а) Иммуностимуляторлар (иммунокуаттандырғыш дәрілер) Бұл топ препараттары жасушалық және гуморальды иммунитетті күшейтіп, иммуннотапшылық жағдайда қолданылады.
Жануарлардан алынган иммуностимуляторлар. а) Тимус препараттары: Тималин, тактивин (Т-активин), тимоптин, вилозен - Т лимфоцитгердің құрамын көбейтіп, жасушалық иммунитетті фагоцитозды, регенерация процестерін күшейтеді. Ірі қара малдардың айырша безінен алынған сығынды препараттар. Созылмалы іріңді және қабыну процестерінде, созылмалы сепсисте, үзақ уақытқа созылатын микробтық, вирустық және саңырауқүлақ ауруларында, күйікте, ойық жараларында, онкологиялық ауруларынын сәулелі химиотерапиясында, жарақаттан кейін және операциядан кейінгі жүқпалы асқынуларды алдын алуда қолданылады.