«Көшбасшылық» ойыны («Ерлер мен әйелдердің теңдігі тақырыбы бойынша»)
Студенттер жеті адамнан тұратын шағын топтарға бөліп, олардың
мүдделерін ескеретін тапсырмалар беріңіз: мәселен, «студенттік топ екі күнгі
демалуға 600 доллар жинады. Бұл ақшаны қалайша ұстауға болады?»
Топтардың әр мүшесіне келесідей карточкаларды үлестіріңіз:
1. Сіз нағыз көшбасшысыз. Сіз арқашан да дұрыс шешім таба аласыз.
2. Сіз көпті көрген, өте тәжірибелі адамсыз. Өзіңіздің өмірлік
тәжірибеңізге сүйене отырып, Сіз арқашан жақсы шешім шығара
аласыз.
3. Сіз ылғи да күманданып, бәріне де сенімсіздікпен қарайтын адамсыз.
4. Сіз қандайда болмасын идеяны жоққа шығара білетін сыншысыз.
5. Сіз еш келісімге келе алмай жүргендерді татуластыра білетін
бітімгерсіз.
6. Сіз қорытынддылауды жақсы білетін аналитиксіз.
7. Сіз өзіңіздің жұмысқа деген жеңілтектігіңізбен қандай да болмасын
ұмтылысты жоққа шығарасыз.
Әрбір студент өз карточкасын басқаларға көрсетпей оқып, сол бойынша өз
рөлін ойнайды. Топтардың шешім қабылдауы үшін жеткілікті уақыт беріңіз.
Әдетте бұл ойында топтардың біреуі де дұрыс шешім қабылдай алмайды.,
өйткені әр топта өзін көшбасшы санайтындар аз емес. Топтардағы жұмыс ылғи
да қызу және тартысты өтеді.