Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



Pdf көрінісі
бет101/181
Дата17.05.2020
өлшемі1.5 Mb.
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   181
Келіссөз жүргізу ойыны 
         Кіріспе.  Студенттерді  үш  топқа  бөліңіз.  Олар  ферма  құрушы 
жолдастардың  келіссөз  жүргізуін ойнауы  керек.  Топтарға  ойын  шарттары  мен 
тапсырмаларын түсіндіріп, нүсқаулықтарды үлестіріп беріңіз.  
         Нұсқаулық:  
         Сейітжан,  Абыл  және  Әбдірахман  есімді  үш  жолдас  күніне  1 000  $  таза 
пайда  беретін  сүт  өнімдерін  шығаратын  ферма  құруды  жоспарлап,  бұл  ферма 
кімнің қандай қызмет атқаратындығы және пайданы қалайша бөлетіндігі жайлы 
келісіп алады. Бұл келіссөзге олардың әйелдері же қатысады.  
         Келіссөзде  келесідей  жәйіттер  ерекше  ескерілді:  Сейітжанның  60  гектар 
жері  бар,  Абылда  жүк  машинасы  және  дәнді  дақылдар  тұқымы  бар,  ал 
Әбдірахманда  трактор  және  сүт  зауытын  агрегаты  бар.  Сүт  өнімдерін  44 
шықырым  жердегі  қалаға  әр  күні  апарып  сату  керек.  Күнделікті  фермада  екі 
адам  жұмыс  істеу  қажет,  бірақ  Абылдың  ауыл  шаруашылығымен  айналысу 
тәжірибесі мүлдем жоқ, демек ол фермада тек біреуге көмекші ғана бола алады. 
Бұған  қоса  Сейітжанның  жерінің  жартысы  ғана  суармалы,  ал  Әбдірахманның 
тракторы ескі. Алайда үш жолдас та араларында бұрыннан қалыптасқан жылы 
қарым-қатынас бұзғысы келмейді.  
         Тапсырма:  Жолдастардың  фермада  атқаратын  қызмет  пене  пайданы 
қалайша  бөлісуі  мүмкін?  Әр  топ  8  минуттық  дайындықтан  кейін  келіссөз 
жүргізу версиясын 10 минут ішінде көрсетуі тиіс.  
         Топ  версияларын  талқылау  барысында  оларға  келесідей  сұрақ  қоюға 
болады:  
-  Сіздер келісімге қалайша келдіңіздер?  
-  Барлық қатысушылар келіссөз нәтижелесіне риза болды ма?  
-  Келіссөзде кім ұтты? Кім ұтылды? Неліктен? 
-  Келіссөз  жүргізгенде  қандай  маңызды  жәйіттерге  назар  аудару 
қажет?  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   181




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет