Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет79/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии

Бүйректің созылмалы шамасыздығы.
Бүйректің созылмалы шамасыздығы – нефрондардың азаюынан, қалған нефрондардың функциялық кемістігінен дамитын , ақырында гомеостаздың бұзылысына әкелетін бүйректің экскрециялық және инкрециялық функцияларының жетіспеушілігі.
Этиологиясы, патогенезі. Бүйректің созылмалы шамасыздығы – бүйректің көптеген созылмалы ауруларының ақырғы сатысы. Бұған әкелетін аурулар: гломерулонефрит, пиелонефрит, интерстициялық нефрит, геморрагиялық васкулит, жүйелі қызыл жегі, қантты диабет, несеп тас ауруы, гидронефроз.
Бүйректің негізгі функциясы – ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостазды ) сақтау. Нефрондардың 75 % - дан артығы жойылған кезден азот шлактарының деңгейі айқын жоғарылайды (мочевинаның, креатининнің ). Тірі қалған нефрондардың саны 10%-дан аз болған кезден диурез азаяды, науқас олигурия күйіне түседі, уремиялық токсиндермен деңгейі жоғарылайды ( мочевина, креатинин ), яғни терминальді уремия дамиды.
Клиникалық көрінісі. Аурудың ағымында екі саты айырады: консервативті және терминальді.
Консервативті ( компенсацияланған) сатысында нефрондардың азаюынан , қалған нефрондарға осмостық күш түсүі жоғарылайды. Осыдан зәрдің мөлшері көбейіп полиурия , никтурия яғни изостенурия, гипостенурия пайда болады.
Бұл кезде клиникалық көрінісінде: шөлдеу,зәр мөлшерінің көбеюі, әлсіздік , шаршағыштық, тәбеті төмендейді, жүрегі айныйды, басы ауырады, мұрын оқта – текте қанайды, көздің көруы нашарлайды, анемия немесе ацидоздың салдарынан болатын ентікпе. Содан көп кешікпей бүйректің сүйықтықты бөлу қасиеті төмендейді.
Терминальді ( декомпенсацияланған ) сатысында бүйрек шамасыздығы өрістей келе диурез азаяды (600-800 мл ). Бұл кезде науқастардың қабақтары, беті сәл ісінкі, тері жамылғылары құқыл, құрғақ , жүрек айну, құсу, ықылық анорексия, іштің өтуі. Қышынудан тері бетінде қасынудың іздері болады. Ауызынан уремиялық иіс - аммиактың иісі шығады. Анемия барлық науқастарда заңды түрде дамиды.
Уытты энцефалопатияның көріністері пайда болады: ұйқышылдық, енжарлық, ұйқы ырғағының бұзылуы, Куссмауль тынысы, парестезиялар, көп кешікпей оған уремиялық перикардит және уремиялық кома қосылады.
Емі. Емнің негізгі салалары гипертониямен, анемиямен, су электролиттік баланстың бұзылысымен және организмде уытты заттарының жиналуымен күресу шараларынан құралады.
Диетотерапияда диетаның құрамындағы белоктың мөлшері шектеледі. Сұйықтықтың мөлшері шектелмейді ( 1,5-2 л кем болмауы тиіс ).
Диурез азайған сайын , фуросемидтің дозасын біртіндеп көбейтіп ішкізеді (2-4-6-10 таблеткадан). Көк тамырға 100- 200 мл 5% натрий гидрокарбонаты, гипотензивтілер, антибиотиктер, транквилизаторлар, нейролептиктер, преднизолон, анемияны емдеу. Терминальды сатысында науқасқа үнемі гемодиализ, перитонеальді диализ жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет