Шошқаны электр тогымен есеңгірету. Шошқаны да сиырға арналған бокста Баку әдісімен есеңгіретуте болады. Ток кернеуі 65-100 В, әсер ету уақыты 7-15 сек. Сонымен қатар шошқаны ток көзіне жалғанған қысқыштардың да көмегімен есеңгіретеді, қысқыштар бастың екі жағына қыстырылады. Ток кернеуі 70-100 В, әсер ету уақыты 7-10 сек. - Шошқаны электр тогымен есеңгірету. Шошқаны да сиырға арналған бокста Баку әдісімен есеңгіретуте болады. Ток кернеуі 65-100 В, әсер ету уақыты 7-15 сек. Сонымен қатар шошқаны ток көзіне жалғанған қысқыштардың да көмегімен есеңгіретеді, қысқыштар бастың екі жағына қыстырылады. Ток кернеуі 70-100 В, әсер ету уақыты 7-10 сек.
- Орта және шағын ет комбинаттарында шошқаны 24 В ток көзімен жалғасқан арнаулы иненің көмегімен де есеңгіретеді. Ине құлақ артындағы етке енгізіліп, сол жерде қансыздандыру толық аяқталғанша қалдырылады. Шошқаны электр тогымен есеңгірету қан қысымын жоғарылатып, еттің жүйесіз жиырылуын туғызады. Бұл мүшелердің қанталауына әкеп соғады. Сондықтан шошқаны есеңгіретуге жиілігі жоғары ток көзін пайдаланған тиімді.
- Ірі қараны механикалық жолмен есеңгірету. Малды механикалық есеңгірету үшін ағаш балға, істік (қанжар), пневматикалық, арнаулы пистолеттер қолданылады. Есеңгірету кезінде бас сүйектері бұзылмауы тиіс. Механикалық есеңгіретудің электр тоғымен есеңгіретумен салыстырғанда біршама артықшылығы бар. Атап айтқанда, сүйектің сынуы, мүшелер мен ұлпалардың қанталауы кездеспейді. Еттің сапасы жоғары болады. Бірақ малды бұлай есеңгірету жұмысшылардың жоғары дәрежелі мамандығын қажет етеді және жұмысы ауыр. Механикалық есеңгірету үшін массасы 2,5 кг, сабы 1 м болатын ағаш балға қолданылады. Балғамен байлаулы тұрған малдың мандайынан, оң мүйіз бен сол көздің және сол мүйіз бен оң көзді жалғастыратын сызықтардың түйіскен жерінен соғады. Ұру күші дәл болған жағдайда бас сүйек бұзылмайды және мида қанталау болмайды, есеңгірету 2-4,5 минутқа созылады. Ал соғу күшті болса сүйек сынып, миға қан құйылады, оны тағамға пайдалануға жарамайды. Пневматикалық балға пайдаланғанда соғу күші біркелкі болып, миға зақым келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |