Дәріс тақырыбы



бет4/6
Дата08.11.2023
өлшемі3,99 Mb.
#190255
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс - Қанның ұюы (Гемостаз).

Тромбоциттер агрегациясы.

  • Адгезиямен қатар тромбоциттердің агрегациясы, яғни олардың ісінуі және зақымдалған қантамырлар аймағында пайда болған өсінділері арқылы бір-біріне жабысуы және тығынды қалыптастыруы жүреді. Агрегацияның маңызды ынталандырушыларына коллаген, АДФ, катехоламиндер, серотонин, сонымен қатар арахидон қышқылы, тромбин, тромбоксан А2 жатады. Адгезия мен агрегацияға ұшыраған тромбоциттерден агрегация процесін күшейтетін заттар белсенді түрде бөлінеді. Тромбоциттердің агрегация процесі екі кезеңге бөлінеді: қайтымды және қайтымсыз агрегация.

3. Тромбоциттердің қайтымды агрегациясы (кептелуі).

  • Қайтымды агрегация – тромбоциттердің жарақат орнында жиналып және оларды бір-біріне жабысуы. Агрегация адгезиямен бір мезгілде басталады және зақымдалған тамыр қабырғасының, сондай-ақ тромбоциттер мен эритроциттерден биологиялық белсенді заттардың (ең алдымен АТФ және АДФ) бөлінуінен туындайды. Нәтижесінде қан плазмасы арқылы өте алатын бос тромбоциттер тығыны (ақ тромб) пайда болады.

4. Тромбоциттер қайтымсыз агрегациясы

  • Қайтымсыз агрегация тромбоциттердің ұйынды құруы, олар құрылымын жоғалтып, біртекті массаға қосылып, қан плазмасын өткізбейтін фибринді – қызыл тромб түзеді. Қайтымсыз агрегация процесі тромбоциттерден биологиялық белсенді заттардың: серотониннің, гистаминнің, ферменттердің және қанның ұю факторларының бөлінуіне әкеледі. Олардың бөлінуі тамырлардың екіншілік тарылуына ықпал етеді. Тромбоциттік фактор 3-тің бөлінуі тромбоциттер протромбиназасының түзілуіне, яғни коагуляциялық гемостаз механизмінің қосылуына әкеледі. 5 тромбоциттердің агрегаттарында аз мөлшерде фибриндік жіпшелер түзіледі, олардың араларында қан жасушалары сақталады.

5. Ретракция

  • Ретракция – қан ұйындысының нығыздалуы. Тромбоциттерден арнайы протеин, тромбостеин бөлінеді, оның әсерінен тромбоциттер тығыны азаяды және тромбоциттер тромбы түзіледі. Тромб тамырдың зақымдалған жерін мықтап жабады, қан тоқтайды. Қалыпты жағдайда ұсақ тамырлардан қан кетуді тоқтату 2-ден 4 минутқа дейін созылады. Клиникадағы бұл көрсеткіш қан кету уақыты деп аталады.
  • Коагуляциялық гемостаз –бұл қан ұю факторлары мен олардың жиынтықтарының белсенуі біртіндеп ретімен орын алатын, тізбекті ферментативтік үдеріс.
  • Қанның еритін фибриноген белогының ерімейтін фибринге айналуы. Нәтижесінже тығыз фибриндік тромб түзіледі.
    • КОАГУЛЯЦИЯЛЫҚ ГЕМОСТАЗ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет