Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет81/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии

Бейімдеушң фактор. Генетикалық бейімділік.
Клиникасы. Науқастардың шағымы –әлсіздік, қалқанша бездің ұлғаюы (жемсау), көз белгілері, жүректің қатты соғуы, кейде жүрек тұсында шаншийтын ауырсыну, жүйкесінің тозуы, қозғыштық, жылауықтық, ұйқысының бұзылуы,тәбеттің жоғарлауы, бірақ тез жүдеу, жиі іші өту, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, терлегіштік, тынымсыздық, әйелдерде етеккір циклының бұзылуы.
Объективті: науқастар тынымсыз, жыбырлап қимылдай береді, саусақ қолдары дірілдейді (тремор), көп сөйлейді бірақ ойын аяқтамай басқа мәселеге айналып кетеді, терісі нәзік, жұмсақ, ылғал, ыстық, тері асты майы жұқарған, тахикардия - минутына 100-150-ге дейін, кейде аритмия, жүрек ұшында систолалық шу. Ауыр түрде – жүрек шамасыздығы байқалады: бауыр ұлғаяды, аяғы ісінеді, көгеру байқалады.
Көз белгілері: көзінің жылтырауы, экзофтальм(бадрақ көз), кірпігін сирек қағуы, «қадалып» қарау ( Штельгваг белгісі), көз алмасын төмен түсіргенде жоғарғы қабағының қалып қалуы (Грефе белгісі), конвергенциясының әлсіздігі (Мебиус белгісі).
Қалқанша бездің ұлғаюы дәрежесі:
0 – қалқанша без сипағанда анықталмайды.
І-дәрежесі – қалқанша без көзге көрінбейді, сипағанда анықталады.
ІІ-дәреже - қалқанша без көзге көрінеді, сипағанда анықталады, бірақ мойын конфигурациясын өзгертпейді.
ІІІ-дәреже - без мойын түрін өзгертеді, жуандатады.
ІV-дәреже – жемсау үлкен, жақсы көрінеді.
V-дәреже – жемсау көрші мүшелерді қысады.
Диагностикасы. Перифериялық қанда – анемия, лейкопения. Биохимиялық зерттеуде – гипохолестеринемия, гипоальбкминемия, кейде – гиперкалиемия. Негізгі зат алмасу көтерілген. Қанда қалқанша без гормондары өзгерген: трийодтиронин(Т3), тироксин(Т4) мөлшері көбейген, гипофиз тиреотропты гормоны(ТТГ) қалыпты немесе төмендеген. Аспапты зерттеулерден – қалқанша безді сканерлеу және УДЗ.
Асқынулары. Тиреотоксикалық криз, қан айналымының шамасыздығы, қалқанша безінің рагі.
Тиреотоксикалық криз. Бұл жағдайда тиреотоксикоздың белгілері кенеттен, тез арада пайда болады: науқаста қозу байқалады, тынымсыздық, дене қызуы 39-400 С, бұлшық еттерінің әлсіздігі, кейде парез, паралич болуы мүмкін, адинамия. Терісі қызарады, тершеңдік, қан қысымы төмендейді, тахикардия - минутына150 ретке дейін, қусу, іштің өтуі, кейде сарғаю, лейкоцитоз. Науқаста жедел жүрек- тамыр шамасыздығы және бауырдың жедел атрофиясы дамуы мүмкін. 1,5-2 тәуліктің ішінде 30-50% науқастарда криз өліммен аяқталады.
Емі. Жеңіл түрде – амбулаториялық ем, орташа, ауыр түрінде – стационарлық ем.
Науқастарға физикалық, психикалық тыныштық тағайындайды. Емдәмінде – ақуызға, дәрумендерге (А,В,С) мол тағамдар.
Консервативті ем: Тиреостатикалық препараттар – тирозол, мерказолил (метилмазол) 30-60 мг/т бастап 5 мг/т түсу, 1-1,5 жылға дейін; дийодтирозин 0,05 х 2 рет/т; Люголь ерітіндісі 5-10 тамшы х2р; метилурацил 0,2 х 2-3р 6-8 айға.
Радиобелсенді йод 2-4 мг к/т; анаприлин 40-100 мг/т, тразикор 40-200 мг/т, спесикор, корданум.
Глюкокортикоидтер: преднизолон 15-30 мг/т.
Иммунотүзетушілер: Т-активин, зимозан, левамизол 150 мг х 1 рет 5 күнге.
Гемосорбция, плазмаферез.
Симптоматикалық ем: феназепам, жүрек гликозидтері, капотен, коринфар, диуретиктер, эссенциале, карсил.
Витаминотерапия. Хирургиялық ем. Диспансерлік бақылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет