Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



Pdf көрінісі
бет97/181
Дата17.05.2020
өлшемі1,5 Mb.
#69256
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   181
Байланысты:
downloadPdfUmkd
downloadPdfUmkd, test 8 2, общ тероия 3 саб
6)  Пікірталас.  
         Студенттер  өз  позицитяларын  негіздейді,  дәледейді.  Олар  мұнда 
басқалардың  пікірімен  санасу,  бітімгершілікке  келу,  мағыналы  сөздерді 
демагогиядан ажырата білу секілді дағдыларды меңгереді.  
7)  Қорытындылау.  
         Оқытушы  рөлдік  ойынның  берілген  тақырыпты  (проблеманы)  қандай 
деңгейде  ашқандығы,  бұл  жұмыстағы  студенттердің  кәсіби  деңгейі  туралы  ой 
қозғап,  өзінің  де  позициясын  келтіреді.  Студенттер  өз  ұстанымдары  мен 
рөлдері жайлы, ойынның қандай деңгейде өткедігі туралы пікірлерін алдымен 
ауызша  келтіріп,  соңынан  жазбаша  есеп  береді.  Егерде  олар  өзінің  қателерін 
анықтап, оларды түзету үшін қандай білім мен дағды керектігін түсінсе немесе 
өз  әрекеттерінің  дұрыстығына  көздерін  жеткізсе,  бұл  жәйттер  ойынның  өз 
мақсатына жеткендігін меңзейді.  
         Қорытындылауда  басты  назарды  практика  үшін  маңызды  әрі  қолайлы 
ойын нәтижелерін талдауға аударған дұрыс. Сонымен бірге қорытындылауда 


 
 
бүкіл  ойын  барысын  талдап,  оны  ой  елегінен  өткізгенде,  келесі  әрекеттерді 
талқылаған орынды.  
-  жеке, топтық, топ аралық ойлау әрекеттерінің өзгерістері. 
-  тұлға  аралық  қатынастардың  өзгеруі  нәтижесінде  туындаған 
ұжымдық пікірлердің қалыптасуы; 
-  студенттердің  пікірлері  мен  рөлдерінің  өзеруі,  олардың  қарым-
қатынас динамикасы.  
-  рөлдік ойындар үйренушілерге келесідей біліктерді қалыптастыруға 
септігін тигізеді.  
-  қарым-қатынастық (комуникативтік) дағдылар
-  толеранттылық (басқаның пікірі мен шыдамдылық); 
-  өзіндік тұрғыдан ойлау, пікір және көзқарас қалыптастыру, позтция 
(сенім, құндылықтар) таңдау және т.б. 
-  үйренгенді  (білім,  білік,  дағды,  түсініктер  т.б.)  практикалық 
тұрғыдан қолдану; 
-  өздерінің үйрену деңгейін анықтап, оны әрі қарай дамыту.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет