Дәріс 9. Тақырыбы: Балалар мен үлкендер арасындағы жанжалдар мен келіспеушілікті шешу ерекшеліктері.
Жоспары: Қазақ отбасы сол халыққа тән мәдени болмыстың негізін анықтап шығармашылық қарым-қатынас жүйесін қалыптастыруда әлеуметтік, тарихи, психикалық басқа да компоненттермен қосылып алғышарттар функциясын атқару. Отбасы — адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат қағар, ошақ қасы, үйі, алтын бесігі. Отбасы адам қоғамының ең негізгі және өте ертеде пайда болған алғашқы бірлестігі. Бұл адам әулетін дамытып, бала әкеліп, өсіру, отбасы мүшелерінің тіршілігіне қажетті жағдай жасау. Отбасының берекесі, ондағы жағдай, оның мүшелерінің барлығына әрдайым әсер етеді.
Ата-аналардың балалармен өзара әрекеттестігі және өзара қатынасы отбасы тарихымен тығыз байланыста. Отбасы бұл — баланың өзі және басқалар туралы ойы қалыптасатын оның әлеуметтік табиғи және рухани мәдениетінің орталығы. Ата-аналармен өзара әрекеттестігінде балалар басқалармен қарым-қатынас әдісін меңгереді. Олар баланың өмірдегі бірінші және басымырақ оқытушылары болып саналады. Отбасы мүшелерінің үлкендері мен кішілерінің арасындағы сыйласымдық “балалардың өз құрбыларымен, ересектермен араласуында”, олардың тәрбиесіне және және жан-жақты дамып, өсіп жетілуіне игі ықпалын тигізеді. Ата-аналар жас баланың өз ойын пікірін көзқарасын дәлелді түрде жеткізуге түсінбегендерін шыдаммен ұғындырып, теріс түсініктерін жөнімен айтып беруі абзал. А.С.Макаренко “отбасының бала дамуы мен ақыл-ойының жетілуіне ықпалы туралы айтып келемін. Жақсы да жаман да отбасылар болады. Отбасы ойдағыдай тәрбиелейді деп кепіл болуға болмайды және жанұя қалай тәрбиелесе, солай тәрбиелесін деп біз де айта алмаймыз. Себебі отбасылық тәрбиені біз ұйымдастыруға тиістіміз” .
Ата-ана мен бала қатынасы ғасырлардың өзекті мәселесі болып саналады және әрі қарай жалғаса береді. Бұл мәселені шешуде отбасындағы ата-ана мен бала қатынасы олардың өзара әрекеттестігін зерттеу маңызды.
Даналардың сөзі ұрпақ үшін тек танымдық дүние ғана емес, ол ата-аналар үшін де аңсап, сусап, оқитын тәлімдік, тәрбиелік өнеге.
Осы орайда ойы терең, өмірлік түйгені мол өз заманының ақылгөй даналары былай деген:
1. Бала — бақытың! Яғни оның қасыңда барына қуан! Ол өзі қандай болса, солай қабылда, оны қорлама, жәбірлеме, оны өзіне деген сенімінен айырма, оны нақақтан жазалама, оны өзіңнің сенімінен мақұрым етпе, сені жақсы көруіне жағдай тудыр.
2. Балаңды қорға! Яғни оның жаны мен тәніне қауіпті нәрселерден сақта, тіпті егер қажет болса, жеке мүдделерді құрбан етіп, басыңды қатерге байлай отырып қорға.
3. Балаңа жақсы үлгі бол! Саналы болса, балаң — бақыт, санасыз болса — сорың. Оның бойына дәстүрлі құндылықтарға деген құрмет сезімін дарыт, өзің де сол құндылықтарға сәйкес өмір сүр, балаға жауапкершілік сезіммен қара. Балаға үй-іші тату, қарттарын құрметтеп, жақсы көретін, барлық туған-туысқандарымен етене жақын әрі шынайы байланыста болатын отбасы, ошақ қасы керек.
4. Балаңмен балаша ойна. Яғни балаңа арнайы уақыт бөл. Балаңды бес жасқа дейін патшадай күтіп, ханша ардақта! Оған қалай сөйлеп, қалай ойнау ұнаса, солай сөйлеп, солай ойна, оның ойынына шындап ден қой, оның ұғым түсініктері әлеміне бейімдел. Мақсат мүддесін орында. Қиял арманына сен!
5. Балаңмен бірге еңбектен. Балаң жұмысқа қатысқысы келгенде, оны демеп жібер (үйде, бақта, бақшада). Балаң өсіңкірегенде шаруашылыққа қажет барлық жұмыстарға қатыстырып үйрет.
6. Балаңа оңай болмаса да, өз бетімен өмірлік тәжірибе алуына жол бер. Бала өз басынан өткерген тәжірибені ғана мойындайды. Оған өзінің жеке тәжірибесін жинақтауға мүмкіндіктер бер, тіпті бұл белгілер бір тәуекелмен байланысты болған күнде де солай істе. Шамадан тыс қорғаштаған, қауіптің қайсысынан да “қамсыздандырылған” бала, жағдайда, әлеуметтік мүгедекке айналады.
7. Балаға адамның бостандықтарының мүмкіндіктерінің шектерін көрсет. Ата-ана баланың әрқайсысының қабілеті мен ерекшеліктеріне сәйкес адамның жеке басының дамуымен тұлғалануының тамаша мүмкіндіктерін ашуға тиіс. Сонымен бірге оған кез-келген адам отбасында, небір ортада және жалпы қоғамда өзінің іс-әрекеттерінің белгілі бір шектерін (заңды ұстану және өмір салты ережелерін сақтау, ата-анасы мен ересектерінің ақыл-кеңесін тыңдау) мойындауы және сақтауы тиіс екенін үйрету қажет.
Отбасы қызметтерінің бұзылуы – отбасының өз қызметтерін атқаруға кедергі жасап, қиындататын, оның өмір әрекетінің ерекшеліктері. Бұзылуларға септігін тигізетін факторлардың шеңбері кең: оның мүшелерінің тұлғаларының және олардың арасындағы өзара қарым-қатынастың ерекшеліктері, жанұя өмірінің белгілі бір жағдайлары. Мысалы, жанұяның тәрбиелік қызметінің бұзылуының себебі ата-аналарда сәйкес білімдер мен дағдылардың болмауы және олардың қарым-қатынасында бұзылулардың болуы мүмкін (тәрбие мәселелері жөнінде қақтығыстар, жанұяның басқа мүшелерінің кірісуі т.б.).