конвейерге ілінеді. Осы қалыпта малдың алдыңғы аяғының бауыр, төс, құйрық терілері іреледі. Малдың басын кесіп кеңірдек, өңеш ажыратылады, өңеш байланады. Сонан кейін терінің қалғаны механикалық жолмен сыпырылады. Жалпы іреу кезінде терінің 70% ажыратылады. Қой терісін сыпыруға негізінен барабан тәріздес қондырғылар пайдаланылады. Айналмалы барабанға бір қатар ілгектер орналасқан. - конвейерге ілінеді. Осы қалыпта малдың алдыңғы аяғының бауыр, төс, құйрық терілері іреледі. Малдың басын кесіп кеңірдек, өңеш ажыратылады, өңеш байланады. Сонан кейін терінің қалғаны механикалық жолмен сыпырылады. Жалпы іреу кезінде терінің 70% ажыратылады. Қой терісін сыпыруға негізінен барабан тәріздес қондырғылар пайдаланылады. Айналмалы барабанға бір қатар ілгектер орналасқан.
- Тері шынжырға тұзақталады да екінші ұшы айналып тұрған барабанның ілгегіне бекітіледі. Бұл қондырғылардың екі түрі бар. Олар арқылы теріні бастан құйрыққа қарай немесе керісінше сыпыруға болады. Қондырғы сағатына 100-350 қой терісін сыпыра алады. Терісі сыпырылған малды ара қарай өңдеу тәсілі ірі қараны өңдеумен сәйкес (ішек-қарынды, ливерді алу, ұшаны тазалау). Уақ малдың ұшасы екіге бөлінбейді. Бүйрек, бүйрек майы, жамбас қуысындағы май, құйрық ұшада қалады. Ұша таңбаланғаннан кейін 10-12 бастан арнаулы қондырғыға ілініп, таразыға тартуға жіберіледі. Мұнда әр қондырғыға қоңдылығы бірдей ұшалар ілінеді. Тоңазытқышқа жіберер алдында мал денесінің ішкі қуыстары жақсы желдену үшін құрсақ еттеріне кергіш қойған жөн.
- Шошқаны сою. Қазіргі кезде шошқаны өңдеу оның терісін алу, алмау немесе жартылай алу (крупондау) әдістерімен жүргізіледі. Шошқаның терісін, егер шошқа еті сатуға немесе шұжық дайындауға пайдаланылатын болса алынады. Ал крупондау шошқа етінің кейбір бөліктерінен тұздалған арнайы өнімдер өндіру үшін жүргізіледі. Ал, бекон, ветчина өнімдері дайындалатын болса шошқа терісі алынбайды, үйітіледі.
- Шошқаны терісін сыпырып өңдеу. Қансыздандырудан кейін шошқаның басын кеспей, тек қана шүйдемен атлант арасын ала айналдыра кесіп шығады. Бас тек қана мал дәрігерлік-санитарлық байқаудан түгел өткен соң ғана кесіледі. Теріні іреу артқы аяқтан, тілерсек сіңірін ашудан басталады. Сіңірге ілгек қыстырып шошқа денесі конвейерге қайта асылып іреу ары қарай жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |