Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



Pdf көрінісі
бет100/181
Дата17.05.2020
өлшемі1,5 Mb.
#69256
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   181
Байланысты:
downloadPdfUmkd

         Интервью   
         Кәсіпорын  (мекеме)  басшылары  жұмысқа  жаңа  қабылдап,  онымен  әңгіме 
жүргізуде.  Басшылардың  бір  бөлігі  маманды  жұмысқа  алуға  ниет  білдірсе, 
қалғандары  оның  кандидатурасына  қарсы.  Жаңа  маман  жұмысқа  қабылдануы 
үшін  барлық  күшін  салып,  сұрақтарға  толық  әрі  ұтымды  жауап  беруге 
тырысады. 
Өндірістік ойындар 
         Оқу/үйрену  процесінде  қолдануға  тиімді  ойындардың  тағы  да  бір  түрі  - 
өндірістиік  ойындар.  Бұл  әдіс  ойынға  қатысушылардың  сан  қилы  (кейде  тіпті 
бір-біріне  қарама-қарсы)  мүдделерін  тоғыстырып,  ойын  аяқталғаннан  кейін 
қатысушылардың барлығын қанағаттандыратын шешім қабылдауы қажет етеді. 
Өндірістік  ойындар  әлеуметтік  немесе  экономикалық  сипаттағы  нақты  бір 
жағдайды  (ситуацияны)  шешуде  үйренушілердің  өзара  әрекеттесуін 
қалыптастырады (иммитациялайды, модельдейді).  
         Егер рөлдік ойындарда қатысушылар әдетте әртүрлі әлеуметтік мүдделері 
бар  қоғамдық  топтар  (немесе  субьектілер)  рөлдерін  орындаса  (өкімет, 
оппозиция,  орта  бизнес,  зейнеткерлер,  студенттер,  т.б.),  өндірістік  ойындарда 
олар  бір  әлеуметтік  топ  немесе  бір  мүдде  аумағында  қалып  отырады. 
Қатысушылардың  мұндағы  басты  мақсат  –  қойылған  кәсіби  мәселені 
(проблеманы)  шешу,  сол  себепті  де  олар  тиімді  әрі  нәтижелі  шешім  келтіру 
тұрғысынан бәсекеге түседі, жарысады. Демек, өндірістік ойын дегеніміз сабақ 
аумағында кәсіпқойлардың (кәсіпкерлердің) жарысы. 
         Өндірістік  ойындарда  әлеуметтік  және  экономикалық  маңызы  бар 
келесідей күрделі проблемалаларды шешуге болады:  
-  Өкіметтің  студенттерге  несие  беру  саясатын  оқитын  жоғары  оқу 
орнында қалайша жүзеге асыруға болатындығын жоспарлау.  
-  Экономикалық  дағдарыста  ауыл  тұрғындары  үшін  жаңа  жұмыс 
орындарын ашу туралы өз ұсыныстарын келтіру.  
-  Экономикалық  дағдарыс  жағдайында  кәсіпорында  жаңаша  жалақы 
жүйесін жасау. 
-  Кәсіпорында (мекемеде) жұмыскерлерді ынталандыру жүйесін құру. 
-  Несие берудің жаңа шарттарын талқылап. Оларға өзгертулер енгізу.  


 
 
-  Кәсіпорын  (мекеме)  жұмысында  немесе  оның  қызметкерлері 
арасында туындаған проблемаларды шешу: жанжал, ортақ мәмілеге 
қол жеткізу, келіссөз жүргізу, проблеманы бірлесе шешу.  
         Іскерлік  топтардың  мақсаты  –  теориялық  білімдерін  қандай  деңгейде 
игерілгендігін және оларды қолдана білуді көрсету, проблемаларды жеке және 
бірлесе отырып шешу дағдарын қалыптастыру.  
         Өндірістік  ойындар  көп  тұрғыдан  кейс-стади  әдісіне  ұқсас:  олар  да  кейс 
секілді  практикалық  проблемаларды  өмірлік  ситуацияларға  жақындастырып 
шешуге,  кәсіби  тұрғыдан  нақты  әрекеттерді  орындау  дағдыларын 
қалыптастыруға бағытталады.  
         Өндірістік  ойындар  әдетте  студенттік  топтың  өзара  келісімге  келіп, 
бірлескен ізденіс әрекеттері студенттік топтың өзара келісімге келіп, бірлескен 
ізденіс  әрекеттері  (ой-толғаныс,  талқылау,  пікірлесу,  идея  жинау  арқылы) 
түрінде  өтеді.  Ал  мұндай  әрекет  топ  мүшелерінің  барлығын  да  жұмысқа, 
қарым-қатынас  процесіне  жұмылдырады.  Бұл  әдіс  коммуникацияның  ерекше 
түріне жатады.  
         Өндірістік ойындар келесідей нәтижелерге жеткізеді: 
-  студенттер  кәсіби  (қоғам  өмірінде  орын  алған)  проблемаларды 
өздігінше  қарастырып,  оларды  шешуде  теориялық  білімдері  мен 
кәсіби тәжірибелерін қолданады; 
-  студенттер  өздеріне  керекті  ақпарат  жинақтап,  оны  талдауды 
үйренеді; 
-  студенттер  кәсіби  проблема  шешудің  әртүрлі  балама  ұсыныстарын 
келтіріп,  ішінен  ең  тиімдісін  таңдай  біледі,  оларды  жекелей  және 
бірлесе отырып өзіндік тұрғыдан шешеді;  
-  студенттер  бірлесе  отырып  проблема  шешу  –  жұмыс  жасаудың  ең 
тиімді әрекет екендігін аңғарады.  
         Өндірістік ойындарды келесідей құрастыруға болады: 
1.  Қатысушылардың проблемамен танстыру. 
         Мұнда  студенттер  ойынның  шарттары  және  ережелерімен  таныстыры, 
ойында  қажетті  материалдырды  иеленеді.  (заңдар,  нормативтік  құжаттар  мен 
ережелер, нұсқаулықтар мен өкімдер).  
         2. Командаларды (топтарды) құрамдау.  
         Топтарға бөліну кез келген тәсіл бойынша жасалуы мүмкін.  
         3.  Әр  команда  мәселе  шешуде  өз  идеялары  мен  әдістерін  ұсыну  үшін 
бірлесе  отырып,  5-8  минуттық  ауызша  баяндама  дайындап,  оны  басқаларға 
қалайша жеткізетіндігін талқылайды.   
         4. Жариялау және талқылау.  
         Командалар  баяндамаларын  кезекпен  жарияладйы,  мұнда  да  олар  өз 
рөлдеріне  тиесілі  әрекеттер  атқарады.  Баяндамалар  жарияланғаннан  соң 
олардың мазмұны салыстырылып, талқылау  
5.  Қорытынды 


 
 
         Оқытушы  ойынның  өту  барысында  талдау  жасап,  командалардың  және 
жеке  студенттердің  әрекеттерін  сараптайды.  Әдетте  ол  ойынның  жағымды 
нәтижелері мен пікірлерін білдіріп, көңіл-күйін келтіруді сұрайды. Студенттер 
бұл сауалға алдымен ауызша, содан кейін жахбаша жауап береді.  
         Егер  ойын  жарыс  түрінде  ұйымдастырылса,  қазылар  алқасы  өз  үкімін 
шығарып, орынды бөліске салады.  
         Өндірістік  ойындар  басқаша  да  ұйымдастырылуы  мүмкін.  Төменде 
берілген  өндірістік  ойындарды  өткізудің  сценарийлерінде  басқа  тәртіптерді 
көруге болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет