Дәріс 10.
Тақырыбы: Шиеленістерді тиімді жолмен шешу әдіс-тәсілдері.
Жоспары:
1.Шиеленістерді шешу және қарым-қатынастық кедергілер.
2.Балалармен тұлғаар алық қарым-қатынас орнатуда ұсынылатын кеңестер.
Қарым-қатынас – бұл адамның басқа адамдармен өзіндік өзара әсерлесуі және біріккен іс-ә рекетте өзара қатынасының дамуы. Қарым-қатынастық кедергілер қарым-қатынастың нәтижелігі біздің қоршаған ортаны және адамдарды қабылдауымызға байланысты. Олар психикалық кедергілер қарым-қатынастағы кедергілер адамның өзара үйлесімді ара қатынас жасауына түрлі сатыдағы кедергілер.
Адамдар жан-жақты дамыған қалпында жаралмаған, сондықтан реніштерді көңілге алып қалып, есесін түгелдей қайтару үшін ызамен жауап береді. Әрине, ренішті кешіре білу – бұл жоғары жетістік және этикамен қоса барлық діндер мұны құптайды. Бірақ осындай жетістікке барлық адам жете қоймаған өз ар-намысын, өз жан тыныштығын сақтау адамзат қажеттіліктерінң бірі болып табылады. Даулы мәселені шешуде адамның бойындағы барлық игі қаиеттерді қалыптастыру үшін адамдармен бірлесіп әр түрлі жаттығулар жасауы, өмірлік жағдаяттарға байланысты пікір алмасуы, оның дұрыс-бұрыстығын талқылауы жүйке жұмысының қызметін нығайтып, түрлі ауру-сырқаудың алдын алуға мүмкіндік береді. Қарым-қатынас – тұлғаның сыртқы объектіге, адамға, рухани байлыққа, әлеуметтік ортаға қатынасын білдіретін экзопсихикалық ұғым.
А.Н.Леонтьев, И.Ф.Харламов қарым-қатынас ұғымына мотив ұғымының мазмұнын, В.Н.Мясищев оны қажеттілік ұғымының мазмұнымен теңестірген. Кейбіреулері қарым-қатынастың бағыттылықпен (Н.Д.Левитов), позициямен (Б.Г.Ананьев, А.К.Маркова), сезіммен (С.Л.Рубинштейн), мінез-құлықпен (Б.Н.Теплов), қызығушылықпен (П.И.Иванов, А.П.Архипов), әлеуметтік белсенділікпен (Б.Ы.Мұқанова) байланыстылығы туралы пікірлерін айтқан.
Қарым-қатынасты қызметтік тәсіл позициясы тұрғысынан зерттеушілер И.А.Зимняя, А.Н.Леонтьев және Г.М.Андреевалардың пікірінше, қарым-қатынас – бұл адамдар арасындағы байланысты орнату мен дамытудың, олардың арасындағы бірлескен қызметтік қажеттіліктерден туындайтын, сонымен қатар өзара ақпарат алмасу, өзара байланыстың біркелкі стратегиясын қалыптастыру, басқа адамдарды қабылдау мен түсінуді қамтитын күрделі көп салалы үдеріс.
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде алынған білімді нақты жағдайда пайдалану икемділігін меңгерген, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Психология ғылымында психологиялық ұжымдағы болып жатқан түрлі жағдайларды шешу, қызметкерлердің қарым-қатынас жағдайларда болып жатқан шиеленісті жағдайлардан сауатты, дұрыыс шығу, бұл жағдайларды басқару мәселесін шешуде қолданылатын психологиялық білімдерді практикада қолдану – пссихологияның өзекті мәселелердің бірі.
Адами өркениет тарихы шиеленістердің көптүрлерімен бірге даму процесінде қалыптасқан. Ежелгі заманнан-ақ адам қоғамы пайда болған шиеленістерді тиімді жолмен шешу әдіс-тәсілдерді іздестіріп, шиеленіссіз қоғамда өмір сіруді армандайды. Ежелгі құлпы тастарда, Қорқыт ата еңбектерінде адамаралық қатынастарда шиеленістерге жол жоқ деген пікірлерін білдіріледі. Ұлы Әбу Насыр Әл-Фараби адамар арасында қарым-қатынас болмаса ол өзімен өзі және басқалармен шиеленіске түседі деген ой білдіреді. Жүсіп Баласағұн “Құтты білік” еңбегінде, Махмұд Қащқари де адамдардың арасындаға жақсы қасиеттерге көңіл бөлген. Шиеленістану ғылымы – бұл басқа ғылымдарға қарағанда жаңа ғылыми пән. Бұл ғылым шиеленістің табиғаты мен оның шешу әдістерін қарастыра отырып, бірнеше ғылымның зерттеу объектісі болып табылады. Олар: социология, психология, әлеуметтік психология, саяси экономика, политология, криминалистика, педагогика және бірнеше математикалық ғылымдар. Оның бағасын анықтау өте қиын.
Шиеленіс – бұл қоғамдық ортаны анықтаудың басты элементі, қоғамның әлеуметтік динамикасы мен дамуын қарастырушы. Шиеленіс проблемасы адамзат ойының басты элементі болып табылады. Кейде бұл адамзат ойына үстемдік етеді.
Қазақстан егемен елдің жастары халықтық тәрбиенің түрлерін, асыл мұраларын өз бойына меңгере отырып, жаңаша түрлендіріп дамытулары керек. өткен қоғамда жасалған адамгершілік мұрасын зерттеп, оның озық үлгілерін, өнегелерін бүгінгі күннің адамгершілік тәрбиеге ендіру ең кезек күттірмейттін мәселе.
Халық педагогикасында жанұя қатынасының өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, балаға деген мейірімділік, екіншіден, талапкерлік.
Ата-ананы, үлкендерді, туысқандық байланыстарды терең құрметтеген ұлттың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлер негізінде ата-ана беделі өседі. Сондықтан да, халықтық тәрбиенің негізі қаталдық пен мейірімділіктің қатар болуы.
Қазақ халық педагогикасында үлкендердің, ата-ана істерін үлгі ету, ұят, намыс, ар сөздерін жиі пайдаланған. Олар сендіру, үйрету көтермелеу әдістерімен іске асырылып отырған.
Туысқандық байланыстың беріктігі, ата-ананы құрметтеу, ата-ананың баламен бірге тұруы, ұл баланың ата-ана алдындағы жауапкершілігі, туысқанның өзара көмегі—қазақ халқының жазылмаған заңы бола тұрып, балалар мен жастарды адамгершілікке тәрбиелеу құралы бола білген.
Халқымыздың “балаңды бес жасқа дейін патшаңдай сыйла, бес жастан он жасқа дейін құлыңдай жұмса, одан соң өзіңе ақыл дос сана”-деген даналық қағиданың педагогикалық-психологиялық мәні тереңде жатыр.
Халық педагогикасының негізі—баланың тілінің шығуы, оның физиологиялық психологиялық және дененің дамуына байланысты жас кезеңдеріне бөлінеді. Осыған орай халық дәстүрі балаға жеті атасын, ру елін, туған жерін, халқының тарихы жайында мәліметтерді үйрету.
Қымсынуға жақын халқымыздың қасиеттерінің бірі—ұялшақтық болған. Ұялшақтың әдетте үш жастан кейін пайда болған. Бала өскен сайын ұялшақтық сезімі ұлғая түсіп, әсіресе жасөспірім кезінде күшейе түседі. Оның қандай деңгейде болатыны адамның жеке басының ерекшеліктеріне, сондай-ақ, отбасы тұрмысының жағдайына байланысты. Егер отбасында адам тәніне, мінезіне арнайы мән берілсе, онда қыздар мен ұлдардың бойында жақсы мінез, абырой қасиет тәрбиелейді.
Психолог А.К.Ленцтің айтуына қарағанда “ұялу бойжеткендерді биологиялық және әлеуметтік зиянды, қажетсіз байланыстан сақтайды. Ол адамның инстинктін реттеп бақылайды”. Қорғану сипатындағы қимыл-қозғалыстар—төмен қарау немесе басқа жаққа қарау, бетін қолымен жабу, бұрылып кету, бір нәрсенің артына тығылу т.б. ұялудың белгісі болып табылады. Сонымен бірге ұялу тек қорғаныс қана емес, бұл тартымдылықтың да белгісі, ал ұялған адам ұнатпаған адам емес, өз көңілін аударған кісі. Бойжеткен қыз баланың өздері іштей ұнататын және көңіл аударуға лайықты деген ер адамның алдында ұялатыны кездейсоқ емес.
Бүгінгі қайта құру, жаңару, қазақ халықтың егемендік алып, өзіндік туы, ел таңбасы, ел ұранының дүниеге келуі тәлім тәрбиеде кеткен ағаттықтар мен ауытқушылықтарды жою үшін тәрбиені жетілдіріп, білім мен тәлімдік істерді уақыт талабына үйлестіре құрудың қажеттілігін туғызып отыр. Сол мәселеден қарағанда бүгінгі таңда қазақ халқының мыңдаған жылдық дәстүрі мен мәдениетін қарастыра отырып, дәстүрлі қазақ жанұясындағы тәрбие ерекшеліктерін және ата-ана мен бала қатынасын қарастыру бүгінгі таңдағы қажет, кезек күттірмейтін мәселе.
Достарыңызбен бөлісу: |