Дәріс тезистері: №1 дәріс. Жазу және тіл дамыту мәселелері. Оны зерттеген ғалымдар



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата02.02.2023
өлшемі455,55 Kb.
#167217
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Суретті диктант 
- берілген суретке 
қарап атын жазу (заттың) немесе суретке байланысты сөйлем құрау.
Сөздік диктант

сабақтың кез келген кезеңіндежүргізіледі. Сөздік диктантына оқушыларға фонетикалық 


тұрғыда қиындық туғызып жүрген сөздер, не болмаса жыл бойы меңгеруге тиісті термин 
сөздер, өтілген жаңа сөздер жазылады.
Графикалық диктант 
- мұнда сөйлемнің не 
сөздің сызбалары беріледі. Сол сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырылып жазылады.
Шығармашылық диктант
басқа диктанттардан ерекшелігі – оқушыларды ойлауға 
ұмтылдырады. Бұл диктантты орындау барысында оқушылар шығармашылық еңбекке 
үйренеді. Мұнда оқушылар сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, тірек 
сөздер арқылы әңгіме құрау, сұраққа жауап бере отырып сөйлем құрау сияқты жұмыстар 
жүргізеді.
Конкурстық диктант
- бұл диктант түрін тоқсан сайын бір рет өткізуге 
болады. Оған әр тоқсанда үйретілген жазылуы қиын сөздер алынады. Конкурстық диктант 
жарыс түрінде өткізіледі. Жарысқа түсу үшін сынып екі топқа немесе үш топқа 
бөлінеді.Қай топ диктантты сауатты әрі көркем жазса, сол топ жеңіске жетеді. Бұл диктант 
түрін алу барысында оқушылардың шапшаңдықтары артып, қызығушылықтары арта 
түседі. 
Аннотация 
– мақала немесе кітаптың мазмұны мен оның қолданылуы туралы 
қысқаша мәлімет беретін жұмыс. Онда кітіп немесе мақаланың ең басты жаңалығы 
қамтылады. Оның басқа еңбектерден артықшылығы айтылады. 
 
Мақалаға немесе кітапқа 
жазылатын аннотацияға мынандай талаптар қойылады:
-
кітап немесе мақала мазмұны нақты айтылып, сөйлемдері өзара байланыста 
болуы; 
-
кітап немесе мақаладан дәлме-дәл сөйлемдердің алынбауы; 
-
аннотация көлемі 1 беттен аспауы. 
Аннотацияның бірнеше түрі бар.
Анықтамалық аннотация
(суреттеу немесе 
ақпараттық) тақырыптың аты туралы мәлімет береді, бірақ оны талдап көрсетпейді. 
 
Ұсыныс-аннотация
кітапты не мақаланы талдап, оның бағасын береді, басқа еңбектерден 
артықшылығын дәлелдейді.
Жалпы аннотация
барлық оқырман қауымға 
арналады. Кітаптың негізгі мазмұны туралы ақпарат береді. 
Арнайы аннотация
белгілі 
бір ғылым саласындағы мамандарға арналады. Ең қажетті мәліметті нақтылап баяндайды. 


Аннотация

 
1700 таңбадан тұруы қажет. Бірақ кейінгі кездері кейбір редакторлар 
1-2 беттік аннотациялар сұрайды. Оны олар кітап не мақала туралы толық ақпарат 
алғылары келгенмен түсіндіреді. Бұл аннотациялар тезиске жақындау. Аннотацияда кітап 
не мақаланың аты, авторы міндетті түрде көрсетіледі. Одан кейін барып мәтін жазылады. 
Олай болмаған жағдайда бұл аннотация болып есептелмейді.
Ең алғаш жарнама жұмысын 1841 жылы ағылшын азаматы Волни Пальмер ашты. 
Ең үлкен жарнамалық агенттіктің бірін XIX ғасырда Джордж Роуел басқарды. Әлемнің әр 
түкпірінде жарнама жасаумен айналысатын арнайы компаниялар құрыла бастады. Бұл 
жарнама бизнесінің дамуына үлкен әсер етті. Мысалы: «Хайнс», «Американ тобакко», 
«Проктер энд Гэмбл» т.б.осының үлкен дәлелі. Қашан да тұтынушылар жарнамасы сәтті 
сауда маркаларын қолдайды. Жарнамалардың жылдам дамуына байланысты ХІХ ғасырда 
тек қана жарнамалық сипаттағы көлемді журналдар шыға бастады. 1885 жылы 
жарнамалық журналдардың таралымы 100000 данаға дейін жетті, ал 20 жылдан кейін 
жарнамалық журналдың бұл көрсеткіші бес миллионға жетті. Джон Ласкер - жарнамамен 
қамтамасыз ету агенттігінің атасы деп аталады. Д. Ласкер басқаратын «ЛОРД ЭНД 
ТОИАС» ең үлкен жарнамалық агенттік болып саналады. ХХ ғасырдан бастап жарнама 
жаңа бағытта дами бастады. 1986 жылы газет бетіндегі жарнамаға 27 миллиард доллар 
жұмсалса, қазіргі таңда ол бес есеге ұлғайды.
Жарнама тарату тәсілдері мен түрлері:

қала көшелерінде ілінетін суретті жарнамалар; 

қала көшелеріндегі ауыспалы-аудармалы көп нұсқалы жарнамалар; 

қала көшелеріндегі арнайы экран арқылы ұлғайтылған ролик жарнамалар; 

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін ролик жарнамалар; 

мерзімді басылым беттерінде жарияланатын фото жарнамалар; 

киімге салынатын сурет жарнамалар; 



шаруашылық тұтыну заттарына (сіріңке қорабы, сумка-пакеттер) салынатын сурет 
жарнамалар; 

кітап, дәптер, альбомдардың сыртқы мұқабасына салынатын сурет жарнамалар; 

күнтізбеде салынатын сурет жарнамалар; 

плакаттарға салынатын сурет жарнамалар; 

визит карточкаларына салынатын жарнамалар;
Жарнаманың қызметі: 

тауардың өтімділігін арттыру; 

коммерциялық мақсатта; 

жұртшылықты белгілі бір өніммен таныстыру, құлағдар ету; 

тілдің қолданыс аясын кеңейту;
Жарнаманың ерекшелігі: 

насихаттылығы; 

тартымдылығы; 

дәлдігі; 

түсініктілігі; 

тосындылығы; 

көркемділігі; 

мазмұндылығы; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет