Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет36/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии

ЖҮРЕК ИШЕМИЯЛЫҚ АУРУЫ (Ж И А)
ЖИА – тәж артериялары атеросклерозынан, тәж қан ағымымен миокардтың оттегіге сұранысының арақатынасының бұзылысынан дамитын жүректің жедел немесе созымалы зақымдануына алып келетін процесс.
Этиологиясы.
Тәж артериясының атеросклерозы. ЖИА мен ауыратын адамдардың 95 пайызында тәж артерияларында артеросклероздық процесс табылады.
Тәж артериясының түйілуі. Атеросклерозбен зақымданған тәж артериялары түйілгенде өзегі тарылады, бұл кезде коронарлық обструкцияның көлемі 75% ұлғайып, ЖИА-ның клиникалық белгілерін туындатады.


ЖИА дамуының қауіпті ықпалдары:
Темекі шегу. Күніне ең кемінде 1 данадан үнемі шегу. Тәж артерияларының түйілуіне септігін тигізеді.

  1. Дизлипидемия: гиперхолестеринемия, гиперүшглицередимия.

  2. Артериялық гипертензия. 70% ЖИА-мен ауыратын науқастарда кездеседі.

  3. Қант диабеті. Бұл науқастарда ЖИА 3-7 есе жиі кездеседі және өлімнің және өлімнің негізгі себебі болып табылады.

  4. Гиподинамия. Дене қимылы аз адамдарда ЖИА 2 есе жиі дамиды.

  5. Дене салмағының жоғарлауы. Кетле индексі 29 немесе одан артық болса ЖИА даму қауіпі 3 есе жоғарлайды. Ең қауіптісі – майдың құрсаққа жиналуы (абдоминальды түрі).

  6. Менопауза және постменапаузалық кезең. Эстрогендердің азаюы атеросклероздың дамуын тездетеді.

  7. Алкогольді ішімдіктер жүрек тамыр жүйесіне күрделі әсер етеді және өлімді көбейтеді.

  8. Ауыр психоэмоциялық күйзелістер (стрессконорарлық профиль). ЖИА –ң дамуына немесе өрістенуіне түрткі болады.

  9. Еркек жыныс әйелдерге қарағанда ер адамдарда ЖИА жиі және еретелеу пайда болады.

  10. 40 асқан жас. ЖИА даму қауіпі жоғарлайды.

Тұқым қуалаушылық. Липидтер алмасуының тұқымға байланысты ерекшеліктері.


Патогенез.
ЖИА-ның негізгі патофизиологиялық механизмі – миокардтың оттегіге сұранысы мен тәж қан ағымымен оттегіні тасымалдау мөлшерінің арасындағы сәйкессіздік. Сәйкессіздікке әкелетін себептер:
1.Тәж артерияларының атеросклерозға байланысты органикалық обструкциясы мен инфильтрациясы, атеросклероздық түймедақтың немесе тромбтың түзілуінен тарылуы, фиброзға ұшырау.
2.Атеросклерозға ұшыраған тәж артерияларының түйілуіне байланысты динамикалық (өтпелі) обструкциясы.Артериялар түйілген кезде стенокардияның ұстамасын туғызуы мүмкін.
3.Миокардтың оттегіге сұранысы күшейгенде атеросклерозға ұшыраған артериялардың кеңуге шамасының келмеуі.Сондықтан қан ағымы тапшы кезінде, оттегінің жетіспеуінен, миокард анаэробтық метаболизмге ауысады.
4. Эндотелийлік факторлардың рөлі. Қалыптыда эндотелийлік жасушалар тамырлардың түйілуіне жол бермейді, ал тепе – теңдігі бұзылса ЖИА – ның дамуына септігін тигізеді.
5. Тромбоциттер агрегациясының күшеюі.
6. Коллатеральдық қанағымының кемістігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет