Дәріс тезистері: №1 дәріс. Жазу және тіл дамыту мәселелері. Оны зерттеген ғалымдар


№ 2 дәріс. Оқушының жазбаша сөйлеу тілін дамытудың психология ілімімен



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата02.02.2023
өлшемі455,55 Kb.
#167217
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

№ 2 дәріс. Оқушының жазбаша сөйлеу тілін дамытудың психология ілімімен 
байланысы 
Жазба жұмыстарын жазуға үйрету үрдісінде М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, 
Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев т.б және шетел психологтары Л.С.Рубинштейн, 
Л.С.Выготский, А.Р.Лурия, А.А.Леонтьев, Н.И.Жинкин, Дж.Брунер, Ж.Пиаже, 
В.Я.Ляудис, И.П.Негурэ т.б. психологтардың еңбектері негізге алынады. Адамның 
дүниені тану жолы екі деңгейде, теориялық және эмперикалық білім көздері арқылы 
жүзеге асады. Теориялық таным барысында кез келген құбылыс ақыл-ой арқылы ұғынып 
түсіндірілсе, эмперикалық таным түйсіну, қабылдау, көріп сезу, елестетуге құрылады. 
Осымен байланысты мәтіннің ақпараттық мазмұнында да теориялық және эмперикалық 
таным іздері болады. Оқушының мәтінді қабылдап, түсінуі мәтіннің сыртқы белгілерін, 
сосын ішкі құрылымын кең түрде талдау арқылы жүргізіледі, ерекшелігін сараптайды, 
жалпыдан жекеге немесе жекеден жалпыға жүру жолын таниды. Осындай кең түрдегі 
талдау барысында оқушының теориялық білімді меңгеруіне мүмкіндік ашады. Қабылдау 
түйсінулерге негізделеді (көру түйсігі, есту түйсігі, иіс сезу түйсігі т.б). Есту және көру 


түйсігін жетілдіру үшін вербалдық (көргенін немесе естігенін сөзбен айту), вербалдық 
емес (сызбалар, диаграммалар, модульдер, суреттер т.б.) тәсілді пайдаланған тиімді. 
Бейнелік-таңбалық сызбалар оқушының санасында бейнеленген ұғымдарды жүйелеп 
сыртқа шығаруға, ұғымнан туған ойды сөзбен байланыстырып айтуға мүмкіндік ашады.
Қазіргі кезде оқушының тілдік-қатысымдық дағдысын жетілдіруде оқытудың 
экрандық, аудио, визуальдық құралдары маңызды орын алады. Бала танымы жаңа 
деректер мен хабарлар арқылы қалыптасады. Сабақта түрлі аудиомәтіндерді тыңдату, сол 
мәтіндер бойынша шығармашылық тапсырмалар беру, интерактивтік тақта арқылы 
бейнефильмдер көрсету баланың өз ойын байланыстырып, жүйелі жазуға үйренуіне ықпал 
етеді. 
Баланың үйрену механизмінің бастапқы негізі – айналасындағыларға ұқсаудан, өз 
тәжірбиесінде алған білімін сынап көріп, оны зерттеуден тұрады. Бұл оқу үрдісінде 
мұғалімнің баланы оқуға үйрету міндеті арқылы жүзеге асырылады.
Ойлау адамның сөйлеуінде басты қызмет атқарады. Ф.Оразбаева: «... Тілдің тіл 
болуы үшін ең қажетті шарт – ойлау, пайымдау. Адамның ми қабатында жинақталған ой 
тіл арқылы сыртқа шығады; сөйлем арқылы бейнеленеді, көрініс табады», – деп адам ойы 
тілмен тығыз байланысты болатынын айтады7 Ойлау қабылдаумен тығыз сабақтас. Түйсік 
пен қабылдау психологияда танымның бірінші баспалдағы болып саналатындықтан, 
олардан сырт ойлау болмайды деп есептеледі. Адамның ойы әруақытта сөз, сөз тіркесі, 
сөйлем арқылы берілетіндіктен, ой сыртқы дүниені бейнелеудің формасы, ал сөз ойды 
жеткізудің құралы болып есептелетіні белгілі. Ойлау түйсік пен қабылдаудағы талдау мен 
біріктірудің жаңа мазмұнға ие болған түрі болып табылады. Синтаксис сөйлеу 
жағдаятында қолданылатын бірлік ретінде қызмет атқаратындықтан, қабылданған 
ақпаратты талдау мен біріктірудің жоғары деңгейін зерделейді. Талдау мен біріктіру 

өзара байланысты әрекеттер. Олардың өзара байланысы мен айырмашылығы салыстыру 
арқылы танылады. Салыстыру тәсілі жалпылау әрекетіне қарай ойысады. Мұнда 
заттардың жалпылық және мәнді белгілері көрсетіледі. Абстракциялау, нақтылау, жүйелеу 
тәсілдері де жиі қолданылады. Ондай тәсілдер белгілі мәселелердің түйінін шешуде 
адамның психологиялық толғаныстарының түр-сипатын, ойын бейнелейді. Талдау мен 
біріктіру, салыстыру тәрізді ой тәсілдері жазба жұмыстарын меңгертуде өте жиі 
қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет