Дәріс тезистері: №1 дәріс. Жазу және тіл дамыту мәселелері. Оны зерттеген ғалымдар


№ 4 дәріс. Мәтінмен жұмыс жүргізудің жолдары



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата02.02.2023
өлшемі455,55 Kb.
#167217
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

 
№ 4 дәріс. Мәтінмен жұмыс жүргізудің жолдары 
Мәтін автордың ойын, оның шығармашылық мүмкіндігін жүзеге асыру үшін 
дүниеге келеді. Мәтін арқылы қоршаған орта және ондағы түрлі қарым-қатынастар, 
құбылыстар, сан түрлі жағдайлар т.б. туралы хабар беріліп, оны өзге адамдардың да оқуы, 
естуі арқылы түсініп ұғынуына жағдай жасалады. Бұл күрделі қатысым әрекеті бір-
бірімен тығыз байланысып жатқан интра және экстралингвистикалық факторлар арқылы 
жүзеге асырылады. Оған мәтін, мәтінді тудырушы - автор (адресант), мәтінді 
қабылдаушы-оқырман, қабылдаушы-тыңдарман (адресат), бейнеленетін болмыс және 
өзінің ойын жүзеге асыру үшін автордың талғап, сұрыптауы нәтижесінде қолданған тілдік 
жүйесі жатады. Лингвистикалық бағыт мәтіннің тілдік ұйымдасуын анықтайды. 
Антропоөзектік бағыт 
автор - мәтін - оқырман 
қарым-қатынасын зерттейді. Танымдық 
бағыт 
автор – мәтін – болмыс
арасындағы байланысты қарастырады.
Мәтіннің түрлері: 
• 
ӘҢГІМЕЛЕУ (Оқиғаны баяндап, әңгімелеп айту. Сұрақтары: Не істеді? Не қылды? 
Қайтты?).
• 
СИПАТТАУ (оқиғаның, заттың түрін, түсін сипаттайды. Сұрақтары: Қандай? Қай? 
Қайтіп?) 
• 
ПАЙЫМДАУ (Кіріспеде айтылған ойды дәлелдеп, пайымдап түсіндіреді. 
Сұрақтары: Неліктен? Не себепті? Не үшін?).
 
№ 5 дәріс. Дербес жазылатын жазба жұмыстар: хат, күнделік. Әдістемесі 
 
 
№ 6 дәріс. Дербес жазылатын жазба жұмыстар: шығарма, өмірбаян, монолог.
Әдістемесі 
 
Өмірбаян 
– жеке адамның өмір жолы, хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылған 
ресми құжат. Өмірбаян әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Ол 
таза қағазға қолмен, кейде арнайы бланкке бірінші жақта жазылады. Онда әр азаматтың 


аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген 
оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. Қосымша мәліметтер 
көрсетіледі.
Монолог
(грекше – monologos, mono – бір, logos – сөз) – бір адамның өз ойын, 
көзқарасын білдіруі. Монологтік сөйлеу дегеніміз – бір адамның өз ойын, пікірін ұзақ 
уақыт жүйелей, сабақтай баяндауы. Монологтік сөйлеуге оқушылардың белгілі бір 
тапсырманы түсіндіруі, мұғалімнің жаңа тапсырманы баяндауы, хабарлама, баяндама 
жасауы жатады. 
Оқушылардың монологтік сөйлеу дағдыларын сыныпта және сыныптан тыс 
кездері қалыптастыруға болады. Мектеп оқушыларының монологтік сөйлеу 
дағдылары, әсіресе, ана тілі және қазақ тілі пәндерінде (әңгімелерде, ертегілерде, 
нақыл сөздерді,өлеңдерді оқуда) қалыптасса, ал сыныптан тыс кездерде мұғалімнің 
басшылығымен оқушылардың баяндама, реферат, ғылыми жұмыстарды қорғау 
кезінде қалыптасады.
Сөйлеу мақсатына қарай монологтік сөйлеу үш негізгі типке бөлінеді: 
ақпараттық, сендіруші және орнатушы.
Ақпараттық сөйлеу – білім беру үшін қызмет етеді.Ақпараттық сөйлеудің 
әртүрлілігі – дәріс, есеп, хабарлама,баяндамалар. 
Сендіруші сөйлеу – тыңдаушының көңіл-күйіне бағытталған, мұндай жағдайда 
айтушы оның қабылдануын есепке алуы қажет. Сендіруші сөйлеудің әртүрлілігі – 
құттықтаушы, мерекелік.
Орнатушы сөйлеу

тыңдаушының әртүрлі іс-әрекет түрін қалыптастыруға 
бағытталған. Мұнда саясат сөзі, іс-әрекетке шақыру сөзі, қарсылық білдіру сөзі 
белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет