Құс союдың технологиясы мен гигиенасы. Мал етімен салыстырғанда құс етінде дәнекер ұлпалар аз. Сондықтан құс еті жұмсақ, дәмді әрі адамға сіңімді. Ал майы, химиялық құрамына байланысты балқу температурасы төмен, ол адам организміне жұғымды. Құс өңдеу өндіріс орындарына құс комбинаттары, ет комбинаты жанындағы құс өндеу цехтары (зауыттары), құс фабрикалары, құс сою қасапханалары жатады. Құс сою орындары да басқа мал өңдеу орындарына қойылатын мал дәрігерлік-санитариялық және гигиеналық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Құс өңдеу орындарына жіберер алдында шаруашылықта арнаулы баптаудан өткізіледі. Шаруашылықта аштық тәртібінен өтпеген құсты өңдеу орындарына жіберуге болмайды. Құсты сояр алдында аш ұстау мерзімі тауық, күрке тауық үшін - 6-8 сағ, ал суда жүзетін құстар үшін- 4-6 сағ. Бұл кезде су беру шектелмейді. - Құс союдың технологиясы мен гигиенасы. Мал етімен салыстырғанда құс етінде дәнекер ұлпалар аз. Сондықтан құс еті жұмсақ, дәмді әрі адамға сіңімді. Ал майы, химиялық құрамына байланысты балқу температурасы төмен, ол адам организміне жұғымды. Құс өңдеу өндіріс орындарына құс комбинаттары, ет комбинаты жанындағы құс өндеу цехтары (зауыттары), құс фабрикалары, құс сою қасапханалары жатады. Құс сою орындары да басқа мал өңдеу орындарына қойылатын мал дәрігерлік-санитариялық және гигиеналық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Құс өңдеу орындарына жіберер алдында шаруашылықта арнаулы баптаудан өткізіледі. Шаруашылықта аштық тәртібінен өтпеген құсты өңдеу орындарына жіберуге болмайды. Құсты сояр алдында аш ұстау мерзімі тауық, күрке тауық үшін - 6-8 сағ, ал суда жүзетін құстар үшін- 4-6 сағ. Бұл кезде су беру шектелмейді.
- Өңдеу орнына түскен құс партиясының малдәрігерлік куәлігі тексеріліп, мал дәрігерлік бақылаудан өткізген соң, оны комбинатқа кіргізу және сою тәртібі шешіледі. Мал дәрігерлік бақылау кезінде құстың қозғалысына, ауыз, тұмсық, көзден аққан сұйықтықтарға, қауырсынның тазалығына, айдарына назар аударады. Саулығы күмәнді құс табылған партиядағы құстар жеке-жеке тексеріледі. Жіті жұқпалы ауру шыққан немесе күдікті (гриптен басқа) және туберкулез ауруы бар шаруашылықтан әкелінген құсты жеке топпен ішек-қарынын толық ақтару арқылы өңдеуге жіберіледі. Ішек-қарынын жартылай ақтару арқылы союға тек қана дені сау құс жіберіледі. Құсқа мал дәрігерлік куәлік болмаған, немесе құжаттағы деректерде сәйкессіздік табылған жағдайда, олар 3 тәулікке карантинге қойылады. Құс тұмауымен ауырған немесе осы ауруға күдікті құсты союға рұқсат етілмейді. Құс комбинаттарында құсты сою және өңдеу арнаулы механикаландырылған жолда жүргізіледі. Құстың түріне байланысты технологиялық тәртіптің аздаған өзгерістері бар. Конвейерде бір уақытта құстың
Достарыңызбен бөлісу: |