Дәрістер жинағы kkkzhN 307 «Көлік құрылыстары мен құрылғыларын жобалау негіздері» пәні 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы 6B11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды


Теміржол тораптарының мақсаты және жіктелуі



бет12/27
Дата31.03.2023
өлшемі3,3 Mb.
#173459
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Байланысты:
ДӘРІСТЕР 2

1.7 Теміржол тораптарының мақсаты және жіктелуі

Теміржол тораптары бірнеше теміржол желілерінің қиылысқан немесе тоғысқан жерлерінде түзіледі.


Теміржол тораптарында жолаушыларды бір желіден екіншіге ауыстырып отырғызу, поездарды, вагондар мен жүктерді бір желіден екіншісіне жіберу қамтамасыз етіледі.
Теміржол торабына: барлық құрылғы кешені бар станциялар, басты жолдар, жалғастырғыш жолдар мен айналмалар, жете беріс жолдар, теміржол желілерінің өзара, сонымен қатар автомобиль магистральдарымен және қала көшелерімен жол өткел айырымдары, торапта орналасқан өзіндік өндірістік бірліктер (жылжымалы құрамды жөндеу бойынша зауыттар, тартымдық станция маңы, материалдық қоймалар және басқалары) енеді.
Теміржол тораптарының шекаралары бөлек кіріс бекеттерінің шекаралары: станциялар, разъездер мен посттар болып табылады.
Теміржол торабы көлік торабының бір бөлігі болып табылады. Көлік торабына, оның басты құраушысы болып табылатын теміржол құрылғыларынан басқа автомобиль жолдарының торабы, аэропорттар, теңіз және өзен порттары, құбыр өткізу көлігінің желісі, қала көлігі желісі енеді.
Теміржол торабында жолаушыларды ауыстырып отырғызу және жүктерді көліктің бір түрінен екіншісіне тиеу жүреді. Теміржол торабында көліктің барлық түрлерінің кешенді дамуы үлкен мәнге ие болады. Мысалы, жаңа портты салу кезінде жүкті порттан алып шығу және (портқа) әкелу үшін сәйкес теміржол құрылғылары және автомобиль көлігінің құрылғылары да салынуы тиіс.
Теміржол тораптары теміржол көлігінің дамуы процесінде біртіндеп құралды. Олардың сұлбасына географиялық кескіндер де, жұмыс ерекшеліктері де, жергілікті жер топографиялары да, қаланың өнеркәсіптік және тұрғын аудандарына орналастыру, торапқа жақындау саны, басқа көлік түрлерінің болуы және орналасуы, ірі өзендердің болуы және т.б. әсер етті.
Теміржол тораптарын келесі негізгі белгілері бойынша:
- пайдалану жұмысының сипаты;
- экономикалық-географиялық орналасуы бойынша;
- конструкциясы бойынша бөлуге болады.
Тораптар пайдалану жұмысының сипаты бойынша:
- шағын сұрыптау жұмысымен транзиттік жүк және жолаушылар қозғалысына қызмет көрсететін транзиттік тораптар;
- үлкен қалалар маңында орналасқан үлкен жергілікті жұмысы бар тораптар; бұл тораптар транзиттік жолаушылар және жүк ағындарына қызмет көрсетеді, сондай-ақ жергілікті жүк тасу жұмыстары мен жергілікті және қала маңындағы жолаушылар тасымалын жүргізеді;
- транзиттік операциялар болмайтын немесе шағын өлшемді құрайтын соңғы тораптар;
- теңіз және өзен порттары аймағында порт тораптары, олардың негізгі жұмыстары жүктерді теміржолдан суға және кері аударумен шектеледі;
- ірі өнеркәсіптік аудандарға қызмет көрсететін өнеркәсіп тораптары; өнеркәсіп тораптары жергілікті, ірі өндірістік және өңдеуші өнеркәсібі бар аудандарға қызмет ете алады.
Экономикалық-географиялық орналасуы бойынша халқы 100 мың адамға дейін шағын және орташа қалаларда орналасқан тораптарға; ірі өндірістік немесе өңдеуші өнеркәсібі бар аудандардағы тораптарға; теңіздер мен ірі өзендер жағасындағы тораптарға; халқы 1 млн адамнан асатын ірі қалалар тораптарына бөлінеді.
Негізгі құрылғылардың орналасу сұлбасына байланысты теміржол тораптары негізгі типтерге бөлінеді: бір станциялы тораптар;
- айқаспа тораптар;
- үш бұрышты;
- негізгі станциялардың параллель орналасуы;
- негізгі станциялардың рет-ретімен орналасуы;
- радиалды;
- тұйық;
- айналмалы;
- радиалды-айналмалы;
- радиалды-жартылай айналмалы.
Станцияның торапта орналасуы қаланы жоспарлауға және өнеркәсіптік аудандардың орналасуына байланысты. Жолаушылар станциясы, вокзал маңындағы алаң негізгі қала магистарльдарымен ыңғайлы байланысқан болуы үшін қаланың негізгі тұрғын аудандарына жақын орналасады. Торап шектерінде жолаушылар құрылғылары тораптың басқа станцияларында да болуы мүмкін, қала теміржол бойымен айтарлықтай созылған болса, аялдама бекеттері де болуы мүмкін. Жергілікті жұмыс көлеміне байланысты торапта бір немесе екі жүк станциясы болуы мүмкін.
Станциялары рет-ретімен орналасқан тораптар жолаушылар және транзиттік жүк поездарын өткізуге қолайлы. Торапта жоғары өткізу қабілеті қамтамасыз етіледі. Бірақ жақындау саны көп болса, басты торап ішілік жолға артық жүк түседі және айналманы немесе қосымша басты жолдарды жабдықтау қажеттігі пайда болуы мүмкін.
Тораптарда, ережеге сай, алыс және қала маңы қозғалысын жүргізетін барлық бағыттар үшін бір біріккен жолаушылар станциясы жабдықталады. Жолаушылар станциясын, вокзалды және вокзал маңы алаңын орнату қаланың жоспарлануымен байланысты болуы керек. Жолаушыларды вокзалдарға жылдам және ыңғайлы жеткізу мақсатында жолаушылар станцияларын қаланың орталық бөлігіне орналастырған жөн. Ірі тораптарда екі жолаушылар станциясы болуы мүмкін. Жолаушылар техникалық станциясы, құрамдардың жүрген жолдары жолаушылар станциясынан техникалық жолаушылар станциясына және кері жеткізу кезінде шағын болуы үшін жолаушылар станциясымен қатар орналасады. Тораптарда әдетте бір жолаушылар техникалық станциясын орнатады және тек ең ірі қалаларға қызмет көрсететін тораптарда ғана екі немесе одан көп жолушылар техникалық станциясы болуы мүмкін. Жолаушыларға жақсы қызмет көрсету үшін қала ішінде аялбама бекеттерін орнатады.
Ірі қалаларға қызмет жасайтын тораптардан басқа, тораптардағы сұрыптау жұмысы, бір сұрыптау сатнциясында орындалуы керек . Ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтарға қызмет көрсетін тораптарда сұрыптау станцияларының саны және орналасуы техника-экономикалық есептеулермен анықталады. Осыған орай сұрыптау жұмысы жақсы жабдықталған станциялардың аз санында шоғырлануы тиіс.
Торапта бір сұрыптау станциясы болған кезде, оның орналасуын, жүрген жолы өте аз және торапта вагондарды өте аз қайтадан істейтін, жасап шығарылған транзиттік және жергілікті вагон ағынының ең көп санын ағыммен өткізу қамтамасыз етілетіндей етіп таңдайды.
Жүк станцияларын орналастыруды жүк түрін ескере отырып, жүргізген жөн. Жаппай және ақтарма жүктер үшін арнайы жасалған жүк станцияларын өнеркәсіптік кәсіпорындар мен базаларға, жүктерді негізгі алушыларға жақын орналастырған жөн.
Сұйық отынды, қауіпті және ерекше шаңдататын жүктерді тиеу және түсіру қала аумағынан тыс салынған арнайы бекеттерде жүргізілуі тиіс. Осыған орай атмосфераға зиянды шығарындыларды қысқарту жөнінде іс-шаралар қарастырылуы тиіс.
Көлік шығындарын қысқарту үшін ірі теміржол тораптарында жүктердің қайта өңделуін жүк аудандарының аз санына шоғырландырады.
Торапта локомотивтік жөндеу кәсіпорнының құрылғыларын, поездар мен локомотивтердің ең аз тұруын жол сапарын қамтамасыз ету есебінен орналастырады. Жөндеу локомотивтік кәсіпорындарын торапта бір бекетте шоғырландыруға тырысады. Поезд локомотивтері үшін торапта жабдықтау құрылғыларын тораптың сұрыптау станцияларында, транзиттік поездарға қызмет көрсететін станцияларда, ал қажет болған жағдайда, сонымен қатар маршруттық поездарды құрастыратын және тарататын ірі жүк станцияларында орналастырады.
Вагон жөндеу кәсіпорнының құрылғыларын торапта, оның технологиялық жұмыс процестеріне сәйкес орналастырады. Локомотивтік және вагон кәсіпорындарын, оларды ең үлкен кооперацияға тартуды ескере отырып, орналастырады.
Қала маңындағы электрпоездарының құрамдары мен дизель-поездарға қызмет көрсетуге арналған моторвагонды жөндеу кәсіпорындарын жолаушылар немесе жолаушылар техникалық станциясымен қатар орналастыруға тырысады.
Торап станцияларына жете берісте және олардың алқымдарында поездардың жүру маршруттарының өзара қиылысуы болуы мүмкін. Қиылысудың үш түрі болады: шлюз құрылғысыз бір деңгейде, пост-шлюздар құрылғысымен бір деңгейде, өткізу жолдары құрылғысымен түрлі деңгейде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет