Дәріс Тақырыбы



бет8/17
Дата15.05.2024
өлшемі76,89 Kb.
#202232
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
1 Лекция Конфликтология

Дәріс 6.
Тақырыбы: Стресске тұрақтылық – конфликтіні алдын алудың жолдары.


Жоспары:
1.Келіспеушілікті шешудің құрылымдық тәсілі
2.Стресс және басқару.

Психологтар келіспеушілік жағдайды шешудің бірнеше тәсілін ажыратып, оны екі категорияға бөледі: құрылымдық және жеке адамдар арасындағы. Басшы әуелі келіспеушілік себебін анықтауы, содан кейін кез келген тәсілдің біреуін қолдануы тиіс.


Келіспеушілікті шешудің құрылымдық тәсіліне жататыны: жұмыс талабын түсіндіру, үйлестіру және интеграциялық механизмдер, жалпы ұйымдық комплексті мақсаттарды орнату және көтермелеу жүйесін қолдану.
Келіспеушілікке жол бермеудің ең қолайлы тәсілдерінің бірі - әрбір қызметкер мен бөлімшелерден қандай нәтижелер болатындығын түсіндіру. Басшы алынған нәтиже деңгейін анықтауы, мәліметті кім беріп, кімнің алатындығын, өкілеттік пен жауапкершілікті көрсетіп отыруы тиіс.
Үйлестіру және интеграциялық механизмдерде өкілеттілік дәрежесі көзделіп, адамдар арасындағы қарым-қатынас, шешім қабылдау мен мәләмет тасқындары ретке келтіріледі.
Жалпы ұйымдық комплексті мақсаттарды жүзеге асыру үшін жекелеген немесе тұтастай қызметкерлерді, топты немесе бөлімшені жұмылдыруға тура келеді.
Стресс – ағылшын тілінен енген атау, оның қазақша мағынасы – шиеленісу, күштену, зорлану. Сөздікте бұған мынадай анықтама беріледі: «сыртқы немесе ішкі ортаның қолайсыз факторларының әсеріне организмнің физиологиялық реакциясы». Бұл анықтамадан стрессті тек қолайсыз құбылыс ретінде қарастыруға болмайды. Өйткені, оның сипаты мен организмнің жауап реакциясы (біз айтып отырған жағдайда қызметкерлер мен ұйымдар) алуан түрлі болуы мүмкін.
Стресс – бұл ақыл мен дененің бейімделушілік қабілетіне қойылатын талаптар.
Стресс – ерекше жағдайлардың әсерінен адам организмінің титықтауы, дәрменсізденуі.
Стрессорлар - адамды рухани тепе-теңдіктен шығаратын сыртқы және ішкі жағдайлар.
Эустресс – ағзаны жұмылдыратын және тілекті тиімділікпен біріктіретін тиімді стресс.
Дистресс – іс - әрекеттің орындалуына кедергі келдіретін, ағзаның жұмылу деңгейін төмендететін стресс.
Карьера барысында адамдар түр-түрге бөлінеді. Мысалы:
• Билікқұмар. Билікқұмар адам үшін бірінші орында қызмет, титул. Француз ақыны Поль Валерии айтпақшы, "Жауыз күшті қолданбаса, билік әрін жояды".
• Профи - алдына қызықты кәсіби тапсырмалар қойып, өз ісінің мамандары арасында қолдауға ие болу үшін ұмтылады. Билікке құмар емес болса да, оның негізгі мақсаты - кәсіби білікті мамандар арасында өзін мойындату.
Карьеристің бірі билікқұмар болса, бірі профи. Тереңірек үңілсек, карьеристке әр баспалдақты аттаған сайын оған түсетін пайда маңызды. Сондықтан оны "Мен карьеристпін бе?" деген сұрақ емес, "Маған карьера неге керек?" деген сауал көбірек толғандырады.
Стресс көзі: құқығы тым жеткіліксіз және де жұмыс нәтижесіне жауапкершілігі төмен.
Қанағаттанбау себебі: өз ойлағанындай әрекет ете алмайды, өз мақсатын жүзеге асыра алмайды. Адамда ұйым үшін пайдалы іс атқара алмайтындай сезім пайда болады.
Мұндай жағдайда басшы адал жұмыс істейтін қызметшінің еңбегінің тиімді болуына қол жеткізу үшін, біріншіден, оған қызмет бабына орай өз еркімен әрекет етуіне мүмкіндік беруі, екіншіден – оның жұмыс нәтижесін ұдайы мұқият бақылап отыруы тиіс. Бұл қағидадан ауытқу стресстің қолайсыз көрінісі болып саналады.
Стресс көзі: жұмыскер алдына қойылған міндеттің нақты еместігі, көмескілігі.
Қазіргі өндірістік ұжымның негізгі функцияларына сәйкес, коммуникацияның жүзеге асуының негізгі мақсаттары мынадай:
1. Ұжымның өндірістік және қоғамдық-саяси іс-әрекетіне байланысты ресми міндеттерді шешуі;
2. Ұжым мүшелерінің әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру (қарым-қатынаста, ақпаратта т.б.).
Стресс және басқару. Басшының эмоциялық қалыптары. Психологиялық диагностика, коррекция, консультацияны стресстiң әсерiн азайту мақсатында жүргiзу. Стресстен шығудың тәсiлдерi. Басқару тәсiлдерi және стресс. Стресске толеранттылықты өсiру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет