1.6.2 Шекаралық теміржол станциялары
Қазақстан-Ресей шекарасында 22 бекеттің тек біреуі ғана қажетті деңгейдің 50%-на жабдықталған. Сондықтан «КТЖ» АО алдында жуық арада барлық өткізетін теміржол бекеттерінің жабдығын қажетті деңгейге жеткізу міндеті тұр.
Өткізетін теміржол бекеттері (ӨТЖБ) Қазақстанда өндірілетін тауарларды шекара сыртына бажсыз әкелу және апарудың алдын алуға; контрабандалық тауарды шекара арқылы өткізіп жіберудің алдын кесуге; әкелінетін және шығарылатын жүктердің құжаттарының дұрыс ресімделуін тексеруге; Мемлекеттік шекараны қиып өтетін азаматтардың паспортын тексеруді жүзеге асыруға арналған.
Өткізетін теміржол бекеттері (ӨТЖБ) шекараға жақын учаскелік, жүктік, сұрыптау станцияларында ұйымдастырылуы мүмкін. Шекаралық теміржол станциясында шекаралық бақылау (жолаушыларды визалық және шекаралық тексерумен қоса), жүктерді (тауарларды) кедендік толық тексеру және тасымалданатын және олардағы жүкке берілетін құжаттарды тексеру, иммиграциялық, санитарлық-карантиндік, мал дәрігерлік және фитосанитарлық бақылау, вагондар мен контейнерлердің шанақтық номерлеуін және олардың бір елден бір елге көшуін есепке алу жүргізіледі.
Шекаралық станцияда поездарды өткізу және қызмет көрсетуге байланысты операциялар: поездарды қабылдау және жөнелту, құрамдарға техникалық және коммерциялық тексеріс жүргізу, вагондарды ағытусыз жөндеу, ағытылған вагондарды ауыстырып қою бойынша маневрлік операциялар орындалады.
Осы операцияларды орындау үшін шекаралық станцияда жолаушылар қозғалысына арналған қабылдап-жөнелту жолдары, жүк қозғалысына арналған қабылдап-жөнелту жолдары, тартымдық және жүріс жолдары, аялдамасыз жүк вагондарын өлшеуді қамтамасыз ететін таразы және келген құрамдарды ағыту, жабдықтау жолдары мен локомотивтер тұратын жолдар, вагондарға техникалық қызмет көрсету бекеті болуы керек.
Станцияда орналасқан өткізетін теміржол бекеттерінде (ӨТЖБ) кедендік және шекаралық бақылауды қамтамасыз ету үшін: аспалы көпіршесі мен құрамның үстінен бақылайтын және тексеретін кабинасы (кабинаның өлшемдері 1,5х1,5х2м) бар эстакадалар болуы керек;
- поездар құрамын төменнен қарауға арналған толық тексеру құдықтары (1х2х1,5м), шекаралық және кедендік толық тексеру жүргізетін қызметкерлерге арналған бөлме;
- кідіртілген жүктерді ауыстырып тиеу және толық тексеру бекеті (КЖТБ);
- көмекші иттерге арналған бөлме.
Құрамдардың АДКп келуі және АДКо жөнелту бойынша радиациялық бақылау құрылғылары (станцияның екі алқымына да орнатылады).
Станция аумағы биіктігі 2 м сигналдық қоршаумен (шарбақ), қақпамен және кіретін, әрі шығатын дарбазамен жабдықталуы тиіс. Шарбақтың ішкі периметрі бойынша сигнал беру құрылғыларын орнату үшін ені 8-12 м топырақ төгу қарастырылуы тиіс. Забор және теміржол жолдарының бойымен кем дегенде 50 люкс жарықтандыруды қамтамасыз ететін шырақтар орнатылуы тиіс. Кідіртілген жүктерді толық тексеру және қайта жүктеу үшін, ағытылған вагондарды өңдеуге арналған кідіртілген жүктерді толық тексеру бекеті (КЖТБ) қарастырылады. КЖТБ түйісуі тартымдық немесе сұрыптау жолдарына (олар болған кезде) қарай жүзеге асырылады.
Өткізетін теміржол бекеті (ӨТЖБ) және кідіртілген жүктерді толық тексеру бекеті (КЖТБ) бар шекаралық теміржол станциясының сұлбасы 1.6-суретте келтірілген.
1.6 - суретте келтірілген станцияда 1, 3 және 4 жолдар жолаушылар поездарын қабылдауға арналған. Жолаушылар поезы шетелден келген кезде поезд локомотивін ағыту немесе шекараға жөнелтілетін поезға тіркеу, немесе 17 тоқтап тұру жолына жинастыру жүргізіледі. ҚР аумағынан жөнелтілетін поездың келуіне қарай барлық бақылау түрлерін, техникалық және коммерциялық тексеруді жүргізгеннен кейін поезд локомотивін тіркеу жүргізіледі де, поезд жөнелтіледі.
1.6 - суретте кідіртілген жүктерді толық тексеру бекетінің (КЖТБ) сұлбасы көрсетілген.
Жол арасында қатты жабын болуы керек (асфальт немесе темір бетон плиталар). Жол арасының ені кем дегенде 5,30м қабылданады.
Сонымен қатар станцияда ПТО, вагондарды жөндеу жолдары, сонымен қатар бірлескен жөндеу бекеті (ПЧ, ШЧ және ЭЧ) орналасады.
1.6 -сурет - Шекаралық сатнция сұлбасы:
1 – жолаушылар ғимараты; 2 – толық тексеру құдықтары; 3 – толық тексеру көпіршесі; 4 – жартылай вагондарды толық тексеруге арналған эстакада; 5 – локомотивтердің тұру жолдары; 6 – вагондарды жөндеу жолдары; 7 – ПТО; 8 – иттерге арналған торлы қоралар; 9 – кинологиялық қызмет блогы; 10 – таразы; 11- қорғаныш қоршаулар.
Тақ санды жүк поездары - ПО 1 паркі жолында, жұп сандылар ПО ІІ паркі жолында қабылданады, поезд локомотивін ПО ІІ паркінен алып тастау үшін 13 тұйық және 12 жүріс жолы бар. Станцияда локотивтердің тұратын жолдары (5) және ЖҚ жабдықтау құрылғылары болады.
Алқымдарында төменнен келетін құрамдарды тексеруге арналған толық тексеру құдықтары (2) және құрамдарды жоғарыдан тексеруге арналған толық тексеру көпіршелері (3) орнатылады. Эстакада 4 жартылай вагондарды толық тексеруге арналған. Жеке жағдайларда платформамен жабдықталған тұйық жол қарастырылуы мүмкін. Аялдамасыз жүк вагондарын өлшеу және келген поездарды ағыту үшін алқымында таразы орнатылады (10).
1.7-сурет - Кідіртілген жүктерді қайта тиеу және толық тексеру бекеті:
1- вагондарды, контейнерлерді және кідіртілген жүктерді толық тексеруге арналған жабық қойма; 2 – контейнерлер мен ұзын өлшемді жүктерге арналған алаң; 3 – өзі жүретін және доңғалақты жүктерге арналған платформа; 4 – таразы; 5 – вагоннан вагонға ауыстырып тиеуге арналған биік платформа; 6 – әкімшілік-тұрмыстық корпус; 7 - бақылап-өткізу бекеті; 8- сигнал беру жүйесімен қоршау; 9- кідіртілген вагондардың тұруына арналған жолдар.
Кідіртілген жүктерді қайта тиеу және толық тексеру бекетінің кідіртілген вагондар тұратын жолы (9), вагондарды, контейнерлерді толық тексеруге арналған ангар типті және жаппамен жабдықталған биік рампалы кідіртілген жүктерді уақытша сақтайтын жабық қоймасы болады. Ұзын өлшемді жүктер мен контейнерлерді сақтауға төрт тағанды кранмен (2) жабдықталған алаң бар. Жеке вагондарды өлшеу үшін таразылар (4) болады. Өзі жүретін және доңғалақты жүктерді түсіру үшін аппарельді (пандусы бар) биік платформа (3) болады. Кідіртілген жүктерді толық тексеру және қайта тиеу жаппалы биік платформада жүргізіледі (5).
Достарыңызбен бөлісу: |