарғы мүйіздері тіл асты сүйегі жағына бағыттталған. Қалқанша шеміршек табақшасының сыртқы беттерінде қиғаш бағыттағы артынан алға және жоғарғыдан төмен қисық сызық орналасқан, бұл сызыққа үш бұлшықеттер бекітіледі: төс-қалқанша, қалқанша-тіласты және төмен жұтқыншақ қысушысы. Қиғаш сызықтың артқы жоғарғы санында тұрақсыз қалқанша тесігі (gor.thyreodeum) байқалады, бұл арқылы жоғарғы көмей артериясы өтеді. Қалқанша шеміршек табақшаларынан пайда болған бұрыштың ішкі бетінде көтеріңкі жер бар, бұған дыбыс қатпарларының алдыңғы ұшы бекітіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет