Теріні іреу басқа малдай аяқтан емес қыр арқалықтан басталады. Бұл үшін төрт аяғын бүктеп, бауырына жинайды да өркешпен көтеріп, бейне тірі күніндей шөгіп жатқандағы түріне келтіреді. Енді мойынды кесіп алған жерден бастап пышақтың ұшымен иықты баса қыр арқалықты қуалап екі өркештің үстімен жаялықты жарып өтіп, құймышаққа жеткізе теріні іреп шығады. Содан соң алдыңғы екі аяқтың үстіне аудара тіліп тізеліктің үстіне дейін ірейді. Ал артқы аяқтың терісін іреу пышақты таңдықтың бойымен қуалай сыздыртып, тілерсекке дейін кесу арқылы жүзеге асырылады. Енді қасапшылар түйенің екі жағынан тұрып, өркештің ұшынан пышақтың көмегімен теріні түйенің астына басылып жатқан жеріне дейін сыпырады. Содан соң сыпырылған терінің бір қапталын керіп жаяды да түйенің денесін сол тері жайылған жағына жығып, бауыр терісін сыпырады. Ол үшін алдымен екі аяқтың сирақтарын тізеліктегі артқы екі аяқтың сирақтарын толарсақтағы буындарынан кесіп бөлектейді. Тері түгел сыпырылып болған соң, әр өркешті арқа жонының сызығының үстімен омыртқалардың тұсынан бөліп, қом майымен қоса жеке сылып алады. Осыдан кейін қырынан жатқан түйенің денесінің үстіңгі бетіндегі қол жіліктерді, басқа малдардікі сияқты қолтық етті сөге отырып, денеден ажыратады. Қол жіліктер буыннан бөлектенеді. Мұнда есте болатын бір жай кәрі жіліктің өзінде мандымды ет жоқ, сондықтан тоқпан жіліктің етінің денін кәрі жілікке ауыстыра, етті кесіп буыннан бөледі. Қол жіліктер бөлектенген соң, артқы аяқтың екі сан жілігі бөлініп алынады. Бұнда да басқа малдан бұзу ерекшелігі сан жіліктері ең артынан бұзылмайды. Асық жілік пен ортан жілік алынып, жамбастың ұршығынан ажыратылады. Ал жамбас кейін түйенің басқа денесі түгел бұзылған соң ғана алынады. Бұдан соң түйенің денесін қарсы жағына аударып, екінші жағының қол жіліктері, сосын сан жіліктері бөлініп алынады. Содан кейін түйе денесін шалқасынан салып төстің тұсынан кіндіктің үстімен шатқа дейін тура тартып бөліп шығады. Түйенің төс етегін жылқыныкі сияқты қазы деп атайды. Бірақ оны жылқының қазысындай ерекше мән беріп, кәделеп жатпайды, ішекке тықпайды.