Ол температурасы 700°С шамасындағы газ пештерінде жүргізіледі. Сонан соң теріні күйік қалдықтарынан тазарту үшін салқын сумен жуып, ұшаны тез салқындату үшін мұзды сулы астауға түсіреді, Су құстарының қауырсын, жүн қалдықтарын тазарту арнаулы балауызды сұйықтықпен өңдеу арқылы жүргізіледі. Балауызбен өңдеу арнаулы астауларда ұшаны 2-3 рет батыру арқылы орындалады. Әр астаудағы балауызға батыру 3-6 сек, ал бір астаудан екінші астауға жеткізу уақыты 20 сек шамасында болуға тиіс. Балауыз ашық түсті канифол және ақ парафинді балқытып, үстіне 1% әк қосып дайындалады. Балауызбен өңдеу төмендегі әдіспен жүргізіледі. Аяғынан және басынан конвейерде бекітпеген құс ұшасы астаудағы ерітілген балауызға (температурасы 62-65°С) 5-6 сек батырылады, ұшаның басы мен аяғынан басқа денесі түгел балауызбен жабылуы тиіс. Сонан соң ауаны 20 сексалқындатылып, температурасы 52-54°С болатын екінші астауға батырылады. Осылай өңделген құс денесіндегі балауыздың қалыңдығы 1,0-2,5 мм жетеді. Ал ұша бір астауда өңделетін болса, оның температурасы 52-54°С болуы тиіс.

Балауызбен өңдеу цизерин қосылған балауызды қоспамен де жүргізілуі мүмкін. Бұл кезде бірінші астаудағы температура 70-75°С, екіншісінде 70-75°С, ал бір астауда өңдегенде 75-80°С. Осылайша балауыз қоспасымен өңделген құс ұшасы салқын сулы астауда (0-4°С) немесе құбырдағы сумен (12-20°С), (90-120 сек) салқындатылып, балауыздан тазарту машиналарына жіберіледі. Сонан соң құс ұшасын ішек-қарын тазартуға жіберер алдында 20 мин мұзды суда салқындатылады.