Дәріс тезистері: №1 дәріс. Жазу және тіл дамыту мәселелері. Оны зерттеген ғалымдар


№ 3 дәріс. Мәтін, оның жазбаша сөйлеуге үйретудегі рөлі



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата02.02.2023
өлшемі455,55 Kb.
#167217
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

 
№ 3 дәріс. Мәтін, оның жазбаша сөйлеуге үйретудегі рөлі 
Жазбаша байланыстырып сөйлеу тілдік таңбаның мағыналық тұтастығынан тұратын, 
тілдік қатынастың іске асуына негіз болатын қатысымдық тұлға мәтін құру арқылы 
жүргізіледі. 
Соңғы кездері әдістемелік еңбектерде мәтін тек оқу және оқыту материалы ретінде 
ғана емес, сөйлеу кезінде ойды басқаға жеткізу құралы тұрғысынан қарастырылуда.
Сөйлеушінің айтатын ойы мәтін құру арқылы жүзеге асырылатыны жөніндегі ой-
пікірлер, 
зерттеулер 
Ф.Ш.Оразбаеваның, 
С.Р.Рахметованың, 
Т.Әбдікәрімнің, 
Н.Ж.Құрманованың, А.С.Қыдыршаевтың, Б.Қалимұқашеваның, Ә.Е.Жұмабаеваның, 
Б.Қабатайдың, Н.Сламбекованың, Н.Тойбазарованың т.с.с. көптеген ғылыми-әдістемелік 
еңбектерінде қарастырылған. 
Тіл дамытудың әдістемелік негіздерін анықтаған С.Р.Рахметова шығарма және 
мазмұндама жазу жұмыстарын байланыстырып жазуға үйрету әдістемесінің негізгі 
компоненті ретінде қарастырса, Ә.Е.Жұмабаева, Г.И.Уәйісова, М.Ә.Ермекбаев т.б. 
оқушылардың байланыстырып сөйлеуін сөз және сөз тіркесі, сөйлем құрастыру арқылы 
қалыптастыруды ұсынады. Ал Т.М.Әбдікәрімнің еңбегінде бастауыш сыныпта ауызша 
байланыстырып сөйлеуді дамытуда мәтіннің үлкен мүмкіншілігі бар екендігі ашылады.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету мәселелерін зерттеген (Т.А.Ладыженская, 
Г.С.Щеголева, В.И.Капинос, Н.Н.Сергеева, М.С.Соловейчик т.б.) шетел әдіскерлері 
оқушының мәтін құру білігі мен дағдысын қалыптастыру арқылы жазбаша 


байланыстырып сөйлеуге үйретуге болатындығын көрсеткен [4].
Авторлық бағдарламамен оқытылатын (О.С.Арямова, С.А.Климова, Л.Д.Мали, 
И.С.Пескова «Речевое развитие младших школьников») әдістемелік еңбектерде де 
оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің құралы ретінде мәтінді алған 
[5]. 
Шетелдік және отандық ғылыми-әдістемелік зерттеулердегі ой-пікірлерден жазбаша 
байланыстырып сөйлеуге үйрету жеке сөздер немесе сөйлемдер құрастырудан ғана емес, 
тұтас мәтін құрастырудан тұратындығын аңғардық.
Мәтінді лингвистикалық білімнің жеке саласы тұрғысынан қарастыру ХХ-ғасырдың 
60-70 жылдарынан қалыптаса бастады. Лингвистиканың зерттеу нысаны ретінде мәтінге 
берілген анықтамалар да жетерлік. Олардың бірқатарына тән ортақ пікір бойынша, мәтін 
дегеніміз аяқталған тұтас ойды білдіретін сөйлеудің басты бірлігі.
Мәтінді толығырақ тану үшін мәтін мен сөйлемдер арақатынасын анықтап алған жөн. 
Көптеген ғалымдар мәтінді бір ғана (жай немесе күрделі) сөйлемнен тұрады деп санайды. 
Алайда жеке сөйлемнің мәтін белгісіне ие болу қасиеті өте сирек кездесетін құбылыс. 
Осы мәселе бойынша С.И.Гиндин мәтін құру заңдылығы мен сөйлем құру заңдылығын 
салыстырмалы түрде анықтағанда, олардың айырмашылығы мынада деп көрсетеді: «1-
ден, сөйлем дайын формулаға сәйкес құрылады да, мәтін жалпы ұстаным бойынша 
құрылады; 2-ден, сөйлемнің негізгі белгісі оның грамматикалық құрылымында болса, 
мәтінде - мағыналық құрылымында; 3-ден, сөйлемді грамматикалық жағынан құрғанда 
қатаң ұстанымға негізделсе, мәтінді мағыналық жағынан ұйымдастыру, яғни сөз 
таптарының ішкі байланысы еркін (икемді) ұстанымға негізделеді» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет