Дәріс 8.
Тақырыбы: Отбасындағы ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым-қатынастан туындайтын қақтығыстар және оның алдын алу мәселелері.
Жоспары:
1.Отбасындағы ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым-қатынас
2. Қақтығысты шешудің жолдары және оның алдын алу мәселелері
Отбасы мүшелерінің нәтижелі өзара әрекет етуін қамтамасыз ету, ата-аналар және ерлі-зайыптылар қабілетін дамыту болып табылады. Ата-ана және ерлі-зайыптылар арасында нәтижелі әрекетті арттыруға байланысты оқыту тренингтері жүргізілуде. Жеке сабақтар тұлғааралық қатынаста ата-ана мен бала және ерлі-зайыптыларда нәтижелілікті қалыптастыру, отбасы ішілік өзара қатынасты көтеруге байланысты жүргізілуде.
Отбасы дамуы процесс барысында бірыңғай жүйе ретінде бірнеше кезеңдерден өтеді. Отбасы дамуы некелік одақтың құрылуынан басталады да, бірінші баланың туылуы, келесі баламен жалғасуы,осылайша жаңа деңгейлерге өте береді. Алғашқы жылдарда отбасының өмір сүруі кішкентай балаларды күтіп – бағумен тығыз байланысты. Баланың мектепке баруы, ата – анамен бала арасында қашықтықты орнатады және ол тез арада ұлғаяды. Бала өз өміріне ата – ана тарапынан тәуелсіздік алу процесіне,оның мәні мен міндеттерін қайта қарастыруға мәжбүр болады.
Отбасы ұясынан балалары ұшып кеткенде, ерлі – зайыптылар жеке қалып, бағып – қағу ауыртпашылығынан құтылады. Мүдделі болғанда бұл процесс жаймен жүруі тиіс, яғни баланың өсіп- жетілуіне орай ата – ананың жаңа қажеттіліктер мен күтулері және оған жеке дайындалу мүмкіндігі болады. Ал тәжірибе жүзіне келсек көптеген ата – аналар осыған дайын болмайды, өйткені бірге өмір сүрген алғашқы 15 жыл ішінде өздерінің өмірін баланы бағып – қағуға арнап, көбіне басқа қажеттілік пен ролдерге қатысы жоқтай сезінеді.
Қақтығысты шешудің жолдарымен айналысатын мамандардың көбі, қақтығысты басқару процесі көптеген факторларға байланысты, олардың көпшілік бөлігі басқару әсеріне оңайлықпен берілмейді. Мысалы, жеке тұлғаның көзқарастары, индивидтердің, топтардың қажеттіліктері мен мотивтері. Қалыптасқан стереотиптер, түсініктер, ырымдар шешімді қабылдаушылардың әрекеттерін жоққа шығаруы мүмкін. Қақтығыстың түріне қарай шешімерді іздеумен әртүрлі салалар айналысуы мүмкін: ұжымның басшылары: персоналды басқару саласы, психолог және әлеуметтанушы бөлімі, кәсіподақ ұйымы, милиция, сот.
Қақтығыстың шешімдері: қақтығысты тудырушы себептерді тұтасымен немесе жекелеп жою болып табылады, сонымен бірге оған қақтығысқа қатысушы жақтардың мақсатын өзгерту де жатады. Қақтығысты басқару–бұл қақтығысты тудырушы себептерін жоюға (минимазациялауға) қатысты бағытталған әсер, немесе қақтығысқа қатысушы жақтардың қимыл-әрекетін өзгерту. Қақтығысты басқарудың көптеген әдістері бар. Үлкейте отырып оларды, әр қайсысының өзінің қолдану ережесі бар саласы болатын, бірнеше топшалар түрінде көрсетуге болады.
- тұлға ішіндегі: яғни жекелеген тұлғаға әсер тетін әдістер.
- құрылымдық, яғни ұйымдастыру қақтығыстарын жою әдістері
- тұлға аралық әдістер немесе қақтығыстағы қимыл-әрекетттің стилі.
- келіссөздер.
- жауап ретіндегі агрессивті қимыл-әрекеттер, әдістердің бұл тобы тек шектен тыс шығып кеткен жағдайда ғана, барлық мүмкіндіктер таусылған кезде ғана қолданылады.
Адамдар арасындағы іскерлік қатынастың рационалды әдісіне болып ауызша және телефон арқылы сөйлесу жатады. Ауызша қатынастың келесі түрлері көрсетіледі: әңгіме, дисскусиялар, таластар. Ал жазбаша іскерлік қатынастың түрлеріне көбінесе іскерлік хат, өтініш, өмірбаян, мінездеме, түсініктеме, довереность, протокол т.б.Қақтығысты ситуацияны жасаудың басында немесе қақтығыстың өзінің жүзеге асуының басында оған қатысушы жақтар, форманы, өзінің бұдан кейінгі қимыл-әрекетінің стилін, таңдау қажет, және бұл олардың қызығушылықтарына неғұрлым аз дәрежеде ықпал етуі керек. К.Томас және Г.Килмен қақтығысты ситуациядағы қимыл-әрекеттің бес негізгі стилін бөліп қарастырады:
- бейімделушілік, орын беру;
- бас тарту;
- қарама-қарсы күрес;
- әріптестік қызмет;
- келіссөзге келу.
Достарыңызбен бөлісу: |