Дәрістер жинағы kkkzhN 307 «Көлік құрылыстары мен құрылғыларын жобалау негіздері» пәні 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы 6B11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды


Бұрмалы бағыттамалардың өзара орналасуы



бет17/27
Дата31.03.2023
өлшемі3,3 Mb.
#173459
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Байланысты:
ДӘРІСТЕР 2

2.5 Бұрмалы бағыттамалардың өзара орналасуы


Сұлбаның масштабты салынуы және координаталарды есептеу үшін бір жолда жатқан жапсарлас бұрмалы бағыттамалардың арасындағы арақашықтықты білу қажет. Бір жолға қатар салынатын бұрмалы бағыттамалардың түрлі өзара орналасуы болуы мүмкін. Бұрмалы бағыттамаларды өзара төсеудің бес сұлбасы бар (1.10-сурет): қарама-қарсы (1.10-сурет, а, б), бағыттас (1.10-сурет, в), параллель (1.10-сурет, г, д). Қашықтықты анықтау кезінде пойыздардың бағыты мен жылдамдығына байланысты бұрмалы бағыттамалар (В қосымшасы, 4-кесте) арасындағы тік вставкалардың шамаларын білу қажет. 1.10-суреттегі а, б, в сұлбалары үшін арақашықтықты В қосымшасы, 5, 6-кесте бойынша есептеуге немесе қабылдауға болады, 1.10-суреттегі г, д сұлбалар үшін келесі формула бойынша есептеу жүргізіледі


, (2.21)

мұндағы – жол осьтері арасындағы ең аз рұқсатты қашықтық, м;


– бұрмалы бағыттаманың айқастырма бұрышы
а, б – қарама-қарсы; в – бағыттас; г, дпараллель

    1. – cурет – Жапсарлас бұрмалы бағыттамалардың өзара төсеу сұлбалары



2.6 Шекті қадамалар мен сигналдарды орналастыру

Шекті қадамалар әрбір бұрмалы бағыттаманың артына орнатылады. Олар жол шегінде жылжымалы құрамды орналастыру шекарасын көрсетеді. Жылжымалы құрамды осы шекараларда орналастыру кезінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі және станция жұмыскерлерінің алқым жағынан жол аралығына өту мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Станциялық жолдарға арналған шекті қадамалар (рельстік тізбектермен жабдықталған қабылдап-жөнелту жолдарынан басқа) жолдың бұрмалы бағыттамасының центрінен бөлінетін осьтер арасындағы қашықтық 4,1 м тең болатын жерде жол аралығының ортасында орнатылады. Электрлік рельстік тізбектермен жабдықталған қабылдап-жөнелту жолдарында шекті қадамалардың артында 3,5 м қашықтықта оқшаулаушы жіктер орналасуы тиіс. Бұрманың центрінен оқшаулағыш жікке дейінгі жол учаскесінде стандартты вставкаларды (12,5 және 6,25 м) қолдану үшін, габариттік шарттар бойынша есептеумен салыстырғанда, бұрманың центрінен шекті қадамаға дейінгі арақашықтықты біршама ұлғайту ұсынылады.




(2.22)

мұндағы α – бұрмалы бағыттаманың айқастырма бұрышы.


Тармақталғаннан кейін жолдар көбінесе бір-біріне параллель жүреді (2.12-сурет) Бұл жағдайда шекті қадамаға дейінгі қашықтық тек бұрмалы бағыттаманың айқастырмасының маркасына ғана емес, жол аралығының еніне және қисық радиусына да байланысты болады.









Сурет 2.11 – Шекті қадаманы орнатудың негізгі сұлбасы


Бұрмалы бағыттаманың центрінен түрлі бағытта бөлінетін екі түзу жолдың арасында орнатылған шекті қадамаға дейінгі қашықтық:
, (2.23)
мұндағы p = 2,05 – тік жол осіне дейінгі қашықтық, м.
Егер бұрмалы бағыттаманың артында қисық болса, есептеулер күрделірек болады, өйткені жолдың қисық бөліктеріндегі жалпы қашықтықтардың ығысуын ескеру қажет, бұл ретте , мұнда – қисықтағы құрылыстарға дейінгі габариттік қашықтықтың ұлғаюы.
Шекті қадамаларды орнатудың негізгі жағдайлары 1.12-суретте көрсетілген. Олар үшін бұрмалы бағыттаманың маркасына, жолдар осьтері арасындағы қашықтыққа және айқаспалы қисықтың радиусына байланысты қашықтықтардың дайын кестелері бар (В қосымшасы, 7, 8-кесте).

а


б
в








Сурет 2.12 – Шекті қадамаларды орнатудың негізгі жағдайлары


Сигналдар пойыздардың қозғалыс бағыты бойынша жолдың оң жағынан орнатылады. Кіру бағдаршамдары пойызға станция жолын алуға тыйым салады немесе рұқсат етеді. Олар станцияға жанасатын әрбір темір жол желісінен тепловозды тарту кезінде кемінде 50 м және электровозды бұруға қарсы бұрмалы бағыттаманың үшкілдерінен (2.13,а – сурет) немесе бағыттас бұрмалы бағыттаманың шекті қадамасынан кемінде 300 м қашықтықта орнатылады (2.13,б - сурет). Басты жол осінен кіру сигналына дейінгі қашықтық құрылыстардың жақындау габариті бойынша қабылданады және 3,10 м құрайды.


Шығу бағдаршамдары пойыздың станциядан шығуына тыйым салады немесе рұқсат береді. Олар әрбір қабылдап-жөнелту жолына және әрбір бағыт үшін басты жолға орнатылады. Баспалдақтары бар темір-бетон немесе металл мачталарға шығу және маршруттық бағдаршамдарды орнату үшін жолдар осьтерінің арасындағы қашықтық кемінде = 5,20 м болуы тиіс.



а


б






2.13 – cурет – Кіру бағдаршамдарын орналастыру жағдайлары









2.14 – cурет – Шығу бағдаршамдарын орнату жағдайлары

Шығу және айлалық бағдаршамдарды орнатудың үш жағдайы бар (2.14-сурет):


• біріншісі - берілген жолдың ұзындығын шектейтін шекті қадама осы жолдан шығу сигналымен бір жолда орналасқан. Бұрманың центрінен сигналға дейінгі қашықтық шекті қадамаға дейінгі сол әдіспен анықталады, бірақ мәнін сигналды орнатуға мүмкіндік беретін ең аз жол аралығының жартысына тең етіп қабылдау керек. Осы жағдайға сәйкес келетін сигналдарды орнатуға арналған қашықтықты В қосымшасы, 9-кесте бойынша қабылдауға болады;
• екіншісі - осы жол үшін шекті қадамасы бар әр-түрлі жол аралықтарында орналасқан сигнал оқшаулағыш түйіспесі бар тұстамада, яғни шекті қадамадан кейін 3,5 м қашықтықта орнатылады;
• үшінші - шығу сигналы, оның артында қарсы (қарсы), бұрмалы бағыттама салынған, рамалық рельстің түйісуі бар тұстамада, яғни бұрманың центрінен қашықтығында орнатылуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет