Дәріс тақырыбы: Мал сою технологиясы мен гигиенасы Қарастырылатын сұрақтар


Қансыздану уақыты 5-6 мин. Жақсы қансызданған ірі қарадан тірідей массасының 4,5%-дай мөлшерінде, уақ малдан 3,2%, шошқадан 3,5 % қан алынады



бет13/34
Дата07.02.2022
өлшемі291,46 Kb.
#94288
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34
Байланысты:
каз касапхана

Қансыздану уақыты 5-6 мин. Жақсы қансызданған ірі қарадан тірідей массасының 4,5%-дай мөлшерінде, уақ малдан 3,2%, шошқадан 3,5 % қан алынады.

  • Қансыздану уақыты 5-6 мин. Жақсы қансызданған ірі қарадан тірідей массасының 4,5%-дай мөлшерінде, уақ малдан 3,2%, шошқадан 3,5 % қан алынады.
  • Ұшаны өңдеудің технологиясы мен гигиенасы. Ет комбинаттарында, малды сою бір-бірімен жалғасқан арнайы технологиялық үрдістерден тұрады. Сою технологиясын сақтау алынған өнімнің сапасына, шығымына үлкен әсерін тигізеді. Сою малды асып немесе жатқызып қойып жүргізіледі. Малды жатқан қалпында сою механикаландырылмаған қасапханаларда, үй жағдайында жүргізіледі. Жұмыстың ыңғайлылығы және санитариялық талаптарды орындау малды асып сойғанда оңай, әрі тиімді. Мал түріне байланысты сою технологиясында аздаған өзгерістері бар.
  • Ірі қара ұшасын өңдеу. Мал бауыздалғаннан кейін ары қарай ұқсату бас терісін сыпырудан басталады. Бас терісі сыпырылып, құлағы алынған бас кеудеден шүйде мен ауыз омыртқаның қосылған жерінен ажыратылып кесіліп алынады. Кейінгі санитариялық сараптау кезінде әр малдың мүшелерін оңай тауып алу үшін теріге (іш жағынан), басқа (маңдайына) ұшаға және ішкі мүшелерге бір нөмірмен белгі соғады. Қағаз нөмірлер ағзаларға жақсы жабысады. Басты астыңғы жақ сүйектің қиылысқан жерінен немесе көмекейден (кеңірдек сақинасынан) ілгекке іліп, малдәрігерлік сараптауға дайындайды. Ол үшін жұмысшы тілді ажыратып, бас қуысынан шығарып қояды. Сонда малдәрігерінің көмейді, жұтқыншақты ашып тексеруіне жағдай туады. Бас мал дәрігерлік байқаудан өткен соң оның мүйізі араланады, тілі бөлек алынады да қалғаны ары қарай ұқсатуға (ішек-қарын) өнімдері цехына жіберіледі. Келесі технологиялық жұмыс мал терісін сыпыру болып табылады. Ол іреуден және теріні механикалық жолмен түгел сыпыру­дан тұрады. Іреу дегеніміз малдың терісін механикалық жолмен сыпыруға мүмкіндік беру үшін терінің кейбір бөліктерін денеден пышақтың көмегімен ажырату. Іреу артқы аяқтан басталады. Терісі сыпырылған сирақтан бақайын кесіп, екі аяғының да тілерсек сіңіріне шығыршықты ілгек салып, мал денесі қайта асылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет