Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


Неліктен адамдар өз дамуында өте биік нәтижелерге қолжеткізеді, ал екінші біреулер – ондай мүмкіндікке ие болмайды?



бет19/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë
271 menshikova t.m bankovskiy nadzor i audit, Тіл білімі және оның салалары, Тіл білімі және оның салалары 3
Неліктен адамдар өз дамуында өте биік нәтижелерге қолжеткізеді, ал екінші біреулер – ондай мүмкіндікке ие болмайды?
Бұл процестің және оның нәтижесі неге байланысты? Ұзаққа созылған зерттеулер осы сұраққа орай жалпы заңдылықты ашты: адам дамуы ішкі және сыртқы жағдайларға тәуелді. Ішкі жағдайлар – адам ағзасының физиологиялық жағдайларға тәуелділігі. Сыртқы жағдайлар бұл адамның қоршаған ортасы, ол жасаған және дамыған аймақ, сыртқы ортамен ықпалды араласу процесінде адамның ішкі мәні өзгереді, жаңа қасиеттері қалыптасады, ал бұл, өз кезегінде алдағы өзгерістерге жол ашады.
Сонымен, адамның дамуы сандық және сапалық өзгерістердің желісі мен нәтижесі. Даму барысында адам тұлғаға айналып, сана мен өзіндік сана, дербес жаңғыртыушы іс-әрекет иесі болып жетіледі. Дамудың қозғаушы күші - қарама қайшықтар күресі. Адамның дамуы ішкі және сыртқы жағдайлармен анықталады.
Іс-әрекет теориясы – адамның дүниемен қарым-қатынас тәсілі. Іс-әрекет барысында адам табиғатты айнала қоршаған ортаны игеріп, шығармашылық тұрғыда өзгертеді. Сөйтіп, өзін іскер, жасампаз субъект ретінде қалыптастырады, ол өзі игерген табиғи ортаны іс-әрекет объектісі етеді. Адамның өзге іс-әрекетінің барлығы (ойын, оқу) екбекпен тығыз байланысты.
Адамның әлеуметтік-тарихи дамуы барысында қоғамдық ерекше қажеттілік ретіндегі теориялық іс-әрекет, яғни ой еңбегі пайда болған. Іс-әрекет құрамына - іс-әрекетті қозғаушы түрткі (мотив) іс-әрекетті бағыттаушы мақсат пен нәтиже, іс-әрекетті жүзеге асырушы құралдар қамтылады. Іс-әрекет түрткісі –
адамның түрлі қажеттіліктеріне қызығушылығына, жауапкершілігіне, сезіміне, санасына қызмет етеді. Іс-әрекетке түрткі белгілі бағыт береді. Түрткінің мазмұны мен санасына лайық адамның тұрақтылығы байқалады, көздеген мақсатына жетеді. Іс-әрекеттің мақсаты мен түрткісі – қиындықтарды жеңіп, нәтижеге қол жеткізу. Кез-келген іс-әрекет субъект арқылы мақсат, құрал, үрдіс, нәтижеле көрінеді. Адам қажеттілігінен туған іс-әрекет оның айнасын бейнелейді. Қоғамдық өмірде адам түрткі мен мақсатты өз дамуына байланысты пайдаланады. Жеке адамның дамуында іс-әрекет жетекші рол атқарады.
Адамның әлеуметтік-тарихи дамуы барысында қоғамдық ерекше қажеттілік ретіндегі теориялық іс-әрекет, яғни ой еңбегі пайда болған. Іс-әрекет құрамына - іс-әрекетті қозғаушы түрткі (мотив) іс-әрекетті бағыттаушы мақсат пен нәтиже, іс-әрекетті жүзеге асырушы құралдар қамтылады. Іс-әрекет түрткісі – адамның түрлі қажеттіліктеріне қызығушылығына, жауапкершілігіне, сезіміне, санасына қызмет етеді. Іс-әрекетке түрткі белгілі бағыт береді. Түрткінің мазмұны мен санасына лайық адамның тұрақтылығы байқалады, көздеген мақсатына жетеді. Іс-әрекеттің мақсаты мен түрткісі – қиындықтарды жеңіп, нәтижеге қол жеткізу. Кез-келген іс-әрекет субъект арқылы мақсат, құрал, үрдіс, нәтижеле көрінеді. Адам қажеттілігінен туған іс-әрекет оның айнасын бейнелейді. Қоғамдық өмірде адам түрткі мен мақсатты өз дамуына байланысты пайдаланады. Жеке адамның дамуында іс-әрекет жетекші рол атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет