Ойынды
қорытындылағанда студенттерге келесідей сұрақтар
қойыңыздар:
- Неліктен сіздер ортақ шешімге келе алмадыңыздар?
- Жұмыстарыңызда қандай қиыншылықтар туындады?
- Бұл қиыншылықтарды қалай жеңуге болар еді?
- Кім өзін көшбасшы деп санады?
Қорытындысы. Бұл ойын нормативтік актілерде әйелдердің басшылыққа
қатысу құқығы бекітілсе де, олардың көшбасшылық тәжірибесінің әлі де
жетіспеушілігін дәлелдейді. Әйелдердің өздері саяси жігер көрсетуі керек,
өйткені қоғамның оларға көмек көрсете алмайы да мүмкін.
Көшбасшылық тәжірибесін қалайша иеленуге болады?
Мұнда көшбасшының туа біткен қасиеттерін, жақсы сөйлей білуін,
мектепке қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуын. «Пікірталас», «Сыни
ойлау», «XXI ғасыр көшбасшысы» сиясияқты бағдарламаларға қатысуын,
қарым-қатынас дағдыларын дамыту секілді біліктерді атауға тұрарлық.
Екінші аталған рөлдік ойында студенттердің тобы бүкіл қоғамдық
процесстің бір көрінісі ретінде қалыптастырылып, оларға ойын түрінде
қоғамдық қатынстарды (проблемаларды, ситуацияларды) қайталау, модельдеу,
иммитациялау, «ойнап шығу» тапсырмасы беріледі. Сол себепте де мұндай
рөлдік ойындардың басты тақырыбы – «қоғамды» ойнау, қоғам проблемаларын
қарастыружәне талқылау. Рөлдік ойындардың бұл түрі бірінші вариантқа
қарағанда жоғары мектеп практикасында көбірек пайдаланатындығын ескертіп
өтуі керек.
Рөлдік ойындардың мұндай түрінде қатысушылардың топтары әртүрлі
қоғамдық топтардың рөлдерін орындайды, мәселен: мемлекет, өкімет,
парламент, партиялар, бизнес өкілдері немесе субьектілер (компаниялар,
фирмалар, кәсіпорындар, банктар, жинақтаушы қорлар), жалдамалы
жұмысшылар немесе әлеуметтік топтар (оқушылар, студенттер, зейнеткерлер,
мемлекеттік бюджет тарапынан қызмет жасаушылар).
Достарыңызбен бөлісу: |