педагогикалық колледждер мен басқа да педагогикалық оқу орындарының
бағдарламасы мен оқу жоспары әр түрлі еді. Ол кездегі орта мектеп
мұғалімдерін даярлау жүйесі бинарлы түрден 60- жылдары баклавр дайындауға
көшті. Студенттер белгілі бір факультетте мамандық бойынша 3 жыл оқыған
соң бакалавр дәрежесін алды. Олар егер мұғалім болғысы келсе, педагог
мамандығын алу үшін, университеттің педагогика факультетіне оқуға түсіп 1
жыл оқиды. Бұл дипломнан кейінгі білім деп аталады. Мұндағы білім мазмұны
теориялық жақтан артық жеткіліксіз екені сынға ұшырады. Мектепте жұмыс
істеу үшін педагогикалық білім алу міндетті емес болатын. Бірақта
бакалавратағын алу үшін педагогикалық білімі бойынша оқыды.
Алайда педагогикалық білім берудің ортақ оқу жоспарының болмауы,
бірдей талаптардың жоқтығы, оқу мазмұны сынға ұшырады 80-жылдары
мұғалімдер даярлаудың моделі жасалды. Сөйтіп Англияда педагогикалық
білім саласын реформалау басталды. Олардың бағыттары жоғары білімді
соның ішінде педагогикалық білімді стандарттау бір орталықтан басқару іске
асырыла бастады. Үкімет тарапынан «педагогика институттары» жойылды.
Оның қызметін аккредитациялық кеңес атқаратын болды. Олар педагог
мамандарды даярлауды бақылайтын болды.
Англия үшін 1988 жыл білім саласын түбегейлі өзгерту жыл болды.
Онда «білім саласын реформалау» туралы Заң қабылданды. Барлық оқу
орындарын реформалау, қайта құру қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: