Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



Pdf көрінісі
бет175/181
Дата17.05.2020
өлшемі1,5 Mb.
#69256
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   181
Байланысты:
downloadPdfUmkd

Бірінші  кезең,  17  ғасырдың  бас  кезінен  18  ғасырдың  толығымен  Солтүстік 
Американы 
жаулап 
алудан 
басталды. 
Олар 
қазіргі 
Вергиния
 
ең  алғаш  1607  жылы  басып  алған,  одан  кейін  Массачусетс  1620  жылы,  діни 
қауымдастықтар    иеленген  Нью-Хемпшер  1623  жылы,  Мэриленд  1631  жылы, 
 
Бұлармен қатар Оңтүстік Америкада Солтүстік Королина, Оңтүстік  Каролина, 
Георгия. 
 
Басып 
алушы 
қолонизаторлардың 
ішінде 
Англияның 
Кембридж 
қолледжін  тәмамдаған  білімді  адамдар  бар  еді.  1636  жылы  Масачусетс, 
түбіндегі  Ньютаун  қаласының  басшылар  кеңесінің  шешімімен  мектеп 
ашылып  онда  дін  қызметкерлерін  даярлау  көзделген.  Ол  кейін  Гарвард  деп 
аталды.  Онда  библия,  ежелгі  тілдер,  латын,  грек  тілдері  оқытылды.  Одан  
кейін Виргинияда 1693 жылы Йел колледждері 1701 жылы ашылып олар кәсіби 
педагогтар  даярлау  бағытын  ұстанды.  Оларда  ежелгі  тілдер,  логика, 
риторика, 
тарих, 
математикалық 
есеп, 
алгебра 
геометрия, 
тригонометрияны  камтыды.  Осы  колледждерді  тәмамдағандар  мемлекеттік 
мектептер  мен  колледждерде  істейтін  болды.  Бұл  АҚШ-тағы  педагогикалық 
білімнің алғашқы кезеңі еді. 
Екінші  кезең,  педагогикалық  білімнің  18-19  ғасырлардың  дамуымен  сәйкес 
келеді. 
Мұнда 
1776-1783 
жылдардағы 
соғыстан 
кейін 
АҚШ-тың 
ұлттық  білім  жүйесі  қалыптаса  бастады.  Оған  мемлекеттік  қайраткер 
Б.Франклин  мен  Т.Джефферсон  көп  үлес  қосты.  Сол  кездегі  екі  сатылы- 
элементарлы  -  3  жыл  және  грамматикалық  -  4  жыл  мектептің  дамуы  жоғары 
білімді  мамандарды  керек  етті.  Сөйтіп  бұл  кезеңде  жоғары  білім  қарқынды 
дамыды.  Инженерлік,  ауылшаруашылық,  әскери  теңіз  флотына  мамандар 
даярлаумен  қатар  педагогтарды  әзірлеу  алғашында  «нормалды  мектеп»  кейін 
келе  «мұғалімдер  колледжі»  деп  аталды.  Мысалы,  Нью-Джерсидегі  1746  ж 
ашылған  колледж  кейін  Принетон  университеті  болып,  Университет  Руттерс 
1766 жылы ашылды. 
Одардың  басты  ұстанымдары  -  оқу  мекемесінің  тәуелсіздігі:  білім 
алушылардың  пәндер  мен  курстарды  қалауынша  таңдауы  болды.  Тағы  бір 
ерекшелігі  пәндік  оқыту  барысында  студенттер  белгілі  бір  пән  бойынша 
мамандық  алды.  Колледждерді  бітірушілер  мектептерде  сабақ  беретін  болды. 


 
 
Оқыту  әдістері  есте  сақтау,  қайталау,  мұғалім  соны  тексеретін.  Оқу  мерзімі  3 
жыл  еді. Вергиния университетінде  ең алғаш  1814 ж.  білімді  баллмен бағалау 
ендірілді.  Университетте  қажетті  балл  жинаса  диплом  алатын  болды. 
Оқытушылардың еңбек ақысы төмен болды. 
Үшінші  кезең,  19-20  ғасырларға  тура  келеді.  Бұл  кезде  Америкада 
өндірістің  карқынды  дамуы  білім  жүйесін  өзгертуге  алып  келді.  1861  жылы 
азаматтық  соғыстан  кейінгі  кезді  университеттер  дәуірі  деп  атаған 
американдық  ғалым  Р.Сторр.  Көптеген  мемлекеттік  Мичиган,  Калифорния 
колледждер  университетке  айналды,  Н.М.Батлер  Нью-Йорк  мұғалімдер 
колледжін ашты, ол 1892 жылы Колумбия университетіне айналды. Осы Батлер 
пелагогиканы  ғылым  ретінде  оқытуды  ұйымдастырды,  өйткені  ол  студент 
кезінде  1998  ж.  салыстырмалы  педагогикадан  алғашқы  дәріс  оқыған  адам  еді.  
Ол  1890  жылдан  бастап  «Педагогикалық  білім»  журналын  шығарды.  Осы 
кезеңде  педагогикалық  оқу  орындарын  тәмамдағандарға  бакалавр  дәрежесі  
берілді.    Олардың  бағдарламасына:  грек,  латын  тілдері,  математика,  ағылшын 
тілі,  тарих,  неміс  не  болмаса  француз  тілін  және  бір  жаратылыстану  пәнін 
оқыды. Олар мектепте белгілі бір пәнді оқытатын болды. 
Университеттер  бакалаврдан  басқа  философия  докторы  (РҺD)  дәрежесі 
университеттерде  дәріс  беру  1900  жылдан  бастап  міндетті  шарт  қойылды. 
Колледждер  мақалалар  жариялаған,  ғылыми  зерттеуге  бейімді  докторларды 
жұмысқа  тартуға  асықты.  Осы  күні  философия  докторы  Америкада  маңызды 
орын алды. 
Төртінші кезең, 20-ғасырдың орта шеңінен 21 ғасырдың бас кезі педагогикалық 
білімнің қалыптасу кезі. Осы кезден бастап АҚШ  -та аспирантураны көптеген 
бағыттар  бойынша  оқытты,  мысалы,  «Білімді  басқару»,  «Білім  беру 
психологиясы»,  «Білім  берудің  әлеуметтігі»,  «Оқу  жоспарының  теориясы  мен 
практикасы-білім  мазмұны»,  т.б.  Психологиялық-педагогикалық  пәндер 
жүйесін  дамыту  докторантураны  дамытып,  екі  сатылы  мамандандырылған 
дайындық  түрі  пайда  балды:  бірі,  жалпы  ізгілікті  пәндерді  оқыту  арқылы 
философия  докторы  дәрежесін  беру,  екіншісі,  білім  докторы,  ғылыми  зерттеу 
эксперименттерін  жүргізу,  қолданбалы  мәселелерді  зерттеу  еді.  Бұл  екі  сала 
бірін  бірі  толықтырып  тұруы  себепті  ғалымдар  оларды  біріктіру  керек  деп 
санады.  Бұл  педагогикалық  білім  сапасын  тексеруге  алып  келді.  Сөйтіп 
колледждер  ассоциациясы,  университеттер  ассоциациясы,  білім  кеңесі  деген 
ұйымдар  пайда  болды.  Олар  ғылыми  –  зерттеуді  азайтып  оқытудың  әдістері, 
педагогикалық-психологиялық тұстарына болашақ педагогтарды даярлау керек 
деп есептеді. 
Қазіргі  кезде  АҚШ-та  педагогикалық  білім  мазмұны  жағынан  кең 
ауқымды  көп  түрлі  болып,  2  жылдық  кіші  колледждер  бастауыш  білім 
мұғалімдерін  даярласа,  университеттер  жоғарғы  сыныптан  бастап  барлық 
типтегі  оқу  орындарында  қызмет  істей  алады.  Университет  тәмамдаушылар 
бакалавр,    магистр  не  болмаса  кіші  маман  дәрежесін  алып  білім  саласында 
қызмет  атқара алады.  Америакандық педагогикалық білімнің басқа  еуропалық 
педагогикалық  білімнен  ерекшелігі  дінге  мән  беруі,  прагматикалық  жуықтау, 
тұтастық пен демократиялығы және дәстүрліліктің жоқтығы. 


 
 
Қазіргі 
педагогикалық 
білімнің 
дамуына 
ықпал 
етуші 
факторлар 
төмендегіше: 
1.  АҚШ  -  тың  акпараттық  қоғамға  айналуымен  байланысты.  Бұл  мектепті 
реформалауға  соның  салдарынарынан  педагогикалық  білім  саласын  да  қайта 
қарауға  алып  келді.  Сөйтіп 2010  жылы  АҚШ  -  тың  білім Департаменті    Білім 
туралы Заңды қайта қарап, бастауыш және орта білімге өзгертулер ендіру керек 
деп ұйғарды: 
-  педагогтарға  маман  ретінде  қарау,  ол  үшін  қаржыландыру,  білім 
сапасын 
бағалауға 
тарту, 
жауапкершілікті 
мұғалімдерге 
жүктеу. 
Мұғалімдердің  жұмыс  сапасын  бағалау  жүйесін  жасау,  мектеп  басқаруды 
оларға беру; 

ұста 
мұғалімдерді 
марапаттау–қызметін 
көрсету, 
материалдық 
ынталандыру,  оқушыларды  дамытуға  шарт  түзу,  балаларды  оқыту  кезіндегі 
күрделі жағдайларға көмектесу, білім үрдістерін басқару жүйесінің икемділігі; 
 - 
мұғалімдердің  уақытын  үнемдеу  және  қолдауды  күшейту-бірлескен 
педагогикалық  іс-әрекеттікке  уақыт  беру,  мұғалімдер  даярлау  бағдарламасын 
бақылап  отыру,  оларды  кәсіби  өсуін  қаржыландыру,  әкімшілік  басқаруды 
жетілдіру; 
2.  АҚШ-та  демографиялық  ахуалдың  өзгеруі.  Оқушылардың  мәдени 
кұрамының  алуандығы,  осыған  орай  бастауыш  және  орта  білім  туралы  Заңы 
қайта 
қаралды. Білімді дамытудың жаңа векторларын белгіледі: 
 
-  мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға тең құқығының болуы

ағылшын тілі ана тілі еместер үшін бағдарламаны жетілдіру; 

мигранттар отбасындағы  балалардың  білім алуын қанағаттандыру

қараусыз,  панасыз,  кіші  жастағы  қылмыскер  балаларды  оқыту 
бағдарламасын ынталандыру. 
Аз  ұлт  және  ауылды  жердегілердің  балаларын  оқытуды  қолдау.  Бұлар 
педагогикалық  білім  мазмұнын  мульти  мәдениетке  бейімдеуді  талап 
етті.  Сонымен  қатар  оқытушылардың  жаңа  буынын  даярлау  қажеттігі  бар. 
Үшінші  фактор,  АҚШ-та  университеттік  ассоциациялардың  көптігі  педагог 
мамандар  даярлау  стандартын  жасауда  солардың  барлығының  қатысуын 
қажетсінді. Сөйтіп оған жекелеген пәндер оқыту бірлестігі, ассоциациялар т.б. 
қатысты.  Педагог  мамандар  даярлау  ерекшелігі  –  кәсіпкерлік  университеті 
тұжырымдамасы.  Бұл  жағдайда  студент  «тапсырыс  беруші»  ретінде  оқу  үшін 
нақты бағдарламаны таңдау құқығына ие. Бәсекелестік даярлау бағдарламасын 
жасау  және  оқыту  үрдісіне  квалификациясы  жоғарыларды  қабылдауды  талап 
етеді. Бәсекеге қабілетті педагог даярлау қазір бүкіл әлемге жайылды. 
Әлемде 
ақпараттық 
қоғамның 
қалыптасуына 
байланысты 
білімді 
стандарттау  қажеттігі  туындады.  Бұл  ретте  АҚШ  айтарлықтай  тәжірибе 
жинақтаған.  Өткен  ғасырдың  80-жылдарында  стандарттау  бастау  алды. 
Бұның  бастамасы  1983  жылы  «Ұлтқа  қауіп  төнуде»  деген  баяндама 
жарияланды.  Мұнда  білім  берудегі  бағдарламаны  аккредитациялау  болып 
оның  мәні  педагог  мамандарды  кәсібилендіретін  бағдарламаны  тексеруде. 
«Мұғалімдерді  даярлауды  аккредитациялау»  -  АҚШ-тың  Ұлттық  Кеңесі 
(КСАТЕ)  тарапынан  түзілген.  Бұл  30-дан  астам  білім  саясатына  қатысы  бар 


 
 
жекелеген  пәндерді  оқыту  мәселесін  зерттейтін  ұйымдардан  кұралады. 
Олардың  негізгі  ниеті  -  мұғалімдерді,  даярлауға,  оның  жауапкершілік, 
педагогикалық білімді реформалау шараларына жетекшілік ету. Кеңес әзірлеген 
бағдарламаның  негізінде  оқушылардың  білім  алуына  мұғалімдердің  
көмектесуіне  қажетті  білім  қалыптастырудың  келісілген  (консенсус) 
формалары жатады. 
Құжат  4  тараудан  және  қорытынды  мен  глоссарийден  тұрады.  Бірінші 
тарауындағы  кіріспеде  бағдарламаның  ниеті  (миссия),  ұйымның  мақсаты, 
Кеңеске  қатысқан  ұйымдардың  тізімі  берілген,  екінші    тарауда,  NCATE 
стандартының  дамуы,  оларды  қолдану,  стандартқа  кіріспе  жалпы  мазмұны 
айтылған,  үшінші  тарауы  «Аккредитацияның  шешімдері»  деп  аталады.  
Педагог  мамандар  даярлайтын  оқу  мекемелерін  аккредитациялаудың  екі  түрі 
Кеңесті  басқару  туралы  төртінші  тарауда  берілген,соңында  негізгі 
терминдердің түсініктемесі, аббревиатураның түсініктемесі берілген. 
Стандартта  «кәсіптік  білім  бірлігінің»    кұрылымы-  мектеп,колледж, 
университет басқа да мұғалімдер даярлайтын  мекемелер, курс бағдарламаның 
теориялық 
практикалық 
негізі, 
мұғалім 
мектепте 
табысты 
істеуі  үшін  қандай  шаралады  қолдануды  қарастырған.    Сонымен  қатар,    оқу 
мекемесі философиядан не мұғалім даярлай ма соны нақтылаған,  білім базасы 
– теория, зерттеушілік, практика және кандидаттардан күтілетін білім саясатын, 
олардың  іс-әрекетін  бағалау  жүйесін  қамтиды.  Басты  пікір  «барлық  бала  оқи 
алады және оқу керек». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет