Дәріс тақырыбы: Мал сою технологиясы мен гигиенасы Қарастырылатын сұрақтар



бет32/34
Дата07.02.2022
өлшемі291,46 Kb.
#94288
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
каз касапхана

Құстың ішек-қарынын ақтару. Құсты ішкі ағзаларынан ажырату толық немесе жартылай түрде жүргізілуі мүмкін. Құстың ішкі ағзаларынан толық тазарту барысында оның басы екінші мойын омыртқа тұсынан, ал сирақтары толарсақ буынынан, қанаты шынтақ буынынан кесіледі. Ал ішек-қарынын алу үшін көк ет артқылы тесіктен (көтеншек) төс сүйектің басына дейін тілінеді. Сонан соң көтеншекті айналдыра кесіп суырады да, құс ұшасының ішінен ішек-қарын, бауыр, етімен жүрек, көк бауыр бәрі бірге сыртқа шығарылып, ұшада салбыратып қалдырады. Жемсауын, кеңірдегін, өңешін шығару үшін мойынның төменгі жағының терісін ұзынан тіліп, суырып алады. Өкпе, бүйрек вакуумды қоңдырғылардың көмегімен алынады немесе ұшада қалдырады. Осылай толық тазалау жүргізгенде мал дәрігерлік сараптау жұмысы жеңілдейді және барлық мүшелерді тексеру мүмкіншілігі туады. Құстың ішек-қарынын жартылай аудару әдісі бойынша өңделгенде, оның тек қана ішегі және көтеншегі алынады. Бұлай өңдеу кезінде малдәрігерінің жұмысы қиындайды, ұшаның санитарлық тазалығы төмен болады.

  • Құстың ішек-қарынын ақтару. Құсты ішкі ағзаларынан ажырату толық немесе жартылай түрде жүргізілуі мүмкін. Құстың ішкі ағзаларынан толық тазарту барысында оның басы екінші мойын омыртқа тұсынан, ал сирақтары толарсақ буынынан, қанаты шынтақ буынынан кесіледі. Ал ішек-қарынын алу үшін көк ет артқылы тесіктен (көтеншек) төс сүйектің басына дейін тілінеді. Сонан соң көтеншекті айналдыра кесіп суырады да, құс ұшасының ішінен ішек-қарын, бауыр, етімен жүрек, көк бауыр бәрі бірге сыртқа шығарылып, ұшада салбыратып қалдырады. Жемсауын, кеңірдегін, өңешін шығару үшін мойынның төменгі жағының терісін ұзынан тіліп, суырып алады. Өкпе, бүйрек вакуумды қоңдырғылардың көмегімен алынады немесе ұшада қалдырады. Осылай толық тазалау жүргізгенде мал дәрігерлік сараптау жұмысы жеңілдейді және барлық мүшелерді тексеру мүмкіншілігі туады. Құстың ішек-қарынын жартылай аудару әдісі бойынша өңделгенде, оның тек қана ішегі және көтеншегі алынады. Бұлай өңдеу кезінде малдәрігерінің жұмысы қиындайды, ұшаның санитарлық тазалығы төмен болады.
  • Малдәрігерлік-санитариялық сараптау арнаулы ережелерге сәйкес жүргізіледі. Сарапшының жұмыс орны жарық, жұмыс істеуге ыңғайлы болуы керек. Құстың ішек-қарынын ақтару науаның үстінде жүргізіледі. Өкпе-бауыр, қарын, мойын малдәрігерлік тексеруден өткеннен кейін, 10 мин салқын суда (2-4°С) тазартылып, салқындатылып бөлінгеннен кейін целлофан қалталарға салып, салқындатылған құс ұшасының ішіне салуға жіберіледі немесе бөлек сорпалық жиынтық ретінде шығарылады. Ал құстың денесі 4°С дейін салқындатылып, сорттауға жіберіледі. Салқындатылған ұша қоңдылығына және өндеудің тазалығына қарай бірінші, екінші категорияға бөлінеді. Таңбалау электр таңбалаушы құралдың көмегімен немесе қағаз жарнама жапсыру арқылы жүргізіледі. Таңбалаған ұшаны бүтін қүйінде немесе арнаулы орауыштарға орап, жәшікке салып, мұздатуға жібереді. Мал дәрігерлік тексеруден өткен құс ұшасы өндіріс орындарынан суытылған, салқындатылған немесе мұздатылған түрінде шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет