Дәріс тезистері: №1 дәріс. Жазу және тіл дамыту мәселелері. Оны зерттеген ғалымдар


№ 9 дәріс. Нанымды немесе дәлелді түрде жазылатын жазба жұмыстар: эссе



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата02.02.2023
өлшемі455,55 Kb.
#167217
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

 
№ 9 дәріс. Нанымды немесе дәлелді түрде жазылатын жазба жұмыстар: эссе, 
комментарий 
 
Эссе француздың «essay», ағылшынның «assay» байқау, көру, очерк деген сөзін, 
латынша «exagium» салыстыру, өлшеу деген мағынаны білдіреді. Эссе 

шағын көлемдегі 
еркін композиция. Яғни қандай да бір мәселені еркін түрде жазу. Эсседе нақты тақырып 
бойынша жазушының жеке әсері мен ойтолғанысы жазылады. Эссе автордың 
шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Эссе студентке өз ойын нақты, сауатты 
тұжырымдауға көмектеседі. Эсседе мәселенің нақты мазмұны көрсетіліп, өз бетінше 
жүргізілген талдаулар қамтылуы тиіс. Эссе тақырыбы студентті ойтолғауға итермелеуі 
тиіс. Эссенің кіріспе бөлімінде тақырып негізделуі тиіс. Ол үшін тақырыпқа қойылатын 
«Бұл тақырып не себепті маңызды?», «Тұжырымдауда қандай түсініктерге мән беруім 
керек?», «Тақырыпты қандай тақырыпшаларға бөлуге болады?» және т.б. сұрақтарды 
нақтылап алған жөн.
Негізгі бөлімде тақырыптың теориялық негізі мен сұрақтың мазмұны қамтылады.
Негізгі бөлімде шағын тақырыпшаларға бөлуге болады. Негізгі бөлімде аргументтер мен 
талдаулар берілуі қажет. Ой логикалық тұрғыдан өзара сабақтас болуына мән беріледі. 
Қорытынды бөлімде ой тұжырымдалады. Бұл бөлімде нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді 
қолдану эссенің маңызын арттыра түседі.
Эссе жазуда дәлелдеу ерекше рөл атқарады. Дәлелдеу дегеніміз 

белгілі бір 
тұжырымды анықтау үшін қолданылатын тәсілдер жиынтығы. Дәлелдеу ғылымға және 
нақты тәжірибеге сүйенеді. Ғалымдар дәлелдеудің құрылымына тезис, аргумент, 
қорытындыны жатқызады. Тезис 

дәлелденуге тиісті жағдай, аргументтер тезистің анық, 
дәл екенін анықтау үшін қолданылатын категория, қорытынды фактілерді талдауға 
бағытталған түйінді ой, тұжырым.
 
№ 10 дәріс. Ақпараттық жазба жұмыстар: жоспар құру, хабарландыру 
 
Хабарландыру – мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне алдағы 
болатын 
іс-шаралар 
туралы 
хабарлап 
жеткізетін 
құжат 
түрі. 
Мұнда хабарланып отырған мәселенің (жиналыс, мәжіліс, кездесу т.б. жайлар) айы, күні, 
болатын уақыты мен орны көрсетіледі. Соңынан хабарландырушы мекеменің, ұйымның
аты қойылады. Хабарланатын мәселенің мазмұны мен мақсатына қарай хабарландыру 
түрлі-түрлі 
көлемімен, 
көркемделуімен 
ерекшеленеді.
Хабарландыру түрлері мен ерекшеліктері:

Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыруда - Күн тәртібі толық. 

Мәдени шараларға хабарландыруда - Бағдарламасы ұсынылады. 

Тендерге хабарландыруда – Шарттары ұсынылады. 

Бос қызмет орнын хабарландыруда – жұмыс орнына тиісті талаптар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет