Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет83/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии

Этиологиясы. Біріншілік гипотиреоз туа болған бездің кемістігінен және радиобелсенді йодпен немесе антитиреоидті(мерказолил, тирозол) дәрілерімен емдегенде, жедел қабыну пролцесстерден және қалқанша безге операциядан кейін дамиды.
Екіншілік гипотиреоз гипоталамус немесе гипофиздің алдыңғы бөлігі нің зақымдануында дамиды.
Клиникасы. Ауру баяу басталады, кейде науқастар аурудың алғашқы белгілерін есіне түсңре алмайды. Негізгі шағымдары - апатия, әлсіздік, ұмытшақ, тоңғыш, іш қатуы, қоршаған ортаға немқұрайлық, жұмысқа қабілетінің төмендеуі.
Объективті: науқас адам бір-біріне ұқсас келеді – сөйлеуі жәй, естуі төмен, дауысы жуан, қарлыққын, қимылы баяу, тежелген, жылы киінеді,көруы нашар, мимикасы төмен, көзі кішірейген, жылтыры жоқ, науқас ісінген- жоғарғы және төменгі қабақтары, еріні, беттері,ауыз қуысы,көмейі, сондықтан тілі аузына сыймай шығып турады.Кейде тілдің шетінде тістің іздері. Тері қабаттары боз, құрғақ, қалын, суық, ісінген теріге басқан кезде іздер қалмайды. Тырнақтары, шашы сыңғыш.Дене қызуы төмен, брадикардия, жүрек тондары әлсіз.Жиі жүрек ишемиялық ауру қосылады.
Орталық жүйке жүйесі жағынан - интеллект төмен, депрессия, психоз, сандырақтау, галлюцинациялар болуы мүмкін. Науқастарды емдемесе кретинизм дамиды.
Диагностика. Қанда – анемия, гиперхолестеринемия, гипоальбуминемия. Негізгі зат алмасу 50%-ға дейін төмендеген. Қанда қалқанша без гормондары: трийодтиронин(Т3), тироксин(Т4) мөлшері төмендеген. Аспапты зерттеулерден – қалқанша безді сканерлеу.
Емі.
Жеңіл түрде – амбулаториялық ем, орташа, ауыр түрінде – стационарлық ем.
Науқастарға физикалық, психикалық тыныштық тағайындайды. Емдәмінде – ақуызға, дәрумендерге (А,В,С) мол тағамдар.
Консервативті ем: Тиреоидты гормондардың орнын толтыру терапия – тиреоидин, тиреотом, тирекомб, үшйодтиронин, Л- тироксин.
Симптоматикалық ем, жақсы күтім,массаж, суға жүзу, дене шынықтыру, иглорефлексотерапия.
Кретинизм дамыған кезде науқасқа толық күтім қажет: тамақтандыру, үлкен дәретке отырғызып одан кейін астын жуу, жуындыру.
Диспансерлеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет