Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет84/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии

Гипотиреозбен науқастың күтімі.

Пациенттің проблемалары

Науқасты күтуде мейірбикенің ісі

1.Апатия,депрессия, галлюцинациялар
2.Әлсіздік
3.Баяу қимылдау
4.Есту, көру, есте сақтаудың төмендеуі
5.Сөйлеудің тежелуі
6.Тоңғыштық
7. Терісі құрғақ, қабыршықтанған, ісінген
8.Бұлшық еттерінің әлсіздігі
9.Тырнақтарының сыңғыштығы
10.Шашының түсуі
11. Іш қату

  • 12.Интелекттің төмендеуі

1.Қунарлы тамақтануын бақылау(қажет болса тамақтандыру)
2.Терімен шашын күту
3.Дәрігер тағайындауын дер кезінде, бұлжытпай орындау
4.Дәретке отыруын бақылау
5.Бөлмені тазалауын және желдетуін бақылау
6.Салқын тиіп қалуын бақылау
7.Жүруге көмектесу


Эндемиялық жемсау
Эндемиялық жемсау – қалқанша безінің ұлғаюы негізгі белгі боп табылатын ауру. Кең тараған ауру, жемсауға эндемиялық белгілі аймақтарда кездеседі. Дүние жүзінде 200 млн астам науқас адам кездеседі.
Этиология. Негізгі себебі топырақпен суда йодтың жетіспеуінен, сол аймақта өңген тағамдада жетіспейді. Ағзаға йодтың аз мөлшерде түсүінен қалқанша безі гормондарының жеткіліксіздігі дамып, гипофиздың тиреотропты гормоны көп мөлшерде бөліне бастап, қалқанша бездің гиперплазиясын дамытып, жемсауды өсіреді.
Клиникасы. Негізгі клиникалық белгі – қалқанша безінің ұлғаюы. Аурудың басқа белгілері қалқанша бездің функциясының өзгерунен байқалады. 70-80 % жағдайларда қалқанша бездің қызметі сақталған, сондықтан жемсау эутиреоидті болып саналады.
Қалқанша бездің өсуіне байланысты түйінді, дйффузды, аралас болып бөлінеді. Түйінді жемсау – қалқанша без ұлпасының бір бөлігінің буын тәрізді дөнгеленіп өсуі. Диффузды жемсау – қалқанша без ұлпасының бір келкі жайіліп өсуі. Жемсау үлкейген сайын көрші жатқан мүшелерді қысады, әсіресе жатқан кезде. Науқасты ң тынысы нашарлау, жұтынуы қиындау, басы соққылап ауруы мүмкін. Қалқанша бездің функциясы төмендегенде, әлсіздік, бас ауру, жылдам шаршағыштық, жүрек тұсында жағымсыз сезім дамиды. Ал, функциясы жоғарласа тиреотоксикоз белгілері пайда болуы мүмкін – қозғыштық, жүдеу, жүрек соғуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет